Сұхбатты жоспарлау – «кім, қайда, қашан, қалай және не?» деген сұрақтарды қарастыру Сұхбаттың сәттілігі жоспарыңыздың нақтылығына байланысты болмақ.
1.
Негізгі жиынтық/іріктеме/респондент/қатысушы . Кім туралы айтасыз (негізгі
жиынтық) және деректерді кімнен аласыз (іріктеме) (11-тарауды қараңыз).
2.
Қолжетімділік . Сұхбаттағы алғашқы саты, сұхбат берушілерге этика нормала-
ры аясында қол жеткізу керегін жоғарыда талқыладық.
3.
Сіздің рөліңіз . Өзіңізді қалай таныстырасыз? Ресмилік пен шынайылық
арасында тепе-теңдікті қалай сақтайсыз? Сұхбат стиліңіз немесе зерттеу
мақсатыңыз қызметтік емес немесе бейресми жағдайға сайкес келе ме?