1. Тілдің қатысына қарай:
а) жуан (гуттураль) дауыстылар:
а, о, ұ, ы, у.
ә) жіңішке (палаталь) дауыстылар:
ә, ө, ү, і, е, у, и.
Жуан дауыстыларды айтқанда, жіңішкелермен салыстыр-ғанда, тіл сәл артқа қарай тартылады, жіңішкелерді айтқанда
тіл сәл ілгері жылжиды. Бұған көз жеткізу үшін дауыстылардың жуан және жіңішке сыңарларын
(а//ә, о//ө, ұ//ү, ы//і)
қатар
айтып көруге болады. Дауыстылардың бұлайша (тіл қатысына) жікте-луін дұрыс білмейінше, тіліміздегі ең күшті
фонетикалық заң – сингармонизмді түсіну мүмкін емес. Тіліміздегі сөздердің бір-ыңғай жуан, не жіңішке буынды болып
келуі тілдің қалпымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |