Сұхбатты қалай жүргізесіз: құрылымданған ба, әлде еркін бе? Құрылымдалған сұхбат. Алдын ала белгіленген
сұрақтарды алдын ала белгіленген тәртіппен,
стандарт бойынша қою әдісі. Түрткі және туын
-
даушы сұрақтар алдын ала белгіленеді және
белгілі бір жағдайларда қолданылады. Сұхбат
беруші тақырыптан ауытқып кетпеуі үшін сұхбат
алушы, негізінен, ресми стильді қолданады.
Бұл – стандарт деректерді мақсат еткен сұхбат
үшін ең қолайлы әдіс. Тәжірибесі жоқ сұхбат
алушы әдетте осы құрылымданған сұхбат әдісін
қолайлы көреді.
Сұхбат алу – белгілі бір тақырып аясы не
-
месе мәселе бойынша сұрақтарға ашық жауап
іздейтін, зерттеушілердің қатысуымен жүзеге
асатын дерек жинау тәсілі.
297
БАСТАПҚЫ ДЕРЕК: сауалнама, сұхбат және бақылау