«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Секция. Философия және мәдениеттану



Pdf көрінісі
бет108/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

13 Секция. Философия және мәдениеттану 
13 Секция. Философия и культурология
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВТІҢ ДҮНИЕ 
КӨЗҚАРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
БИРМАНОВА А.
10 «Ә» сынып оқушысы, № 2 ЖОББМ, Ақсу қ.
РАХИМОВА А. А. 
педагогика және психология магистрі, мұғалім, № 2 ЖОББМ, Ақсу қ.
УЫЗБАЕВА А. А.
PhD, қауымд. профессор (доцент), 
С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ.
Мәшһүр – бүкіл әлемге аты таныс деген ұғымды білдіреді. Екі 
ғасыр аралығындағы қазақ сөз өнерінің көрнекті тұлғаларының 
бірі М. Ж. Көпейұлының шығармашылығы көп қырлы. Соған 
қарай дүниетанымы да өте күрделі. Оның өлең, әңгімелері мен 
мақалаларының арқауы – жеке адам болмысы мен қоғам өмірінің 
байланысы, одан туындайтын алуан түрлі мәселелер. Халқымыздың 
ұзақ замандар бойы тырнақтап жиып, шаң жуытпай ұстап, атадан 
балаға мұра ретінде қалып келе жатқан асыл қазынамыздың бірі – 
мақал-мәтелдер, Мәшһүр Жүсіп Көпеев мақал мен мәтелдерді көп 
жинаған, қатты мән берген. Оны тақырыптарға бөліп, жік-жігімен 
топтаған. Фразеологиялық тіркестер ауыз әдебиетінде ежелден 
бар. Ал оның М. Ж. Көпеевтің шығармашылығындағы түрленуі өз 
алдында жан-жақты талқылауды қажетсінеді.
Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің басым 
көпшілігі – аңыз бен әңгімелері. Мұндағы аңыздар: жер-су 
аттары. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының аңыз-әңгімелерді, тарихи 
әңгімелерді, шешендік сөздерді қағазға түсіруімен ғана шектелмей, 
фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-
салт жырларын, эпос, ертегі, мақал-мәтелдер, ақындар айтысын, т.б. 
жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған фольклорлық 
үлгілерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-
салт жырларынығ 30-40 шақтысы топталған. Ол ел арасынан: 
«Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Ер Сайын», «Нәрік 
ұлы Шора батыр», т.б. тәрізді батырлар жырында, «Қозы Көрпеш 
– Баян сұлу», «Алтынбас-Күмісаяқ» т.т. лиро-эпостық жырларды 
да, сондай-ақ «Киік», «Бозторғай», «Дін үйренетұғын» тәрізді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет