301
БАСТАПҚЫ ДЕРЕК: сауалнама, сұхбат және бақылау
Сұхбат кестесін және деректерді жазу жүйесін дайындау
Барлық детальдарды алдын ала жоспарласаңыз, сұхбат процесіндегі «не»
және «қалаи�» деген сұрақтарға жауап беретін уақыт келді. Не сұраи�сыз? Оны
қалаи� сұраи�сыз? Қандаи� ретпен сұраи�сыз? Жауаптардың неғұрлым ауқымды
және кең болуын қалаи� қамтамасыз етесіз? Берілген ақпаратты қалаи� жазасыз?
Сенімділік бои�ынша қандаи� тексеру тәсілдерін қолданасыз? Мұның бәрі сұхбат
берушіден алуыңыз мүмкін жауаптардың сапасына әсер етеді. 12.8-қосымшада
сұхбат кестесін жасау кезінде ескеру керек жаи�ттарды түсіндірдік.
Сөйлеу мәнеріңіз қандай? Қалжыңдайсыз ба? Қимыл-қозғалысыңызды да
ұмытпаңыз. Бейвербал ишараларды (сұхбат берушіңіз сіздің ишараларыңыз-
ды) ұғыңыз. Жанарын жасырып, өзге жаққа бұрып әкете ме, әлде тырнағын
тістей ме? Агрессияшыл ма, әлде жайбарақат па?
4.
Жаңсақ түсініктеріңіз
. Кез келген сұхбат құралдарының сенімділігін қамта-
масыз ететін ең жақсы әдістер арқылы субъективтілікті тану және бақылау.
5.
Этика/этикалық рұқсат
. Жобаңызға тән кез келген этикалық дилеммаларды
қарастыру және тиісті этикалық рұқсат алу.
6.
Деректер
. Респонденттеріңізден қандай мағлұмат алғыңыз келеді (мысалы,
естеліктер, сипаттамалар, сезімдер, ойлар, пікірлер).
7.
Детальдар
. Кездесу, уақыт (бару уақыты, сұхбаттасу уақыты, күту уақыты), ор-
наласқан жері, жазу әдісі және т.б.
8.
Ықтимал мәдени/тілдік кедергілер
. Туындауы мүмкін кез келген тілдік және/
немесе мәдени мәселелерден хабардар болыңыз және оған дайындалыңыз.
9.
Күтпеген жағдайлар
. Күтпеген, жоспарланбаған және жазатайым жағдай-
лар. Маңызды сұхбаттар болмай қалса, қосалқы жоспар дайын болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: