«ОҚУШЫЛАР » сериясы «XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» 158
159
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖАКСЫБЕК К. С.
оқушы, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, Павлодар қ. СУЛЕКЕЕВ Д. К.
тарих мұғалімі, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, Павлодар қ. Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм – бұл Батыстың
да, Шығыстың да қуатты және әлсіз мемлекеттерінің мәселесі. Бірақ
әр елде, әр қоғамда өзінің ерекшеліктері бар.
Діни экстремизм – бұл мемлекеттік құрылымды күшпен
өзгертуге немесе билікті басып алуға, тәуелсіздіктің бұзылуына
және мемлекеттің территориялық біртұтастығына қарсы бағытты
мақсат еткен діни соғыс(қақтығыс) пен жек көрушілік.
Діни терроризм – террорлықты жүйелі түрде қолдануға
бағытталған, «қорқыту», «үркіту», «күш қолдану» сияқты
әрекеттерге негізделген саясат. Қазіргі таңдағы діни терроризмнің
басталуын 1980 жылғы Ирандағы революциямен байланыстырады.
Діни экстремизм мен терроризм ХХI ғасырдың ең күрделі
әлеуметтік мәселесіне айналып, әлем сахынасында геосаяси
жетістікті мақсат еткен державалар, күштер мен қозғалыстардың
халықаралық саясатты және сыртқы саясатты жүргізудің құралы
болып отыр.
Бүгін «қылмыскер», «бандит», «адам өлтіруші» деген сияқты
сөздер үйреншікті болып, олардың орынын жаңарақ заманауи
«террористер» мен «экстремистер» деген терминдер басқан.
Шет елдерде экстремизм эпизодтық және экстраординарлы
құбылыс ретінде өмір сүруін тоқтатқан. Ол жаңа әлемде бірқатар
күрделі мәселелерді күштің көмегімен, кең қолданылатын діни,
саяси, ұлттық қозғалыстармен шешетін әдіске айналды. Уақыт өткен
сайын ашық формаға ауысып, жаhанданудың аймақтық мәселелерді
ортақтандырғаны сияқты, әлем бірлестігінің тұрақтылығына қауіп
туғызуда.
Экстремизмнің идеологиясы өзінің саяси, идеологиялық,
діни көзқарастары жүйесінен басқасының бәрін теріске балайды.
Экстремизмнің аргументациясы ақылға емес, адам сезімдеріне
бағытталған. Қоғамда қалыптасқан нормаларды экстремистік
идеологизация әрекеттері арқылы өз-өзін бақылай алмайтын, кез
келген акцияға дайын (өз-өзін жару) діни экстремизмнің ерекше
жақтаушылар түрін құрайды.
Қазақстан бұл 140 этносқа жуық және 17 конфессия өкілдері
өмір сүретін полиэтникалық мемлекет. Дін ұстану еркіндігі берілген,
конфессиялық кеңістігінде 3088 бірлестігі бар, оның ішінде 2408
сунниттік бағыттағы мешіттер. Осыған байланысты діни экстремизм
елдің саяси тұрақтылығына кері әсер тигізетін құбылыс.
Террорлық белсенділіктің күшейуі соңғы жылдары бұл
құбылыстың себебі мен механизмін кең ойлануды талап етеді.
Қазақстанда осы уақытқа дейінгі орындалған террактілер сонша
көп емес, сондақтан қоғамымызда террористерге қарсы іс ірекеттер
тәжірибесі аз. Басқа елдердің тәжірибесіне қарап олардың алдағы
уақытта қалай дамитынын түсіну аса маңызды.
Қазақстандағы діни экстремизм мен терроризмнің даму
тарихын алатын болсақ, еліміздің кейбір саясаттанушылары үш
кезеңді атап көрсетеді.
1 кезең – 1990 жылдар мен 2000 жылдардың басы аралғында.
Осы кезеңнің ерекшеліктері:
– ақпараттық, жасырын насихаттық жұмыстар болды;
– көшелерде жиі-жиі әрт түрлі қағаздарды, кітапшаларды
таратып жүрген адамдар кездесе бастады;
– басқалармен қарым-қатынас кезінде дүниенің бар жақсылығын
беретін әйтуір бір діни бағыттар туралы естідік;
– таныстарымыздың бірі бізді түрлі дәрістер тыңдап, барлық
проблемалардан құтылуға шақыратын;
– нәтижесінде көмек алуға үміттенген адам ақыры осы идея
үшін бәріне дайын «зомби» бола жаздады.
2 кезең – 2000 жылдың басы мен 2011 жыл. Осы мезгілде
Қазақстанның Ауғанстан, Пәкістан, Кавказ аумағы, Таяу Шығыс
сияқты шет елдермен белсенді байланыстары байқалып және
Республикамызда қашқындар немесе «жат» террористер жасырына
алғанын көретін болдық. Мысалы Қазақстаннан:
– 2000-2004 жылдары Өзбекстанның 8 азаматы ұсталып
отанына қайтарылды;
– 2004-2005 жылдары Ресейдің, Өзбекстанның және басқа
елдердің 11 адамы ұсталып;
– 2006 жылдары Ресейдің, Өзбекстандағы, Түркиядағы және
Қытайдағы терроризмге қатысы бар 13 адам ұсталып өз елдеріне
экстрадицияланған болатын.