Адамныњ жеке басына ќарсы ќылмыстар



Pdf көрінісі
бет4/20
Дата04.04.2022
өлшемі479,55 Kb.
#137799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Дәрістер тезисі (1)

 
 
Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу 
Қарастырылып отырған бапта ұлттық және нәсілдік тең 
құқықтылығын бұзғаны үшін, сонымен қатар азаматтың тең 
құқықтылығын тегі, әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайы, 
жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері, 
қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығы себептерімен азаматтардың 
құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіргені үшін жауаптылықты 
көздейді. 
Осы қылмыс, тегіне, жынысына, ұлтына, нәсіліне, тіліне, дінге 
көзқарасына, 
нанымына 
байланыссыз 
бәрінің 
теңдігі 
туралы 
конституциялық құқығына қиянат жа-сайды (Қазақстан Республикасы 
Конституциясының 14-бабы). 
Қылмыс объектісі - Қазақстан Республикасы Конституциясымен 
анықталған азаматтардың тең құқықтылығы болып табылады. 
Қылмыстың объективтік жағы нәсілдік, ұлттық қатыстығына, 
жынысына, тіліне және т.б. байланысты азаматтардың құқықтарын 
шектеумен көрінеді, бірақ тұлғаның қандай да бір жекеленген сапасына 
қатысты емес. Азаматтың конституциялық құқығын шектеу бір 
жыныстағы тұлғаның ұлтына, дініне қарай артықшылығын қам-тамасыз 
ету үшін басқа жыныстағы тұлғаның ұлтына, ді-ніне қарай (жұмысқа 
қабылдауда немесе одан босатуда, сайлау серіктестігін өткізуде, 
мадақтауға, наградалауға ұсынуда және т.б. құқығы мен бостандығына) 
қысым көрсетуден тұрады. 
Егер ұлттық, діни және басқа да теріс ұғымдар азаматтың тең 
құқықтылығын бұзуда негіз болып табылмаса, онда олар қылмыс ретінде 
қарастырылмайды. 
Қылмыс осы баптың диспозициясында көрсетілген іс-әрекеттерді 
жасаған уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Зардаптың түсуі міндетті 
емес. Қылмыс құрамы формальды. 
Бұл қылмыс тек тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі, азаматтың 
Конституциямен кепілдік берілген тең құқықтылығын бұзғанын ұғынады, 
азаматтың құқығына және заңды мүдделеріне зиянның түсуі мүмкіндігін 
немесе түспей қоймайтындығын алдын ала көріп біледі және осы зиянның 
түсуін тілейді. Қылмысты жасау себептері сан алуан болуы мүмкін: басқа 
ұлт өкілдеріне деген өшпенділік, сол немесе өзге діннің жалған 
артықшылығына сендіру және т.б. 


ҚК 141-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстың субъектісі - қылмыс 
жасау кезінде 16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс тұлға болуы мүмкін. 
ҚК 141-бабының 2-бөлігі адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып 
не қоғамдық бірлестіктің жетекшісінің азаматтардың тең құқықтылығын 
бұзуын дәрежелеуші белгілері ретінде қарастырады. Тұлға өзінің қызмет 
бабын пайдалана отырып немесе қоғамдық бірлестіктің жетекшісі жасаған 
азаматтың тең құқықтылығын бұзу мына-дай жағдайларда көрінуі мүмкін: 
мысалы, заңсыз сыйлық, ақы, жәрдем ақы, еңбек ақысына үстеме, зейнет 
ақы беруде, әдейі қызметке заңсыз тағайындауда және т.б. Егер, азаматтың 
тең құқықтылығын бұзуды өзінің қызмет ба-бын пайдалана отырып, 
қызмет адамы жасаса және бұл азаматтардың құқығы мен заңды 
мүдделерінің айтарлықтай бұзылуына әкеп соқса, онда бұл іс-әрекет ҚК 
307-бабы бойынша дәрежеленуі тиіс. 
ҚК 141-бабында жазылған қылмыс ұлттық, нәсілдік және діни 
араздықты, ұлттық намысты кемсітуді қоздыруға бағытталмағандықтан, 
оны әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты 
қоздырудан (ҚК 164-бабы) ажырата білу керек. 
Нәсілдік, ұлттық, рулық, әлеуметтік, таптық немесе діни төзбеушілікті 
немесе артықшылықты уағыздайтын немесе оны іс жүзінде жүзеге 
асыратын қоғамдық бірлестіктер құру ҚК 337-бабының 2-бөлігі бойынша 
жауаптылықты көздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет