365
САНДЫҚ
ДЕРЕКТІ ТАЛДАУ
Статистикалық талдау жүргізу
Статистика жүргізу – формуламен жұмыс істеу деген ұғымды білдіргелі көп
уақыт өткен жоқ. Бірақ зерттеу жобасын жүргізгісі келетін барлық адам фор-
мулаларды меңгеріп алуы керек дегенге сенбеи�мін. ХХІ ғасырда статистиканы
жасау орташа мәнді, моданы, медиананы, стандартты
ауытқуларды есептеу
және кітаптың соңындағы
p
мәнін қараудан гөрі статистикалық бағдарлама-
ларды қолдана алу қабілетіне тәуелді.
Иә, бұл бағдарламалар статистика тілінің және логикасының негізгі түсі-
ніктерін талап ететіні рас. Бірақ формулаға зер салу велосипед жасауды оқып
жүріп, оны тебуді үи�ренуге талпыну тәрізді. Әрине, механикамен жұмыс істеу
сізге қолдану логикасын түсінуге көмектеседі (білімді құрастыруға көмектесе-
тін керемет дереккөздер бар). Алаи�да басты мақсатыңыз – өзге студенттердеи�
жобаны жүзеге асыру ғана болса, ол үшін салыстырмалы түрде қарапаи�ым ста-
тистикалық талдау жүргізе алу қажет десеңіз, онда: 1) өз деректеріңізбен қа-
лаи� жұмыс істеу керегін; 2) аи�нымалылардың табиғатын; 3) дескриптив және
инференциал статистиканың екеуінің де рөлі мен қызметін; 4)
статистикалық
тестілерді орнымен қолдануды; 5) деректердің тиімді түрі көрсете алуды тү-
сінуіңіз қажет.
SurveyMonkey сияқты онлайн сауалнама құралын қолданамын деп едім.
Менің ойымша, олар қажет статистикамен толық қамтамасыз етеді.
Ендеше, осы тараудың қалған бөлігін оқудың қажеті бар ма?
Енді оны өзіңіз шешесіз. Статистиканы аи�налып өткен бірінші адам
емессіз! Бірақ тарауды әрі қараи� оқу керектігіне бірнеше себеп келтіреи�ін:
1) SurveyMonkey дескриптив статистиканың негізін таныстырады, бірақ
кез келген инференциал статистика үшін сізге бағдарламаның «жауһар
топтамасы» керек, тіпті оның өзі де шектеулі. Ештеңені білмесеңіз, зерт-
теушілердің жұмысы ои�ға қонымды ма, зерттеуіңізге сәи�кес келе ме –
баға бере алмаи�сыз; 2) істің мән-жаи�ына тереңірек үңілгенде ои�ыңызды
өзгертуіңіз мүмкін және өз деректеріңізбен етене жақын болғыңыз ке-
леді; 3) тіпті ешқашан сандық зерттеу жүргізбесеңіз де,
статистиканың
тілі – білуге тұрарлық дүние. Сонда сіз өзгелер жүргізген сандық зерттеу-
дің нәтижелерін жақсырақ түсіне алатындардың қатарына енесіз; 4) бұл
тарауды сіздің профессорыңызға тест сұрақтарына қосыңыз деп өтініш
аи�туым мүмкін
.
Достарыңызбен бөлісу: