Пәні: «Философия» Дәріскер: Құдайбергенова Назгүл Жанысқызы, PhD



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата01.04.2022
өлшемі364,52 Kb.
#137611
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Дәрістер-Философия 2020-2021 (1)

Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Мырзалы С.Қ. «Философия» - Алматы: Бастау, 2010. 
 
 
8 Дәріс. Философиядағы өмір және өлім, өмірдің мәні мәселелері. 
Адам болмысының негізгі категориялары – бұл бақыт, сенім, өмір және өлім 
болып табылады. Бұл категориялар адам өмірінің мәнін анықтайды. Жалпы маңызды 
қасиеттер мен сапаларды көрсететін негізгі ұғымдар, тараптар мен шындық қатынастары – 
категория деп аталады. Осылайша, философиялық категориялар болмыстың қасиеттері 
мен арақатынасын ортақ түрде қарастырады. 
Бақыт-адам болмысының философиялық категориясын төрт ұстаным арқылы
қарастыруға болады: 
1) Бақыт-тағдырдың мейірімділігі және сәттілік. 
2) Бақыт - қарқынды қуаныш жай-күйі. 
3) Бақыт - ең жақсы игіліктерге ие болу, өмірдің оң балансын табу. 
4) Бақыт-өмірге қанағаттану сезімі. 
Осы анықтамаларға сүйене отырып, бақыт - бұл жалпы адамның өмірі ішкі 
қанағаттану сезіміне әрі барлық игіліктердің оңтайлы үйлесімі болатын құндылыққа 
байланысты қалыптасады деуге болады. Әрине, ешкім бақыт деген не екенін нақты 
білмейді және әр адам оны әртүрлі түсінеді. Ең көп таралған көзқарас бақытты 
қуанышпен байланыстырады. 


Көп 
адам 
бақытты 
өз 
қажеттіліктерін 
толықтай 
қанағаттандырумен 
байланыстырады. Мысалы: оларда барлығы бар, олар бай әрі ауқатты тұрмыс кешеді, 
денсаулықтары сыр бермейді, олар үшін физикалық және рухани рахатқа кеңелу оңай әрі 
қол жетімді яғни, бақытты болу үшін не керектің барлығы бар. Бақыт жайында ежелгі 
грек аңызы бар: бірде бай патша Крез данышпан Солоннан, бақытты адамды көрдің бе?,- 
деп сұрайды .Солон: бақытты адамды ешқашан көрмегенін және жалпы көре алмайтынын 
айтады. Сонда Крез: «Бірақ мен сенің алдыңда тұрмын, - деп ашуланды. Ең бақытты 
менмін, өйткені мен ең баймын»,-дейді. Бірақ Солон : «бұл туралы айтуға әлі ерте себебі , 
Крез әлі тірі»,- деп жауап берді. Шын мәнінде, көп ұзамай Крездің мемлекетіне жаулар 
шабуыл жасап, оның мемлекетін талқандады және өзін өлтірді. Яғни, гректер тек өлім 
өмірге аяқталған көрініс береді деп санайды. Өмір аяқталған соң ғана адам бақытты не 
бақытсыз деп жауап беруге болады. Өмір жалғасып жатқан кезде, адамды бақытты деп 
айта алмайсын,- деп санаған. Демек, бақыт – бұл ішкі тыныштықты білдіреді, қорқыныш 
пен уайымның орнына өмірдің әр өткен минуттың, қоршаған ортаның сұлулығы мен 
қасиетін бағалап түсінуден құралады. 
Сенім адам болмысының басты категорияларының бірі. Діни сенім - өте сезімтал 
тәжірибе жемісі десе болады. Бірақ көптеген адамдар үшін мұндай тәжірибе - бос дыбыс 
іспеттес. Тіпті кейде сенім қол жетімді болса да, адамдар өзіне тән аса сезімтал сипатты 
яғни сенімді байқамайды, сезінбейді. Сіз сұлулықты тамашалай аласыз, онда қиял арқылы 
сұлулық жағымды эмоциялар ғана береді. Құдайға сенуге болады, бірақ күмәндануға, діни 
тәжірибеге күмәндануға, оны иллюзия деп санауға болады. 
С.Л. Франк сенімді, ақиқатқа жан арқылы ұмтылу, тыныш әрі әрдайым бар, 
«Құдай дауысына» құлақ асу еркі деп есептеген. Бұл ерік бізді осы көрінбейтін және
біздің жанымыздың қараңғы тереңдігінен ұшқындаған «шуаққа» мән беруге мүмкіндік 
береді. Бұл ұшқыннан рухани болмыстың күннен тараған шуақ сезіледі. Демек, сенім 
руханилықпен тығыз байланыста болады. 
Өзінің түпкі мәніндегі сенім, трансценденттік жеке Құдайдың өмір сүруіне сенім 
емес, рухтың ішкі күйі, жүректің толымдылығы, баланың шынайы қуанышты секілді 
сипатқа ие. Бұл рухтың жай-күйі шексіз махаббаттың бізді жаратқан Құдайдың, шексіз 
махаббатымен, жақсылық, тыныштық, игіліктің сарқылмас қазынасымен тығыз 
байланысты сезімімен ұштасады. Сенім идея да, идеялар жүйесі де емес. Ол өмірдің өзі 
мен тіршіліктің қайнар көзі. Ол өзіндік сезім және күш ретінде әрекет ететін өзіндік сана
болып табылады. 
Сенім адамды алға қарай жылжуға, қиын сәттерде мойымауға итермелейтін күш 
ретінде қабылданады. Ал сенімсіздіктің негізінде күмәндану бар. Яғни күмәндану, 
әрнәрсеге күдікпен қарау, сенімді жояды. Сенімді жоғалтпау үшін адам үнемі рухани 
тұрғыда дамуға, жан мен тән үйлесімділігін сезінуге, табиғатпен байланысын үзбеуге
ұмтылу керек.
Өлім категориясы - адам өмірінің маңызды факторы болып табылады. Тек өлімге 
қарап, біз өмірді сүйе бастаймыз. Егер өлім болмаса, өмір мағынасыз болар еді. Ежелгі 
грек мифологиясында Құдайлардың адамды жазалай алатын ең қорқынышты жаза - мәңгі 
өлместік болды. Кітаптарда, романдарда, трактаттарда өлмеушілік адамзаттың басты 
арманы ретінде таңдалды. Егер адам мәңгі өлмейді деп елестетіп көрсек: оның барлық 
туыстары мен достары, балалары мен немерелері өлді, ал ол өмір сүруде, мүлдем жалғыз 
және өзіңе түсініксіз , танымайтын уақыт пен мәдениетке тап болады. Бұл шын мәнінде 
қорқынышты. Сонда өмірдің бар мәні, құндылығы жойылатын іспеттес. 
Өлім, туылу сияқты, адам өмірінің шекарасын қалыптастырады. Бұл шекаралардан 
тыс нәрселер, адам үшін жоқ болып есептеледі. Бұл мағынада адам - тіршілік иелерінің ең 
бақытсызы, өйткені өзінің өлімі туралы алдын ала біледі. Бірақ сонымен қатар, бұл адам 
үшін үлкен бақыт болып саналады. Өйткені өлім адам өмірін жақсы жағынан 
ұйымдастырады, адамды қысқа мерзімде өмір мәнін түсінуге және өзінің өмірін
бағалауға мәжбүр етеді. 


Философия дамуының барлық кезеңдерінде өмірдің мәні туралы мәселе басты 
назарда болды. Барлық кезеңдерде және халықтарда өмір туралы пікірлер әртүрлі сипатта 
болды. 
Ежелгі Грекия философиясында осы мәселенің әртүрлі шешімі байқалады. Сократ 
өмірдің мәні бақыт деп есептеген. Бақытқа қол жеткізу үшін жақсы өмір сүруге, заңдарға 
бағынуға, мемлекеттің қалыптастырған адамгершілік нормаларын ұстануға ұмтылу керек 
деп санады. 
Платон өмірдің мәнін жанға мән беру деп қарастырды. Аристотель және оның 
ізбасарлары өмірдің мәні мемлекеттің жауапты азаматы болуға ұмтылу деп білді. 
Эпикур жағымсыз ойларды болдырмай, тыныштық пен рахатты сезіну өмір мәні 
деп түсінді. Диоген Синопский ішкі бостандыққа жетуді, өмір мәні ретінде көрді. 
Стоиктер адамның, табиғат пен тағдырды мойындауында өмірдің мәні бар деп ойлады. 
Пифагор өмір мәні ғылыми білімдерден құралған сандар үйлесімділігінде деп есептеді. 
Будда мен Шопенгауэр өмірді қасіретке толы деп қабылдады. Платон, Лабрюйер, 
Паскаль, өмір-ұйқы деп сипаттады.
Экклезиаст: «мен өмірді жек көріп кеттім, себебі маған Күн астында жасалып 
жатқан істер ұнамады, өйткені бәрі – бос әуреге салыну және рухтың құлдырауы»,-деп 
өмірден түңілгенін білдірді. Петрарка: «өмір бір сарынды, тұңғиық көрініс»,-деді. Дидро: 
«бүкіл өмір - алдамшы үміт қана»; Кьеркегор: «менің өмірім-мәңгілік түн». Ницше: 
«барлық адам өмірі дұрыс емес» деп тұжырымдаған. Осы ойларға қарағанда, өмірдің 
мәнін іздеу әр адам үшін әртүрлі, ерекше үрдіс екенің түсінеміз. 
XVII ғасырға дейін еуропалық философиялық ойлар Августин мен Фома 
Аквинскиймен қалаған теологиялық базаға негізделді. Августиннің ілімінде адам 
ұмтылысының түпкі мақсаты-игілікке жету. Оған Құдайды тану арқылы жетесін деп 
түсіндірді. 
XVII-XVIII ғасырларда ғылымның өркендеуі шіркеу мен христиан этикасының 
әлсіреуіне әкелді. Бірте-бірте, антикалық философиядағыдай әртүрлі философиялық 
жүйелерде өмірдің мәнін әртүрлі көзқараспен қабылдады әрі түсіндірді. И. Кант , Ф. 
Ницше – «билікке деген ерік» деп түсінді, XIX ғасырдың ағылшын философы Милль - 
пайда және табысқа жетуде деп қарастырды. 
Идеалистік әсіресе, христиан діни ілімдерінде адам өмірінің мәнін табу үшін 
логикалық құрылым жасалады. XX ғасырдың басындағы орыс философтары Бердяев, 
Соловьев, Трубецкой және т.б. еңбектерінде Құдайға деген сенім туралы мәселе өмірдің 
мәні болуының басты шарттарына айналатындығын айтты. Сонымен қатар, материалистік 
философияда адам өмірі соңғы және оның «табалдырығында» ештеңе жоқ, бұл мәселені 
шешудің өзі қиынға соғады деген пікірде болды. 
Сьерен 
Кьеркегор 
шығармашылығында 
бастау 
алатын 
экзистенциалды 
философияның рөлін ерекше атап өткен жөн. XX ғасырда Сартр, Камю, Хайдеггер, 
Ясперс және т.б. философтар «өмірді өлімге ұмтылу болмысы» ретінде қарастырады. 
Өлімнің алдында адам жалған мақсаттан және қажетсіз ұсақ-түйектерден босатылып, 
өмірдің мәнін түсінуге қабілетті болады. Ол өзін және қоршаған әлемді басқаша көре 
бастайды. Осылайша, экзистенциалды философияда өлім проблемасын талдау адам 
өмірінің құпиясын ұғыну, оның мағынасын анықтау үшін маңызды мәнге ие болады. 
Экзистенциализмнің басқа маңызды постулаты әмбебап мағынаны терістеу болып 
табылады, өмірдің мәні тұлға бірегейлігі сияқты бірегей болуы мүмкін. 
Қазіргі қоғамда көптеген адамдар үшін өмірдің мәні мәселесі емес, қатал өмірде қалай 
орнығуға болады деген сұрақтармен шектеледі. 
Алайда, аз ғана тұрақтылық пен әл-ауқатқа жеткен кезде, өмірдің мәні мәселесі 
әрбір саналы адамды ойландырады.
Әлемнің атақты футурологтары болжағанындай, адамзаттың дамуындағы басты 
серпіліс ғылыми-техникалық прогреспен ғана емес, адам болу дегеніміз не, адам өмірінің 


мәні неде, адамзат өмірінің мәні неде екенін кеңейтетін түсініктермен тікелей
байланысты. 
Жалпы, өмірдің мәні мәселесін бағалауда бірнеше нұсқа бар: 
1. Өмірдің ешқандай мағынасы жоқ. 
Бұл жерде өмір-бұл игілік екенін байқаған жөн, егер адам оны мағынасыздық пен 
зұлымдыққа айналдырса, онда оған өмір емес, ең алдымен өзі кінәлі. 
2. Өмірдің мәнін іздеу – психикалық аурудың әсерінен туындайды. (З. Фрейдтің пікірі).
3. Өмірдің мәні – түпкі мағынаны іздеуде.
4. Өмірдің мәні бар, ол – Құдайға құлшылық етуде. 
Өмір мәнін іздеудің мақсаты – адамның өзіне берілген қозғалыстың субъективті бағыты. 
Қарапайым сұрақтарға жауап береді: «мен нені қалаймын?» және «оған жету үшін не 
істеуім керек». Мән – ұғымы құндылықты құраудан да күрделі ұғым. Мән – бұл адамның 
адам ретінде жер бетінде не үшін өмір сүретінін түсіну үшін қажетті объективті білім. 
Өмір – ғарыштың бір нүктесіндегі, жердегі жағдайдың күрделі ойыны емес, ол мәңгілік 
және заңды үрдіс. Демек, өмірдің өзінің, күнделікті қозғалыста болуында , өрістеуде, 
жүзеге асыруда мәні бар. Адам өмірдің даму бағыттарының бірі ретінде, сондай-ақ тірі 
интеллектуализацияның көрінісі ретінде заңды тіршілік иесі. Адам өмірінің мәні 
объективті, яғни біздің қалауымызға, адасушылықтарымызға байланысты анықталмайды. 
Біздің тектік болмысымызда анықталған. Өмірдің мәнін тұжырымдау оңай, ал оны 
жүзеге асыру қиын болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет