Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет32/115
Дата07.04.2022
өлшемі0,56 Mb.
#138262
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   115
Байланысты:
Фонетика дарис.

а, е-э, о, ө, ы, і,
ұ, ү, ә
, қалған екеуі – дифтонг дауыстылар: 
и, у
». Дауыстылардың сан құрамы жағынан айырмашылық жоқ, бірақ ғалым соңғы
екі дауыстыны «толық дифтонг» деп атайды. Бұдан кейбір дауыстылардың фо-нетикалық табиғатын ғалымдардың әр түрлі
атап келгендігін байқауға болады. Осы жерде профессор К.Хұсайыновтың орын-ды пікіріне жүгінгенді жөн көрдік:
«Рассматривая казахские дифтонги, мы делили их на сочетания гласных с одним из со-нантов, при этом для последних были
характерны некоторые консонантные признаки. Идеальных дифтонгов, т.е. таких диф-тонгов, которые состояли бы из двух
несомненных гласных об-наружить не удалось». Ғалым өз пікірін соңғы шыққан «Қазақ грамматикасында» да қуаттай түседі:
«Қазақ тіліне енген кірме әріптер жеке дауысты дыбыстардың таңбасы емес. Олар арқылы қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар
мен үнді 
й, у(w)
дауыссыз-дарының тіркесі белгіленеді».
Профессор С.Мырзабеков қазақ тілінің төл дауыстыларын қарастырғанда А.Байтұрсынұлының пікіріне сүйене отырып,
қа-зақ тілінде 9 дауысты бар деген пікірді берік ұстанған: «Қазақ ті-лінің байырғы төл сөздерінің құрамында тоғыз... дауысты
ды-быс барлығы ешқандай дау тудырмайды». Ғалымдар Ә.Жүнісбек, Ж.Әбуов, М.Жүсіпов, А.Жүнісбектердің пікірлері де
осыған келіп саяды.
Қазақ тіл білімінің, соның ішінде фонетикасының да негі-зін қалаған А.Байтұрсынов өзінің 1912 жылы «Айқап»
журна-лында жариялаған «Жазу тәртібі» деп аталатын алғашқы мақа-ласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі
дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауысты дыбыстарға
о, ұ, ы, е
»,- деп анықтаса, осы пікірін кейінгі
оқулықтарында 1927 жылы жазған «Дыбыстарды жіктеу туралы» деген мақаласында қайталады. Бұдан А.Байтұрсынов
жіңішке дауыстыларды ескер-меген деген ұғым тумауға тиіс. Ол: «дауысты дыбыстар
а, о, ұ, ы
осы тұрған күйінде жуан
айтылады», -дейді де, сөздің алдын-да дәйекше тұрса, «сөздің ішіндегі дауысты дыбыстарды жіңіш-ке сыңары болатынын
әсте ұмытпаған. Ал бес дауысты, бес әріп сол кездегі араб графикасының мүмкіндігіне негізделген. Қыс-қасы,
А.Байтұрсынов өзі атап айтпаса да, оның жазғандарынан қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде сол кезде 9 дауысты дыбыс
болғанына анық көзіміз жетеді. Олар: 
а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і.
Осы дыбыстарды орыс зерттеушілері де атап көрсетеді. Бұл ды-
быстар іштей жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік түрінде жіктеледі. Бұл күнде белгілі фонетист ғалым Ә.Жүнісбек
қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды 60-жылдардың орта тұсынан бері зерттеу үстінде. 1969 жылы кандидаттық, 1988 жылы
докторлық диссертация қорғады, бірнеше монография авторы. Қазақ тілін-дегі дауысты және дауыссыз дыбыстар жөніндегі
қорытынды тұжырымы 1999 жылы жарық көрген «Строй казахского языка. Фонетика» деген еңбекте «Қазақ тілінде 9
дауысты бар» деп қысқа да нұсқа айтылған. Қазіргі тілімізде он бір, он екі дауысты бар деушілер шындыққа жақын тұр.
Бұлардың біріншісіне екін-шісінің қосқаны – тек 
э 
дыбысы. Қалған жағдайда іштей жіктеу, сипаттауға келгенде бір-бірімен
үндесіп жатады. Екі топқа да тән үлкен жаңсақтық – қазақтың байырғы сөздерінің құрамында и, у дауысты дыбыстары
кездеседі деп қарауы. Бір қызығы, зерттеушілер мен оқулық авторларының көбісі бұл екі әріптің әрқайсысы екі дыбыстың
ұу, ыу, іу, ый, ій қосындысы екенін біле отырып дауыстыға жатқызып жүр. Жатқызып қана қоймай, оларды дифтонг,
дифтонгоид деп дәлелдеуге тырысады.
Мұндай дауыстылар бар десек, басқаны айтпағанда тілі-міздің екі үлкен заңының түп-тамырына балта шапқан болар
едік. Біріншіден, сөздердің құрамында екі дауысты қатар тұра беретіні болады:
суы, буын, келуі, миы, тиын, тиін.
Екіншіден, сөз ішінде буын дауыстыдан басталып және дауысты жеке буын құрайтын болады. Мұның бәрі де тіліміздің
табиғатына қайшы екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Ал қазақ тілінде 15 да-уысты бар дейтін пікір тіпті де сын
көтермейді. Бұл дыбыс пен әріпті шатастырудың нәтижесі ғана. Қысқасы, қазіргі қазақ ті-ліндегі дауыстылардың саны,
сапасы дейтін мәселеге қолда бар оқулықтар мен зерттеулердің бірде-біреуі толық жауап бере ал-маса керек. Сондықтан
алдымен тіліміздегі дауыстыларды сан жағынан айқындап алу керек болады.
Біріншіден, қазақ тілінің байырғы сөздерінің құрамында то-ғыз дауысты дыбыс бар екені рас. Екіншіден, орыс тілінен
және орыс тілі арқылы енген сөздердің дыбыстық құрамын ескеру қа-жет. Ескеріп қана қоймай, олардың табиғатын терең
тануға мәж-бүрміз.
17


Ал орыс тілінің дауыстыларын танып, игеруде онша бір-ауыздылық жоқ. Дауыстыларымыздың санындағы ала-
құлалық-тың өзі алдымен осымен байланысты. Егер саусақпен санарлық сөздердің құрамында ұшырайтын
ћ
өз алдына
дербес дыбыс деп танитын болсақ, тіліміздегі мыңдаған сөздердің құрамында кез-десетін орыс тілі дауыстыларының
әрқайсысы өз құжаттарын алуға тиіс. Сондықтан да қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесі сөз болған кезде оларға да лайықты
орын берілуі қажет.
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар үш жақты жіктеледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет