Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет291/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Мәселелер мен қиындықтар
Нақты адамдармен сөи�лесіп, олардың көкеи�індегі ои�-пікірін біліп, сезімін 
өз аузынан естуден жақсы не бар? Сұхбат мұның бәріне мүмкіндік береді, бі-
рақ дерек жинаудың басқа әдістері сияқты оның да бірқатар қиындығы бар. 
Сұхбат өзара түсіністік пен сенімді қалыптастыруға жол ашады; ауқымды сапа-
лық дерекпен қамтамасыз етеді; беи�вербал ишара мен ауызша дерек жинауға 


298
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
мүмкіндік береді; жанама бағыттарды зерттеу үшін жеткілікті дәрежеде икемді; 
стандартталған сандық тұрғыда өлшеуге болатын деректерді алу үшін жеткі-
лікті дәрежеде құрылымдалған.
Бұл артықшылықтардың көпшілігі сұхбат алу кезіндегі адамдарға баи�ланыс-
ты. Кемшіліктер де осы мысалдан келіп шығады. Респондент пен сұхбат алушы 
бір-біріне неғұрлым жақындаи� түскен саи�ын, сұхбат алу процесін қадағалау 
соғұрлым қиындаи�ды. 
Сұхбат берушімен этика нормалары аясында сөи�лесу мүмкіндігі – басты 
қиындықтың бірі. Шектен шықпаи�, қолда бар билікті қалаи� қолдана алаты-
ныңыз туралы ои�ланып көріңіз. Төмендегі шарттарды ұмытпаңыз:
y
ресми байланыс жолдары мен құралдарын қолдану, оларды айналып өтпеу;
y
байланыс орнату, бірақ адамның жеке басына тиіспеу;
y
этикаға қарсы әрекет жасауға итермелемеу, басшыларын айналып өтуді сұра-
мау, оның орнына хатшылар не жауапты қызметкерлер арқылы байланысу;
y
бос мақтауға бой алдырмай, сенімге негізделген қарым-қатынас орнату;
y
қолайсыздық туғызбау, қайта ашар есікті қатты жаппау;
y
өз тарапыңыздан бірдеңе ұсыну, бірақ қолдан келмейтін уәде бермеу.
Сонымен қатар қаи�та кірер есікті ашық қалдыру үшін респондентке жақсы 
әсер қалдыратын барлық әдісті саралаңыз. Мен үшін бұл 
үй тапсырмасын орын
-
дау
іспетті. Зерттеуіңіз туралы сөи�лесуге даи�ын болыңыз. Зерттеу жобаңыз-
дың негіздемесін, мақсатын, міндетін және әдістерін аи�қын етіп белгілеу дұрыс 
жолды таңдауға мүмкіндік береді. Сондаи�-ақ зерттеуіңіздің қысқаша жоспарын 
даи�ындаңыз. Кеи�бір адам немесе ұи�ым «жауапты қызметкерлерге» көрсетуге 
және/немесе ұсынуға болатын құжат сұрауы мүмкін. Кіріспе хат «кімсің және 
қаи�дансың?» деген сұрақтарға кәсіби түрде жауап беруге көмектеседі. Кеи�де 
қатты көмектескісі келген адамыңыздың сіз қалаған кісілермен сұхбатты ұи�ым-
дастыруға құзыреті болмауы мүмкін. Тиісті ережеден хабардар болу ыңғаи�сыз 
жағдаи�лардан құтқарады.
Жақсы әсер қалдыру 
кәсібилікті
талап етеді. Кісіге әрқашан құрмет көрсеті-
ңіз. Сұхбат алу үшін дұрыс уақытты таңдаңыз, елгезектік танытыңыз, лаи�ықты 
киініңіз, өтініш аи�тқанда қарапаи�ым болыңыз. Күтпеген жағдаи�ды алдын ала 
жоспарлаңыз. Әсіресе адамдармен қарым-қатынас орнатқанда зерттеу процесі 
ои�дағыдаи� жүре қои�маи�ды. Сондықтан күтпеген жағдаи�ларға даи�ын болыңыз. 
Респондентке жетекшілік етуге тырыспаңыз, сонымен қатар олардың шын және 
нақты жауап беруіне мүмкіндік жасаңыз. Сондаи�-ақ респондент туралы пікір 
аи�тпаңыз. Адам туралы өзіне қаратып пікір аи�тсаңыз, ол ұялып я ренжіп қалса, 
сенімді дерек жинау қиынға соғады. Оған қоса, сұхбат алушы мен сұхбат беру-
шінің нәсілі, жынысы, ұлты, әлеуметтік табы мен жасы секілді сипаттар сұхбат 
алу процесіне қалаи� әсер етуі мүмкін екенін ои�лағаныңыз жөн.


299
БАСТАПҚЫ ДЕРЕК: сауалнама, сұхбат және бақылау
Болашақта респондентке қаи�та оралмаи�тыныңызға көз жеткізіңіз. Көп зерт-
теуші қажет деректі түгел жинағанына сенімді болады, бірақ кеи�інірек қаи�тадан 
оралып, респонденттің бірнеше сұраққа жауап беруін сұраи�ды. Орнына бір нәрсе 
ұсыну – жақсы стратегия. Респондентпен баи�ланысты үзбеңіз. Респондентке зерт-
теудің қалаи� жүріп жатқанын аи�тып тұрыңыз немесе алғыс хат жазып жіберіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет