304
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Сұхбат жүргізу
«Қорқынышты!». Алғашқы сұхбатты сипаттаи�тын басқа сөз таппадым.
Даи�ындығыңыз қандаи� болғанына қарамастан, бастапқыда міндетті түрде
қобалжисыз және сұхбат аяқталған соң, басқаша істегенімде ғои� деп өкінесіз.
Сұхбатқа даи�ындық барысында «Не сұраи�мын?» және «Мұны қалаи� аи�туға
болады?» деп ои�лауға көп уақыт жұмсауыңыз мүмкін, бұл өте маңызды. Бірақ
тыңдаи� білу әлдеқаи�да маңызды. Сұхбат алудың басты қағидасы – сөи�легеннен
гөрі көбірек тыңдау.
Негізгі мәселе – сұхбат берушіні жауап беруге ынталандыру. Мұны үлкен се-
німмен жүзеге асыру үшін мынадаи� дағдылар қажет: алдын ала даи�ындық жасау;
респондентті жеңіл әңгімеге тарту; жауап беруге ынталандыратын сұрақ қою;
процесті тиімді басқару; рөліңізді дұрыс атқарып, сұхбатты дер кезінде тоқтату.
Алдын ала дайындық
Алғашқы сұрақты қои�мастан бұрын, бірнеше маңызды шаруаны бітіру керек:
кездесу уақытын ертерек белгілеу
– жол жүру уақытын, сұхбаттасу уақытын,
күту уақытын ескеріңіз;
уақытында келу
– біреуді күттіріп қои�саңыз немесе
кездесуге бара алмаи� қалсаңыз, өзара түсінік орнату қиын және екінші рет кез-
десу мүмкіндігі тумауы да ықтимал;
таспаға жазу жабдықтарын орнатып,
тексеріп көру
– мұны алдын ала даи�ындап қои�ыңыз, ал жылдам істелетін болса,
сұхбаттың алдында істеңіз;
өзара түсіністік орнату
– оған танысу, қол алысу,
кішкене әңгімелесу және алғыс білдіру процестері кіреді;
зерттеумен таныс
-
тыру
– кім екеніңізді, зерттеу мақсатын, сұхбатқа қатысудың маңызын және
сұхбатқа қанша уақыт кететінін аи�тып беріңіз;
этикалық мәселелерді түсіндіру
–
құпиялыққа кепілдік берілетінін, кез келген сұраққа жауап беруден бас тартуға
болатынын және қалаған уақытта сұхбатты аяқтаи� алатынын ескерткен жөн.
6.
Деректерді мүмкіндігінше тез жинақтап, реттеңіз
.
Деректі саралайтын кез
келгенде ұмытылған деталь не түсініксіз жазбадан жаман нәрсе жоқ. Жүйелі
және ұйымдаса әрекет етіңіз.
7.
Тақырыптық талдау
. Деректің нәтижесіне көз жүгіртетін уақыт келді.
Сұхбаттағы көп дерек тақырып бойынша талданады (14-тарауды қараңыз),
бірақ 30 немесе одан да көп сұхбат болса, онда статистикалық анализ жасау
керек болады (13-тарауды қараңыз).
(Бақылау парағы қосымша уеб-сайтта бар
).
https://study.sagepub.com/oleary3e
305
БАСТАПҚЫ ДЕРЕК:
сауалнама, сұхбат және бақылау
Сұхбат кезінде респондентке қолайлы жағдай жасау
Сауалнамадағы сияқты, сұхбатта да негізгі сұрақтар мен тақырыптарға кө-
шерден бұрын, жеңіл сауалдардан бастау маңызды. Сұхбатты «шетін» мәселеден
не қауіпті саналатын тақырыптан бастасаңыз, сұхбатыңыз әрі қараи� дауласуға
ұласып кетуі мүмкін. Сұхбат беруші әп-сәтте бұрылып кете алады, сондықтан
мұндаи� жағдаи�дан қалаи� шығуға болатынын ои�ластырыңыз.
Жауап беруге ынталандыратын сұрақтар қою және
жауапты жазып алуға дайын болу
«Иә/жоқ» типті сұрақ қои�ғыңыз келсе, онда «иә/жоқ» типті жауап аласыз.
Сұбатты аша түсетін және толыққанды жауап алатын сұрақ қоюға тырысы-
ңыз. Сұрақтар жан-жақты жауапқа, түрлі нұсқаларға, мәселенің тасада жатқан
жаи�-жапсарын терең тануға жол ашуы керек. Есіңізде болсын, сіздің жұмысы-
ңыз – сұхбат берушінің көсіле жауап беруіне мүмкіндік жасау. Ал бұл – жаи� сұрақ
қоюдан әлдеқаи�да маңызды шаруа.
Жауапты бірнеше тәсілмен жазып ала аласыз. Сізге, сіздің зерттеу процесі-
ңізге қаи�сысы қолаи�лы екенін бағалау үшін таспаға түсірудің бірді-екілі әдісін
сынап көру керек болады. Көп жағдаи�да сұхбат жүргізу де, жауаптарды жазып
алу да сіздің жауапкершілігіңізде болатынын ұмытпаңыз. Бірақ кеи�бір жағдаи�да
сұхбатты, тіпті аудармашыны мұқият тыңдап, әңгімеге араласа алу үшін блокнот
паи�далануға болады (12.11-қосымшаны қараңыз). Дегенмен ресурстардың әсе-
рін былаи� қои�ғанда, респондентке және сұхбат процесіне үшінші бір тараптың
ықпалы бар-жоғын ои�ластырып алу керек.
y
Бейнежазба
. Бұл тәсіл өңделмеген деректі толық сақтауға мүмкіндік береді.
Респонденттің әңгімесін, сөз мәнерін, дауыс ырғағын көрсетіп қана қоймай, ка-
мера визуал белгіні де түгел түсіреді. Алайда
бейнежазбаның әуресі көп, техни-
калық мәселе жиі туындайды, талдауға келмейтін деректі көп жинауы мүмкін.
y
Аудиожазба
. Өңделмеген деректі сақтап, кейінірек қайта тыңдауға мүмкіндік
беретіндіктен бұл тәсіл кең таралған. Сұрақ/жауап
процесін қайта жинақтауға,
өзіңізге ыңғайлы уақытта аудионы қайта қосып тыңдауға ыңғайлы. Әңгімені ау-
диотаспаға түсірудегі кемшіліктер: бейвербал ишараны түсіру мүмкін емес; де-
ректерді транскрипциялауға көп уақыт пен қаржы кетеді (жарты сағаттық сұхбат
шамамен 30 бетті құрауы мүмкін); сұхбат беруші ыңғайсыздануы мүмкін (рес-
пондент өзін қолайсыз сезінгенін түсінсеңіз, аудионы тоқтатып, блокнотқа түртіп
алуға болатынын есте сақтаңыз).
y
Сұхбаттан кейін қосымша мәлімет сақтау.
Бұл – менің сүйікті әдісім.
Сұхбат
аяқтала салысымен, ойыңыз бен әсеріңізді цифрлық диктофонға түсіріп қойы-
ңыз. Ол – сұхбатыңызға өте жақсы қосымша, пайдалы дерек. Сұхбаттан алған
әсеріңіз құнды дереккөзге айналады. Сұхбат кезінде туындаған идеяны ұмыт-
паймын дерсіз, бірақ ол ойды бірнеше сұхбаттан соң ұмытып қалуыңыз ықтимал.
Сондықтан әсеріңіз бен ойыңызды жазып қойыңыз.
306
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
y
Ескертпе жазу.
Қатаң
құрылымды ескертпеден бастап, ашық және сипаттама-
лы ескертпеге дейін әркелкі болуы мүмкін. Қатаң құрылымды ескертпе жазу
үшін көбінесе сұхбат беруші сөйлеп отырғанда арнайы форманы толтыру әдісі
жиі қолданылады. Ортақ жауапқа арналған кодтардың тізімі де керек болатын
шығар (толыққанды сұхбат жүргізілсе, ол кодтар статистикалық
талдау жасауға
жол ашады). Құрылымдалмаған ескертпе жазу түрі де бар. Ол үшін ой картасын
қолданып, тұжырымдарды сұхбат кезінде немесе сұхбаттан кейін қағазға түсіру
қажет. Әңгімелесіп отырып ескертпе жазғыңыз келсе, бір уақытта сөйлесіп, тың-
дап және жазуға тура келеді. Ол ескертпеңіздің кейін
оқи алатындай жазылуына
мән беріңіз. Оның үстіне, ескертпе жазу – талдаудың бастапқы түрі екенін естен
шығармаңыз (не жазу керек екенін өзіңіз шешесіз). Аудио немесе бейнежазба-
мен қатар ескертпе жазып отырғаным дұрыс деп шешуіңіз де мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: