Микроэкономика



Pdf көрінісі
бет36/97
Дата06.04.2022
өлшемі3,68 Mb.
#138080
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97
Байланысты:
Koshebaeva (1)

6 ӚНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ 
6.1 Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Жүктелген 
шығындар 
 
Шығындар - бұл ӛндірістің сатып алынған факторларына 
тӛлеу, ӛнімдерді ӛндіруге кететін шығындар. Ӛндіріс шығындары 
ресурстарды баламалы пайдаланудан бас тартумен байланысты 
ӛндіріс 
бойынша 
шығындардың 
құн 
нышандарында 
берілгендерді білдіреді. 
Шығындарды түсіндірудің екі амалы болады. Шығындар 
олардың бірінші- сіне сәйкес оларды сатып алудың нақты 
бағадағы 
шығындалған 
ресурстар 
құндылығы 
ретінде 
анықталады. Экономистер бұл шығындарды ―бухгалтерлік 
шығындар‖ деп атайды. Екінші амалға сәйкес - сол ресурстарды 
неғұрлым тиімді пайдалану кезінде болатын басқа игіліктердің 
құндылығы ретінде. Мұндай жағдайда ―баламалы шығындар‖ 
туралы айтылады. Мысалы, кәсіпкер ӛндіріске 10 млн. теңге 
салуға шешім қабылдайды. Ол жыл соңында шығыстардан 2 млн. 
теңге кӛлемінде артық кіріс алады. Егер ол сол уақытта оларды 
банкке салса, онда жылдың соңында 13 млн. теңге алар еді, яғни 
шаруашылық кызметіне қарағанда үлкен сомаға ие болады. 
Демек, ӛндіріс пайдасына талдау жасай отырып, ол ӛзінің 
қаражатын баламалы пайдаланудан бас тартты және 13 млн. 
теңге алу мүмкіндігінен айырылды. Балама (жүктелген немесе 
экономикалық) шығындар кәсіпкер үшін 13 млн. теңгені 
құрайды. 
Экономикалық шығындарға мыналар жатады: 
1)
кӛрінетін (сыртқы) шығындар - бұл ӛндіріс факторларын 
жеткізушілерге тікелей тӛлемдер нышандарын қабылдаушы 
балама шығындар; Шикізаттар және материалдарды жеткізу, 
энергия тӛлемдері, жұмыскерлердің еңбек ақылары, несие үшін 
пайыздар, салықтар - бұл кӛрінетін шығындардың типтік 
нысандары. 
Әдетте 
кӛрінетін 
шығындар 
бухгалтерлік 
шығындарға тең; 
2)
кӛрінбейтін (ішкі) шығындар - бұл фирма иелеріне қатысты 
ресурстарды пайдаланудағы балама шығындар. Әдетте фирмалар 
оларды ӛздерінің бухгалтерлік есеп беруінде белгілемейді. 


60 
3)
қалыпты пайда - балама пайдаланудан кәсіпкерлік 
қабілеттілікті ұстап қалу үшін минимум тӛлем; 
4)қайтарымсыз шығындар жүктелген шығындар 0-ге тең 
болған кезде балама пайдаланылмайтын шығындар. 
6.1-сурет – Ӛндірістің экономикалық шығындарының құрылымы 
Кӛрінетін 
және 
кӛрінбейтін 
шығындар 
арасындағы 
айырмашылықты белгілеу «пайда» ұғымын түсіну үшін қажет. 
Экономикалық пайда - бұл фирма түсімі (табыстың 
жиынтығымен) және оның шығындары (кӛрінетін де, кӛрінбейтін 
де) арасындағы айырмашылық. 
«Пайда» термині бизнес әлемінде жиынтық табыстар және 
кӛрінетін шығындардың айырмашылығын белгілеу үшін жай ғана 
жиі қолданылады. Экономистер мұндай пайданы бухгалтерлік 
пайда деп атайды. 
Кейде экономикалық пайда нольге тең болған кезде, 
кәсіпкерлер алатын қалыпты пайда ұғымдарын пайдалану талап 
етіледі. 
Қалыпты пайда кейбір ресурстар оларды ең жақсы баламалы 
пайдалану кезінде ӛз иелеріне әкелетін пайданы білдіреді. Ол 
кӛрінбейтін шығындар элементі болып табылады. Экономикалық 
шығындар құрылымында қалыпты пайданың бӛлінуі ӛндіріс 
тиімділігі деңгейлері арасына шек қою мақсатын қояды. Егер 
қалыпты пайданы енгізген экономикалық шығындар ӛндірілетін 
игіліктер бағасынан тӛмен болса, онда бұл фирма артық пайданы 
алады дегенді білдіреді, демек орташа салалы деңгейлермен 
салыстырғанда неғұрлым тиімді ресурстар пайдаланылады. 


61 
Осылайша, бухгалтерлік және экономикалық шығындарының 
арасындағы айырмашылық тек сапалы сипатта ғана емес, алайда 
сандық сипатта болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет