Оқу-лықтарда оның саны – 25, кейде 26. Фонетиканың бас оқулығы: «Қазіргі қазақ тілінде мынадай 25 дауыссыз бар:
б, в, г,
ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, у, ф, х, ц, ч, ш, қ, ң
» дейді де, бұларды топтастырған кезде щ әрпін қосады. Дұрысы, щ –
дыбыс емес, әріп. Ол созылыңқы дыбыстың таңбасы, транскрипцияда оны ш: түрінде таңбалайтыны айтылды. Қазақ тілінде
щ
әрпі тек
ащы, тұщы, кеще
сөздерінде жазылатыны белгілі. Дұрысы, қазақ ті-лінде қос
ш
түбір мен қосымшаның, сөз бен
сөздің арасында жиі кездеседі:
ашшы, кешші, ішші, ұшшы, башшы, ашшы, жашша, ташша, қышша, Қошшан, Дошшан,
ашша, кешше, түшшү, тұшшы, бішше
, т.б. Жоғарыдағы үш сөздің
щ
-мен жазылаты-ны, шамасы, түбір мен қосымшаға
ажырамайтындығынан болса керек.
Дауыстылармен салыстырғанда, дауыссыздардың класси-фикациясы әлдеқайда күрделі. Сондықтан дауыссыздарды си-
паттап мінездеме беру және оларды топтастырып классифика-ция жасау акустикалық жақтан да, артикуляциялық жақтан да
көптеген жайларды есепке алуды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: