Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет282/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Ақпарат және нұсқаулар
Зерттеуіңізге сенім артуға және респонденттің өзін игі іске үлес қосушы 
ретінде сезінуіне мүмкіндік беретін анықтама ақпараты болмаса, сауалнама 
толық емес болып есептеледі. Анықтама ақпараты: демеуші ұи�ым/университет; 
сауалнаманың мақсаты; құпиялыққа/анонимдікке кепілдік беру; кері қаи�тару 
мерзімі мен қаи�тарма мекенжаи�ы туралы ақпарат; уақыт бөлгені/көмектескені 
үшін рақмет аи�ту.


293
БАСТАПҚЫ ДЕРЕК: сауалнама, сұхбат және бақылау
Нұсқаулық та өте маңызды. Сізге түсінікті жағдаи� респонденттерге түсініксіз 
болуы мүмкін. Нұсқаулықтар сауалнаманың әрбір бөлімін таныстыруы керек. 
Әрбір сұрақ анық және нақты болсын. Әр сауалға қатысты мысал келтіріліп, 
нақты сауалнама сұрағынан аи�ырмашылығы бірден баи�қалуы қажет. Әртүрлі 
қаріп қолдануды ұсынамын – стиль, өлшемді өзгертіп, қара бояулы, көлбеу, асты 
сызылған сөзді қолдануға тырысыңыз. Нұсқаулығыңыз мүмкіндігінше ұғынық-
ты әрі паи�далы болуы үшін бірнеше драфт қажет болатын шығар. Фидбәк және 
кеңес алу үшін өзге зерттеушілерге, әріптестеріңізге және пилоттық тобыңызға 
хабарласыңыз.
Ұйымдастыру және көлем
Сауалнаманың барлық элементі даи�ын болған соң, тым ұзақ немесе тым 
қысқа қылмаи�, логикалық форматта орналастырыңыз: тым қысқа болса, өзі-
ңізге қажет барлық дерекке қол жеткізе алмаи�сыз; тым ұзақ болса, сауалнама-
ңызға жауап бермеуі, толық жауап бермеуі немесе жобалап жауап беруі мүмкін. 
Сұрағыңызға жауап беру үшін респонденттер бірнеше минут қана уақыт бөлуі 
ықтимал. Көбірек уақыт бөлуін сұраңыз, әи�тпесе олар сізге көп көмектесе ал-
маи�ды. Сауалнама көлемі – пилоттық тест кезінде бағалаи�тын анкетаңыздың 
бір аспектісі. Респонденттен сауалнаманың жалпы көлемі мен оны толтыруға 
кеткен уақыт туралы ои�ын міндетті түрде сұраңыз. 
Сауалнаманың логикалық ұи�ымдастырылуының бірнеше бағыты бар. 
Біреулер респондентті «қыздырып алу» үшін сауалды демографиядан бастауды 
ұсынады. Енді бірі өзіңіз үшін маңызды сауалдан бастап, демографиялық ақпа-
ратқа қатысты сұрақпен аяқтауға кеңес береді. Сауалнамаңызға қаи�сысының 
дұрыс келетіні сұрағыңызға және респондентіңіздің сипатына баи�ланысты. 
Дұрысын анықтаи� алмасаңыз, анкетаңыздың екі түрлі нұсқасын пилоттық тес-
тіде қолдануыңызға болады.
Тағы бір кеңес: сауалнамаңызды үркітетін, тіл тигізетін, қолаи�сыз, қиын сұ-
рақтармен бастамаңыз. Респондентіңізді сауалнамаға ден қои�ғызу және шетін 
сұрақты анкетаның соңына қараи� қою өте маңызды.
Форма мен дизайн
Концепцияңызды операционалдап, нақты да ұғынықты сұрақтар жазып, 
толық ои�ластырылған, лаи�ықты жауап санаттарын таңдап, оған түсінікті нұс-
қаулық қосып, қисынды әрі орындауға ыңғаи�лы формада әзірлеп, «жақсы» сауал-
нама жүргізу үшін осылар жеткілікті деи�тін шығарсыз. Қателесесіз! Эстетиканы 
ұмытпаңыз!
Сауалнамаңыз кәсіби болмаса (сапасыз фотокөшірме, нашар баспа, ретсіз 
және тартымсыз пішін жəне т.б.), екі бірдеи� кедергіге тап боласыз. Біріншіден, 
кәсіби емес, эстетикалық тартымды формасы мен дизаи�ны жоқ сауалнаманы 


294
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
респонденттер аяқтамауы мүмкін. Екіншіден, сауалнамада сұрақтар ретсіз қо-
и�ылса, сауалдар реті тым жақын немесе шашыраңқы орналасса, респондент-
тердің қателесу ықтималдығы күрт артады. Сондықтан сауалнаманы кәсіби 
тұрғыда жасауға жұмсаған күш-жігер көп нәтиже береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет