«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
146
147
болма», «Бай – бір жұттық, батыр бар – бір-ақ оқтық (Түн қандай),
«Иман ерден құтылмас» («Той» деген соң), «Тағдырға (такдырга)
табдил жоқ», «Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай», «Көп
тілеуі көл»
(Мәшһүр Жүсіптің Мұса Шормановты оның келіні
атынан жоқтауы),
«Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын», «Бірге тумақ
бар болғанмен, бірге жүрмек жоқ»
(Нұқыш Жапарұлы),
«Сары алтын
қап түбінде жатпас»
(Ғашық жігіт
сөзі),
«Өнер алды – қызыл тіл»,
«Бір тамшыдан жиыла-жиыла дария болмақ, бір пұлдан жиыла-жиыла
дүние болмақ», «Құлығаң естігенді көз көрер», «Өгіз өлер, болмаса
арба сынар»
(Мәшһүр Жүсіптің өлер шағындағы сөзі),
«Асыл – тастан,
өнер – жастан шығады»
(«Бұлақ көзі»)
[7]
.
Мәшһүр Жүсіп ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф,
тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы.
Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен
де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи
жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Мәшһүр Жүсіп
Көпейұлының аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгімелерді, шешендік
сөздерді қағазға түсірумен ғана шектелмей, фольклордың басқа да
жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырларын, эпос,
ертегі, мақал-мәтел, ақындар айтысын жинағаны белгілі. Мәшһүр
Жүсіп Көпейұлы жинаған фольклорлық үлгілерге жанрлық жағынан
келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырларының 30-40 шақтысы
топтаған. Ақынның дін жайлы айтылған ағартушылық, өмір туралы
философиялық ойлары қазақтың ұлы ақыны Абаймен тікелей үндес
екен. Өмірден өзі озса да артына өлмес мұра қалдырған қасиетті
Мәшһүр Жүсіп бабамыздың мұраларының бізге, келер ұрпаққа
берері мол екеніне ешкімнің де күмәні жоқ. Сол мол мұраны көздің
қарашығындай сақтап, кейінгі буын үлгі аларлық кәдеге жарату
біздің парызымыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Мәшһүр Жүсіп Көпеев / Құрастырушылар: С. Е. Нұрмұратов,
Б.М. Сатершинов, А.Д. Шағырбаев. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК
Философия, саясаттану және дінтану институты, 2013. – 359 б.
2 Пазылов Ә. Бабалар ғұмырнамасы және Мәшһүр-Жүсіп
Көпеев. – Екібастұз: «Prima Lux», 2007. – 240 бет.
3 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Өлеңдер, рауаяттар, дастандар. Т.
2. – Алматы: Алаш, 2003. – 118 б.
4 Мәшһүр-Жүсіп қазақ фольклоры Таңдамалы. Т. 3. – Павлодар,
2006. – 96 б.
5 Сүтжанов С. Мәшһүр Жүсіп дүниетанымы. // Қазақ тілі мен
әдебиеті, 1999. – №10. – 41–43 бб.
6 Мәшһүр-Жүсіп. Шығармалары. І том. – Павлодар: «ЭКО»
ҒӨФ, 2003. – 205 б.
7 Алдабергенұлы Т. Дала тарихы. Мәшһүр Жүсіп өмірінің
соңғы күні // Төртінші билік. – 2013. – No 16–17 (29 сәуір–6 мамыр).
– 6 б.
Достарыңызбен бөлісу: |