Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition


-сурет. Аударма мәселесі 1 2 . 1 1 - Қ О С Ы М Ш А



Pdf көрінісі
бет303/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

12.1-сурет.
Аударма мәселесі
1 2 . 1 1 - Қ О С Ы М Ш А


307
БАСТАПҚЫ ДЕРЕК: сауалнама, сұхбат және бақылау
Процесті басқару
Сұхбат жүргізу – басқарылуы қиын, күрделі шаруа. Себебі сіз бір уақытта үш 
жұмысты атқарасыз. Біріншіден, түрткі болатын, ои� қозғаи�тын сұрақтар қоя-
сыз. Ол сұрақтар мол дерек жинауға көмектеседі. Екіншіден, сұхбат берушінің 
сөзін тыңдап, оны түсінуіңіз керек. Үшіншіден, барлық процесті басқару қажет. 
Сұхбат барысында қанша уақыт өткенін, қанша қалғанын және сұхбатты әрі 
қараи� қалаи� жалғастыру керегін бажаи�лап отырғаныңыз жөн.
Сұхбатты әрі қараи� жалғастыру үшін ои�түрткі (сұхбаттасушы жауап беруі 
үшін идея тастау) және туындатушы сұрақтар қою (мысалы, «Толығырақ аи�-
тасыз ба?», «Шынымен бе?» немесе «Неге?» деген сауалдар толыққанды жауап 
алуға көмектеседі) керек. Кеи�де таңғалған көзқарас немесе аз уақыт үнсіз қалу 
да ои�ға қозғау салады. Негізгі тақырыптан ауытқымау мен қосымша мағлұмат 
арасындағы тепе-теңдікті сақтаи� біліңіз. Құрылымды сұхбат жүргізсеңіз және 
уақытыңыз шектеулі болса, сұхбаттың бағыты мен қарқыны дұрыс екеніне 
көз жеткізіңіз. Сұхбатыңыз неғұрлым аз құрылымдалса, соғұрлым өзіңізді қы-
зықтыруы мүмкін қосымша мағлұмат білгіңіз келуі ғажап емес. Уақытты естен 
шығармаңыз және қажет деректі түгел жинағаныңызға көз жеткізген соң сұх-
батты аяқтаңыз. 
Сұхбатты аяқтау
Қорытынды сұрақ қои�ғаннан, респонденттің аи�тқысы келген сөзін тыңда-
ғаннан кеи�ін, зерттеуге үлес қосатын немесе нақтылауды қажет ететін жаи�т-
тарды анықтап алған соң сұхбатты аяқтаи�сыз. Зерттеуге қосқан үлесі мен бөл-
ген уақыты үшін респондентке алғыс аи�тып, қосымша сұрақ қои�ып, кез келген 
мәселені нақтылау керек болса, қаи�тадан хабарласу мүмкіндігін келісіп алуды 
ұмытпаңыз. Респондентке өз тарапыңыздан әлдене ұсынғаныңыз (мысалы, 
аяқталған жобаның көшірмесі) да дұрыс.
Өз рөліне адал болу
Сұхбат кезінде көп сөи�леп кетуіңіз мүмкін, өи�ткені бұл тақырып сізді қатты 
қызықтырады, ол жаи�лы негізделген пікіріңіз бар. Бірақ мұның бәрі бақылауда 
болуы керек. Есте сақтаңыз, сұхбат стилінің қандаи� болатынына қарамастан, 
сіз сенімді дерек жинауға ұмтылған зерттеушісіз. Мақсатыңыз – әлденені тү-
бірімен өзгерту, азат ету болса да, (9-тарауды қараңыз), өзгеріске деген ынта-
жігеріңіз сипаттамалық жұмысыңызға әсерін тигізбеуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет