«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
136
137
ертеден келе жатқан желiсiн үзiп алған жоқ, классикалық негiзiнен
адасып, оны жоғалтқан жоқ. Өйткенi оның тамыры тереңде,
халықтың санасында жатыр. Шара апамыз көздiң қарашығындай
сақтап, талмай, қажымай тiрнектеп жинаған iнжу-маржан
дүниелерiн қайта жаңғыртып, тәуелсiз елдiң игiлiгiне айналдыру
бүгiнгi бишiлерге парыз, әрi аманат.«Қазақ биiн классикалық
деңгейге көтере алмадық» деп бiр кездерi өкiнгендерге ендi сол
мақсатты жүзеге асырудың сәтi туды. Бiздi ендi ешкiм қолымыздан
қақпайды. Әлемге қазақ биiн танытатын зор мүмкiндiктерге жол
ашылды. Бұған дәлел АҚШ, Қытай, Жапония, Франция, Түркия
елдерiнiң сахналарында өнер көрсетiп, ұлттық биiмiздiң айшықты
өрнегiмен таңқалдырып жүрген таланттар. Шетелдiк көрермендер
«мынау нағыз классикалық би ғой» деп тамсанғандарын бишiлерiмiз
мақтаныш етiп айтып жүргендерiнiң талай рет куәсi болдық.
Жателдiктердiң де көңiлiн аулап, сезiмiн баурап алған ең алдымен
би өнерiмiздiң әрi мен нәрi, мағынасы мен мазмұны болса керек.
Қазақ билерi – көбiне-көп нақты белгiлi бiр тұрмыс – тiршiлiкке
құрылады да халықтың бейне болмысының айнасына айналады. Ол
елдiң сән – салтанатын, жастардың махаббатын, ерлiгiн, елдiгiн,
қайғы – мұңын, әл-қуатын дәлме-дәл сан мыңдаған қимылмен,
қозғалыспен баяндап тұратын болғандықтан бишi сахнада оны бар
шеберлiгiмен, бар жан тәнiмен жеткiзуге тырысатыны хақ.
Хореографиялық бiлiм алған кәсiпқой бишi де бидi қойған кәсiпқой
балетмейстер де жаңа дүниенiң сапасына бiрдей жауапты. Бишi
«бидi әйтеуiр билеп шықсам болды» деп ойламай, бидiң көрiнiстiк
әсерiнен гөрi оның iшкi айтайын деген табиғи сұлулығына көбiрек
мән берiп, халықтың назарын соған аударуға ден қойса, онда ол
бишiнiң биi көңiлден шықты деген сөз. Әр бидiң де адам сияқты
өзiндiк ерекшелiгi, мiнез-құлқы бар екенiн бишi әсте естен
шығармауы керек. Ол сiз бен бiздiң бар өмiрiмiздiң қозғалыстарымен
өрiлген көркем өрнегi, оның маңызы мен мазмұны сияқты болып
көрiнедi. Сол себептен де ұлттық би қазынамыздың ортаймауын
оның жаңа билермен толыға, байи түсуiн ойлайтын жанашыр
жандар қанша ма? Жалпы өнердiң бұл саласынан бiздiң сауатымыз
шамалы. Көбiне-көп атүстi пiкiр айтып, бидiң тұла бойындағы көз
iлеспес алуан түрлi бейнелi қимылдар қандай жайды меңзейдi, ненi
айтқысы келедi. Бiрақ көрермен оған назар аударып, мән берiп
жатпайды. Оған әйтеуiр ұнаса болды. Бұл жерде барлық көрермен
осындай деуден аулақпыз, Көкiрек көзi көреген өнердiң жақсысын
«жақсы», жаманын «жаман» деп айтатындар да бар. Өйткенi бiр
бидi екi адам екi түрлi түсiнуi мүмкiн. Мәселен, қос бiлектiң
ширатыла өрiлген қимылына, үзiлiп кеткелi тұрған белдiң нәзiк
қозғалысына ғана сүйсiнiп, одан әрiге өресi жетпей жатқан
жандарды да кiнәлауға болмайды. Зер салып, зерделеп қарасаңыз,
кез келген би адамның жан
дүниесiнiң сезiмi мен
сыры iспеттi. Осы жерде
Шара апамыздың би
туралы айтқан бiр
әңгiмесiн еске алудың
ретi келiп тұр. Күй, қол
өнерi, ағаш үйдiң өзi,
ою, кiлем тоқу, өрмек
тоқу, ши орау, осының
бәрi қимыл, осының бәрiн ойлап, музыкасын тауып, күйiн тауып
сәйкестiрсең би болып шығады. Ендi «Айман-Шолпанда» сен мына
«Қоян биiнен» баста, -деп өтiнiш айтты. Сонымен екi қызбен қоян
болып билеп, кейiнiрек «Қаражорғаны» билеп, би өнерiн бастадым,
– деген едi сонда. Ұлттық би өнерiмiзге қамқоршы болған заңғар
жазушының сол бiр көреген қасиетiнiң өмiршеңдiгiне бүгiнде
көзiмiз жеткендей. Ұлы тұлғалар негiзiн қалап кеткен ұлттық
дәстүрлi би мектебiмiз де бар, тек оны өз халқымыздың дүние
танымына сәйкес туындылармен, ұлттық бояумен өрнектей бiлсек
болғаны. Сонда ғана «осы қазақта би болмаған», «би деп жүргендерi
түсiнiксiз бiрдеңе» деген ұлттың намысына тиетiн қаңқу сөз
тиылады. Бiздiң қазақ халқы дарынды, өнерпаз халық, ән, күй деген
мұрамызда шек жоқ. Ал бұл қазақ халқынан қалған биден мұра өте
аз. Жаңа ұрпақ осы бидi қолға алғаны жөн.
Менiң байқауымша осы өнерге
талпынып жүрген Шара сияқты
жастар бар көрiнедi. Одан бiр
нәрсе шығатын түрi бар. Ал қай
өнердi алсақ та, опера болсын,
музыка театры болсын, оның бәрi
бисiз болмайды. Қазақтың мидай
даласы… Көкпарды көз алдыңызға елестетiп көрiңiз. Бәйгенi
көрдiңiз бе? Жорғаның жүрiсiн көрдiң бе? Мiне, осының бәрi қимыл-
қозғалыс. Аттың желiсi, жәй жүрiсi, сылбыр жүрiсi, шабыс жүрiсi
осының бәрi би емес пе, би. Қазақтың күйiн тыңдап көрiңiз, қандай
әуен иiрiмдерi, ырғақтар жатыр. Қол өнерi, ағаш үйдiң өзi, ою, кiлем
|