қабы (қап-ы), қара ғой (қара қой), ағ ешкі (ақ ешкі).
Орыс тілінде керісінше дауыстыларға дауыссыздардың ықпалы күшті болады.
Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесі екі үлкен топқа жіктеледі:
І. Айтылған кезде өкпеден шыққан ауа ешқандай кедер-гісіз шығатын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Қазақ
тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Оның ішінде 9 біздің тілімізге тән дыбыстар. Олар
а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е.
Бұдан басқа екі қо-
сынды дауыстылар (дифтонгоид) бар:
и, у, э
- орыс тілінен кір-ген сөздерде қолданылады. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар
үш жақты жіктеледі:
1. Тілдің қатысына (жасалу жолына) қарай жуан және жі-ңішке болып бөлінеді:
Жуан дауыстылар:
а, о, ұ, ы
Жіңішке дауыстылар:
ә, е, ө, ү, і
Бірде жуан, бірде жіңішке айтылатын дауыстылар:
и,у.
2. Дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай ашық және қысаң болып жіктеледі:
Ашық дауыстылар:
а, ә, е, о, ө, (э)
Қысаң дауыстылар:
ы, і, и, у, ү, ұ
3. Ерін қатысына қарай езулік және еріндік болып бөлі-неді:
Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і,
, (э),и
Еріндік дауыстылар:
о, ө, у, ұ, ү
Дифтонгоид дауыстылар. Қазақ және басқа да түркі тілде-рінде қосынды, яғни дифтонг дауыстылар бар. Олар:
у, и
.
Мысалы:
киім – кійім, жиын – жыйын, ту – тұу
ІІ. Дауыссыз дыбыстар – айтылған кезде өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан болған дыбыстар.
Дауыс-сыз дыбыстар үн мен салдырдан немесе тек салдырдан тұрады. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар мыналар:
б, в, г,
ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, ћ, ц, ч, ш, щ.
Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар үш жақты жіктеледі:
1. Дауыс (үн) қатысына қарай дауыссыздар қатаң, ұяң және үнді (сонор) болып үшке бөлінеді:
Қатаң дауыссыздар:
п,ф, с, ш, к, қ, т, ч, щ, ц, х
¦яң дауыссыздар:
б, в, г, ғ, д, ж, з , ћ
Үнді (сонор) дауыссыздар:
р, л, й, у, м, н,ң
2. Айтылу (жасалу тәсіліне) қарай шұғыл және ызың бо-лып жіктеледі:
Шұғыл дауыссыздар:
б, п, д, т, ц, г, к, қ, ч
Ызың дауыссыздар:
в, ф, з, с, ж, ш, щ, ғ, х, ћ
3. Айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыз ды-быстар 8 топқа бөлінеді:
а) Ерін(билабиаль) фонемалар:
п, б, м,(у)
ә) Тіс пен ерін (лабиоденталь) фонемалар:
ф,в
б) Тіс (денталь) фонемалар:
т, с, з, д, ц
в) Тіл ұшы (альвеоляр) фонемалар:
н, л, ч
г) Тіл алды (палаталь) фонемалар:
р, ш, ж, й
14
ғ) Тіл ортасы (препалаталь) фонемалар:
к,г
д) Тіл арты (веляр) фонемалар:
қ, ғ, ң, х
е) Көмей (фарингаль) фонемасы:
ћ
Дауыссыз фонемалардың сөз ішінде кездесуі біркелкі емес. Сөз ішінде кездесу ыңғайына қарай, қазақ тілі
дауыссыздарын шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады:
а) Сөздің барлық шенінде (басында, ортасында, аяғында) кездесе беретін дауыссыздар:
с, ш, т, қ, к, м, з, ж, н, (у).
Қазақ әдеби тіліне тыңнан енген
ф, х, ч, ц
тәрізді дыбыстар да сөздің барлық позициясында кездесе береді.
ә)
ж
дыбысы сөз соңында сирек кездеседі.
б)
ћ
дыбысымен келетін сөздер саны өте аз.
в) Сөз соңында кездеспейтін дауыссыздар:
б, д, г, ғ, в
г) Сөз басында кездеспейтін дауыссыздар:
ң, й
ғ) Байырғы сөздердің бас позициясында сирек кездесетін фонемалар:
п, л, р
Аффрикат дауыссыздар –
ц
мен
ч.
Екеуінің әрқайсысы екі элементтен тұрады:
ц-т, с; ч – т, шь.
Дыбыстау мүшелері мыналар: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл,
кіш-кене тіл, таңдай, тіс, ерін, т.б. Дыбыстау мүшелерінің жиынты-ғы сөйлеу аппараты (речевой аппарат) деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |