300
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Зерттеу нәтижелерін қолжетімді ету де дұрыс шығар. Сіз жасап жатқан зерттеу-
ге жұрттың қызығуы – табиғи нәрсе, оның үстіне, зерттеуге қатысқан кісілер
нәтижеңізді бағалауы мүмкін.
Жоғарыда аталған саяси және менеджерлік мәселелермен қоса, адамдармен
баи�ланыс орнату кезіндегі қателіктерге де назар аударған жөн. 12.6-қосымшада
көрсетілгендеи�, сұрақтан жауапқа өту – қарапаи�ым процесс. Қате түсіну мен
қате түсіндіру жиі ұшырасады.
Сұхбат процесі
Жақсы сұхбат жүргізу – сіз ои�лағаннан да әлдеқаи�да көпсатылы процесс. Сұхбат
алу барлық күтпеген жағдаи�ларды жоспарлауды; сұхбат кестесін және деректер-
ді жазу жүи�есін даи�ындауды; сынама нұсқаны әзірлеуді, процесті қажеттілігіне
қараи� өзгертуді; сұхбат жүргізуді; ақырында, деректерді талдауды қамтиды.
12.7-12.10-қосымшаларда сұхбат жүргізуге қатысты қажетті кезеңдер көрсеті-
леді әрі оларды нұсқаулық және бақылау парағы ретінде паи�далануға болады.
Жоспарлау
Сұхбат үшін жоспарлау қаншалықты маңызды? Тек бірнеше сұрақ қана қоясыз
ба? Бәрі біз ои�лағандаи� оңаи� болса ғои�. Сұхбат процесінің қыр-сырын жүи�елеи�
отырып, екі негізгі ои�ыншы бар екенін назарда ұстау қажет. Біріншісі – сұхбат
беруші. Кімнен сұхбат алатыныңызды нақты шешіп алыңыз. Екіншісі – сұхбат
алушы кісі, яғни өзіңіз. Бұл – мұқият қарастырылуы қажет рөл. Сұхбат алушы
ретінде үлкен билікке ие екеніңізді және сұхбат берушінің жауаптарына ықпал
ете алатыныңызды түсінуіңіз керек. Ықпал етудің алдын алатын бір жоспар
жасамасаңыз, нәтижелеріңіздің тұтастығына қауіп төндіруіңіз мүмкін. 12.7-қо-
сымшада сәтті сұхбат алуды жоспарлаудың маңызды сатыларын көрсеттік.
Достарыңызбен бөлісу: