Пәні: «Философия» Дәріскер: Құдайбергенова Назгүл Жанысқызы, PhD



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата01.04.2022
өлшемі364,52 Kb.
#137611
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Дәрістер-Философия 2020-2021 (1)

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Мырзалы С.Қ. «Философия» - Алматы: Бастау, 2010. 
10 Дәріс. Еркіндік философиясы 
Философиялық тұрғыдан қарағанда еркіндік ұғымы, үш бөлікте қарастырылады: 
әрекет еркіндігі мәселесі, таңдау еркіндігі мәселесі және ерік еркіндігі мәселесі. Оның 
үстіне ерік бостандығы мәселесін зерттеуге, яғни біздің іс-әрекеттеріміз бен
қимылдарымыздың соңғы негіздерін зерттеуге баса назар аударылады. Еркіндік ұғымы 
философияда орталық мәселе болып табылады. Ерік еркіндігін адамның өз іс-
әрекеттерінде өзін-өзі анықтауға негізделе отырып түсіндіруге болады. Ерік еркіндігінің 
проблемасы адам даралығы мен әмбебаптықтың қарым-қатынасы немесе ішінара, 
болмыстың жалпы тұтастықтан тәуелділігі мәселесіне негізделеді. Нақты еркіндік – адам 
болмысының шығармашылық және конструктивті жағы, ол саналы ерік-жігерді жүзеге 
асырады. 
Философияда еркіндік – бұл қызмет субъектісіне қатысты сыртқы себептерден тыс
қызмет болып табылады. Философиядағы еркіндік ұғымына әртүрлі тұрғыдан қарауға 
болады. Онтологиялық көзқарас тұрғысынан еркіндік негіз қалаушы, субстанциялық 
қағидат ретінде қарастырылады. Осылайша түсінілетін еркіндік әлемнің пайда болуын, 
оның мәнін, әлемдегі адамның орнын анықтайды.
Еркіндік мәселесіне гносеологиялық көзқарас шеңберінде адамның өз қызметін 
сезіну мүмкіндіктері мен шекаралары зерттеледі. Қызмет құралдары мен мақсаттарының 
арақатынасының мәселесі, мақсат қою алғышарттарының маңыздылығы негізінде 
талданады. Этикалық-психологиялық тәсіл еркіндікті білдіру бостандығы және басқа 
адамның еркін басуға немесе оны басқаруға (билік етуге) мүмкіндік ретінде 
қарастырылады. 
Адам ойының антикалық даму кезеңінде еркіндік көбінесе абстрактілікке 
қарамастан ақыл негізінде адам мен мемлекеттің өмірін құру мүмкіндігі ретінде 
қарастырылды. Бұл кезең бостандықты қарастырғанда оны түсінудің әртүрлі 
қағидаттарының үйлесімсіз бірлігін ажыратады. 
Ежелгі гректер қажеттіліктен, дәлірек айтқанда, адамның ақыл - ой заңдарына 
сәйкес әрекет ету мүмкіндігі ретінде түсінілетін еріктен, еркіндікті ерекшеледі.
Антикалық түсінік болмыстың әртүрлі деңгейлерінде: космоста, табиғатта және 
мемлекетте көрініс табатын себептер мен заңдылықты қамтиды. 
Осылайша, 
Демокрит 
қажеттілік 
терминін 
қолданды, 
оның 
жалпы 
детерминациялығын түсінді және осы қажеттіліктің сыртқы және ішкі бөлінуін көрсетті. 
Сыртқы қажеттілік байланыстар арқылы іске асырылады. Индивидуум сыртқы 


қажеттіліктерге байланыссыз қол жеткізе алмайды, сондықтан еркін болып табылады. 
Еркіндікті қажеттілік емес, кездейсоқтық жоққа шығарады. Демек, еркін әрекет 
кездейсоқтық емес, қажеттілікке негізделеді. Демокрит үшін еркіндік ойлаудың өткір 
мәселесі емес. Полистің азаматы детерминациялайтын тәртіптен, еркіндік әрекетін 
шектейтін ештеңе байқамайды. 
Жағдай эллинизм дәуірінде айтарлықтай өзгереді. Эпикур үшін еркіндік оның 
философиясының орталық мәселесіне айналады. Жеке адам, мемлекет мүшесі, сонымен 
қатар, әлеуметтік тәртіптің қажеттілігіне және өзінің бағыныштылығына, мәжбүрлеу 
күшіне қарсы әрекет ету қажеттілігін түсінеді деп санады. Мемлекет қалыптастырған 
құқықтық тәртіптерден ол еркін болғысы келеді. Эпикур еркіндіктің бастамасы 
Демокриттің атомдар әлемінен табылуы тиіс деп санайды. Сонымен қатар, философтың 
пікірінше, олар тек атомдарда, олардың қозғалыстарында табылуы мүмкін деп есептейді. 
Еркіндік қажеттіліктен туындауы тиіс. Эпикур атомдардың тікелей ыдырауы, бөлінуі, 
қосылуы қабілеттілігінен еркіндікті көрді. Бұл туралы В. Ф. Асмус: «бұл фантастикалық 
гипотезада ұлы ойдың жатқаны айқын болды: еркіндік, Эпикур бойынша, қажеттіліктен 
тыс және қажеттіліктен тыс емес, заттардың басты тәртібі негізделетін нақты жағдайларда
еркіндік табылуы мүмкін»,-деді. Эпикур мүмкіндік пен шындықты, еркіндікті оған 
қатысты адамның белсенділігімен байланыстыра отырып, қажеттіліктің абсолюттелуіне 
қарсы болды; ол адам еркіндігі оның өз өмір салтын дұрыс таңдау үшін жауапкершілігі 
деп ойлады. Адам еркіндігінің негізі - ол өзіне жауапкершілік негізі. Табиғаттан берілген 
әділеттілік бір-біріне зиян келтірмеу мақсатында пайдалы шарт болып табылады. 
Сократ еркіндік ақылға саналы бағыну деп түсінді, бұл адамның жай-күйін ақылға 
сыйымды еркіндік деп атады. 
Платон философиясының негізгі мазмұны идея болып табылады. Жалпыға ортақ, 
біртұтас, объективті еркін идея бар. Аристотель мәжбүрлі іс-әрекеттерден, сондай-ақ 
ақылмен және өмірдің жалпы мақсаттарымен тікелей байланысты әрекеттерден еркіндікті 
бөліп қарастырған. Аристотель үшін еркіндік адамның артықшылығы емес, оның 
табиғатының жетілмегендігі ғана болып табылады. Аристотель мемлекеттік-саяси 
құрылымның 
оңтайлы 
нұсқасын 
талдай 
отырып, 
бостандықты 
байлықпен, 
қайырымдылықпен қатар дамудың негізгі бастамаларының бірі ретінде қарастырды. 
Алайда, ол мемлекетті басқару үшін жаппай бағыну факторы қажет деп санады.
Сонымен, еркіндік – адамның өз өмір сүру әрекетін саналы – ерікті түрде таңдау қабілеті 
мен мүмкіндігі болып табылады. Ол адамның сыртқы жағдайлар мен мән-жайлардан 
белгілі бір тәуелсіздігін көрсетеді. Алайда, еркіндік адамның қасиеті ретінде абсолютті 
емес және әрдайым салыстырмалы сипатқа ие, яғни белгілі бір шеңбермен шектеледі. 
Индивид еркіндігін шектейтін факторлардың екі тобы бар: 
1. Адамның биологиялық табиғатына негізделген табиғи-биологиялық қажеттіліктері мен 
ерекшеліктері; 
2. Адамның әлеуметтік табиғатына байланысты, әлеуметтік. Бұл, ең алдымен, адам 
қалауларын шектейтін жалпы сипаттағы ережелер (әлеуметтік нормалар). Әлеуметтік 
нормаларға: мораль, дін, әдет-ғұрып, сән, корпоративтік ережелер, құқық және т.б. 
жатқызуға болады. 
Еркіндік негізгі философиялық категориялардың бірі ретінде адамның мәні мен 
оның өмір сүруін сипаттайды. Сондықтан еркіндіктің мазмұндық анықтамасы - бізге 
тәуелді емес, біздің өзімізде туылғаннан бар қасиет ретінде түсінуге болады.
Адамның еркін таңдау жасауға қабілеті ретінде еркін түсіну, ішкі немесе сыртқы 
мәжбүрлеу салдарынан тәуелсіз болу, өз ойлары мен ниеттеріне сәйкес әрекет ету 
мүмкіндігі ретінде тұлғаның рухани еркіндік алуына мүмкіндік береді. Еркіндікте 
таңдау бар, еркінсіздікте бағыну басым болады. Еркіндік - бұл рухтың жағдайы, адамның 
адамдық ерік-жігерін жүзеге асыруға ажырамас құқығын көрсететін философиялық ұғым. 
Адам еркіндіксіз өзінің ішкі дүниесін байыта алмайды және өз мүмкіндіктерін жүзеге 
асыра алмайды. Еркіндік адам өзін саналы түрде шектейтін жерде басталады. 


Адам өміріндегі кез-келген қарым-қатынас саласында әділдікке үлкен мән 
беріледі. Адам үнемі әділдікті іздейді. Әділдік категориясы этикалық тұрғыда еркіндікпен 
қатар қарастырылады. Еркіндік әділдікке тәуелді болып табылады. Осы тұста, 
адамгершілік түсінігі басты назарға алынады. Дәл осы, адамгершілік қасиеті арқылы адам 
жағдайды объективті түрде рационалдылықпен бағалай алады. 
Әділдікті іздеу үрдісі адамдарды біріктірсе, ал билік немесе даңққа ұмтылыс 
оларды жиі бір-бірінен алшақтатады. Әділдікке заң нормаларын бұзбай ұмтылу, шынайы 
әділ бола білу, адамгершілікті білдіреді. Алайда, кейде билік үшін күресте немесе басқа да 
жағдайларда бұл нормалар сақталмайды әрі ұмытылып кетеді.
«Еркіндіктен қашу» деп аталатын еңбегінде Э. Фромм былай деп жазады: әділдік 
пен ақиқатқа ұмтылу адам табиғатының ажырамас бөлігі болып табылады, бірақ ол 
еркіндікке ұмтылу барысында бұрмалануы мүмкін. Фромм әлеуметтік және жеке адам 
тарихын талдау арқылы әділдікке ұмтылуды бөліп қарастырды. Әрбір адамның 
бостандығы мен дамуы үшін күресте әділдік пен ақиқат маңызды құрал екенін тарихтан 
көре аламыз. Тарихқа көз жүгіртсек адамзаттың көп бөлігі өзінен күшті топтардың 
бодандығынан, құлдығынан қорғануға мәжбүр болды. Әрі әрбір адам балалық шағында 
қорғансыздық кезеңінен өтеді. 
Атақты психолог А. Маслоу, гуманистік психология деп аталатын бағыттың 
жетекші өкілдердің бірі. Адам ұмтылатын әртүрлі құндылықтардың бірі ретінде 
тұрмыстық құндылықтарды ерекшелейді. Оларға ақиқат, сұлулық, мейрімділік, жақсылық, 
кемелділік, қарапайымдылық, жан-жақтылық және т. б. жатқызады. Бұл құндылықтар 
индивидке өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, риясыз қуану және өзін толық адам ретінде 
сезіну үшін қажет. Тұрмыстық құндылықтарды шектеу кейде патология тудырады. 
Мысалы, өтірік айтатын адамдар арасында тұрудан адамдарға деген сенімнің жоғалуы 
пайда болады.
А. Маслоудың айтуынша, анықталған және белгілі бір эмпирикалық мағынада, егер
адам аш болса, тамақтанады немесе шаршаған кезде демалады. Ұсқынсыздықта емес, 
сұлулықта өмір сүргісі келеді. Шын мәнінде, бұл тұрмыстық құндылықтар адамдардың 
көпшілігі үшін өмірдің мәні болып табылады, бірақ көбісі оны мойындамайды. 
Ф. Ницше әділеттілікке деген ұмтылысықа жоғары баға береді: «шын мәнінде әділ 
болуды қалаған және соған ұмтылған адам ғана құрметке лайық. Өйткені әділдікте 
жоғары және сирек ізгіліктер біріктіріледі және жасырылады»,- дейді. 
Құқық тұрғысынан адам еркін, бірақ белгілі бір құқықтық шеңберден аспауы 
қажет. «Қоғамдық өмірдің ұйымдастырушы бастамасы ретінде құқық бұл функцияларды 
белгілі міндеттер мен жеке еркіндікке арналған шекараларды белгілеу арқылы 
орындайды». Демек, құқықтық нормалар жеке еркіндік шекарасын анықтайды. 
Құқық - жекелеген индивидтер, әлеуметтік бірлестіктер және жалпы қоғам үшін мемлекет 
белгілейтін бостандықтың ресми шарасы болып табылады. 
Философияда құндылық дүниесіндегі обьектілердің ерекшеліктерін адам мен 
қоғамға, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнін 
анықтау (игілік, жақсылық пен жамандық, әсемдік пен көріксіздік) үшін қолданылады. 
Кез келген халықтың өмірінде адамгершілік құндылықтарының орнығуы қоғамның 
тарихи дамуының заңды нәтижелері болып табылады. Адам құқығының адамгершілік 
мүмкіндігі басқа әлеуметтік құндылықтар сияқты ғасырлар бойы жинақталып, жаңа 
үлгінің негізінде адамның мінез-құлқын реттеуші болып саналады.
Адамның тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда, оларға адамзат баласының қол 
жеткен қоғамдық-тарихи тәжірибесімен қатар, қоғамдық-этикалық нормалар мен ізгілікті, 
адамгершілікті игеру керектігін тәжірибеден көруге болады. Адамгершілік құндылықтар 
халықтық дәстүрлерде, адамгершілік принциптерде, діни мәдениетте нақты жазылып 
қойылған және әлеуметтік ойдың озық белгілері, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік 
үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрініс 
табады. 


Адамгершілік әр адамға тән қасиет болып табылады. Адамгершілік қасиеті 
адамның 
қоршаған 
ортамен 
байланысынан, 
адамдармен 
қарым-қатынасынан, 
отбасындағы тәрбиеден қалыптасады. «Адамгершілігің төмен болса әділетті бола 
алмайсың»-деген екен француз философы Люк де Клапье Вовенарг. Яғни адамгершілік 
әділдіктің негізі болып табылады. Адамгершілік арқылы құқықтық нормаларға бағынуға, 
оны саналы түсінуге әрі дұрыс намысты қалыптастыруға болады. 
Адамгершілік құндылықтар адамгершілікті реттеуші нормалар арқылы белгіленеді. 
Адамгершілік құндылықтардан шығатын және қоғам мәдениеті мен ондағы 
құндылықтарға байланысты ерекшеленетін мінез-құлық ережелері арқылы қолдайды. 
Әрбір мәдениет жалпыға танылған адамгершілік түсініктердің немесе мораль 
нормаларының белгілі бір жүйесіне ие. Бұл ережелер осы қоғамда міндетті болып 
саналады.
Адамның рухани адамгершілік құндылықтары өмірдің мәнін іздеумен тығыз 
байланысты, адам осы өмірді жай ғана өмір сүруге және ұрпағын жалғастыруға ғана емес, 
өзінің өмір сүруінің аса маңызды мәнін табуға тырысады. Адамгершілік құндылықтар 
адамды осы мақсатқа бағыттайды.
Құқық- әрқашан адамның жеке еркіндігін шектейді. Индивидтің өзі үшін де, 
жалпы қоғам үшін де сөзсіз құндылық болып табылатын жеке еркіндікті шектеу керек пе? 
Ал еркіндік әр адамға қандай да бір шектеулерсіз тек өз қалауы бойынша әрекет ету 
мүмкіндігін бере алады ма? 
Әрине, бұл сұрақтарға нақты жауап бере алмаймыз. Ойлап қарасақ, егер адам 
құқықтық нормалар мен міндеттерден еркін болса, өзін жоғалтып алар еді. Яғни адами 
қасиеттері біртіндеп жойылып, тек қалаулар мен сезімдердің жетегінде өмір сүрер еді. 
Бұны адамгершілік тұрғысынан ар-ұят, намыс реттеп тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет