309
БАСТАПҚЫ ДЕРЕК: сауалнама, сұхбат және бақылау
Бақылау
Өзі баяу, өзі бағаланбайтын әрі ақы төленбейтін бақылау деген іспен айналы-
сады... Ол – дүниенің жанары.
Ральф Уолдо Эмерсон
Кеи�де бақылауды бастапқы дерек жи-
нау әдісі ретінде қарастырмаи�мыз; әлеу-
меттік зерттеу саласын сауалнама мен сұх-
бат әдістері жаулап алған. Бірақ зерттеуде
бақылау әдісін қолданудың маңызды үш себебі бар. Біріншіден, «көзбен көруді»
қажет ететін кездер болады, бұл басқалар сипаттап жүрген көріністен басқаша
болары анық. Екіншіден, адамдардың жұмысы туралы әңгімесі мен нақты ісі
арасында аи�ырмашылық көп болуы мүмкін. Үшіншіден, бақылау арқылы жи-
налған дерек әдетте қолдан құрылған зерттеу әлемінен емес, шынаи�ы әлемнен
алынады. Сіз осы оқиғаның қаи�наған қазанына, іс-әрекеттің ортасына барасыз.
Бақылау қоршаған ортаны көруге, естуге, сезінуге, иіскеуге, тіпті дәмін татуға
мүмкіндік береді. Бұл шынаи�ы жағдаи�ды сезінуге және әлеуметтік қарым-қаты-
настың қаи�шылықтарын зерттеуге жол ашады. Эмерсонның сөзімен аи�тқанда,
сіз «дүниенің жанарына» аи�наласыз.
Достарыңызбен бөлісу: