Үздік музыкалық клип
Іс жүзінде талдау сатылары қалай болатынын шағын мысал арқылы көрсеткен
дұрыс болар деп ойладым. Сонымен, музыкалық клиптерді қарастырайық. Ортақ
элементті табу үшін соңғы үш жылдағы үздік музыкалық клиптерді зерттеймін деп
ойлап көріңіз. 37 үздік хитті былай талдадыңыз:
1-кезең. Сыңаржақ пікір мен жалпы әсерді анықтау
Барлық адам сыңаржақ пікір мен жалпы әсерге ие. Мысалы, музыкалық клип-
тердің нысаны – әйелдер. Ән мәтіні мағынасыз, ал отандық клиптер түкке де тұр-
майды деп санауыңыз мүмкін. Бұл кезеңді толық орындау өте маңызды. Сыңаржақ
пікіріңіз бар екенін мойындап, мұқият зерттеу жүргізсеңіз, күткен нәтижеге жетесіз.
Келесі қадам – 37 клипті көріп, мазмұнға, сөзге, бишіге, қозғалысқа, эмоцияға,
стильге байланысты жалпы әсерді жазып алу (бұл категориялар жеке қызығушылы-
ғыңызға, түсінігіңізге және әдебиетке қарап жасалады).
Достарыңызбен бөлісу: |