«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет127/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
172
173
мен ұлттық дәстүррге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана 
сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың 
маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет», деп атап көрсетті. 
Әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін туабітті қасиеттер 
сияқты ұлттық рухани құндылықтарды да ең алдымен отбасында 
ата – ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық. Ендеше ұлттық 
тәрбие – ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың 
негізі болмақ.
Қазақ халқы ырымшыл халық, салт – дәстүрін сақтаған 
халық, отбасылық тәрбиеге көп көңіл бөлген халық, саналы 
ұрпақ тәрбиесіне күш салған халық. Сондықтан жұмысымның 
соңында мен сіздердің алдарынызда бүгінгі қорытынды құрағымды 
құраймын [4].
Өткенімізді жаңғырта бір тұтас үлкен мәдениетімізді 
біріктірілген құрақ. Ол құрақтың ішінде көне ауыз әдебиеті, көне 
сәулет өнері, киелі жерлер, керемет атаулар, ән-жырлар, дәстүрлер 
т.б. осының барлығы сынып қалған шыны сияқты қалдықтарын 
жинап, бір құраққып құрап биікке көтеріп, қанатын жайып, 
самғатып, бүкіл әлемге танытып, өткен ғасырларда ұмыт болған 
дәстүрлерлерімізді қайта жаңғырту ол менің парызым!
Құрақ көрпелер туралы әдеби шығармалардан да көруге 
болады. Мыслы: «Ол құрақ көрпенің үстіне жайғасып отырды» 
(С. Адамбеков. «Қожанасыр») «Төрге құрақ көрпе төселіп, астық 
тасталыпты» (Ә.Тарази. «Асу») «Шешем құрақ көрпені алып, жазып 
төрге төседі» (Ә.Нұршайықов. «Махаббат») «Ағам өз үйімнен 
қырық құрақ (әбден тозығы жеткен, жамау-жасқауы көп, жамаулы) 
көрпемді әкеліп арқама жапты» (Ө.Қанахин. «Жер бас») [5, 268 б.].
Құрақ құрау өнерін дамытуды насихаттауымыздың мақсаты 
қолөнерді сақтап қалып, дәстүрімізді жалғастыру кешегі 
қажеттіліктен туындаған өнерді насихаттап өнерге баулып 
тәрбиелеу. 
Жұмысты жасау барысында көптеген зерттеме жұмыстарын 
жүргіздік. Өз жұмысымның ерекшелігі қазақтың салт – дәстүрін, 
ұлттық қолөнер туындыларын зерттей отырып, құрақ өнерін 
меңгердік. Жалпы, құрақ өнерін зерттеу барысында, оның түрлерін, 
жасалу жолдары, тарихы айтылған. Адам, қоғам үшін құрақ өнерінің 
жасалуын зерделей келе қолөнер байлығымыз екенін де білдік. 
Құрақ – қызық, әрі құнды өнер. Ол ұзақ ізденісті, ыждағатты қол 
еңбегін қажет ететін іс. Шын шеберлікке қоса табандылықты талап 
етеді. 
Қазақ халқының қолөнерінің аса қымбат, қайталанбас 
сұлулығын, ғажайып көркін құрақ өнерінен көреміз. Ғылыми 
жұмысымды қорыта қеле, түйген ой-пікірім:
– құрақ өнері арқылы халықтың қолөнерін, салт-дәстүрін білу.
– құрақ өнері – есте сақтау, жобалау, шамалау, түстер 
жарасымдылығын жақсы айыра білуге
– құрақ өнері – өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты, 
шеберлікті талап етеді.
Адамдар молшылықты – дарияға, теңізге, бәйтерекке теңесе, 
батырды. Құрақ құрау өнерін зерттей келе, бұл өнердің арнасы мен 
мүмкіндігі өте кең екеніне көзімізді жеткіздік. Сол себепті бүгінгі 
ұрпақ өзінің ұлттық сезімін, мінез – құлқын, өзінің тілін, дәстүрін 
жоғалтпау керек деп түсінеміз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 «Егемен Қазақстан» газеті. 2017. №185
2 https://massaget.kz/kyizdarga/shayra/14955/
3 https://history.kz
4 http://neke.kz/kyz-jasauy-kurak-korpe/
5 Қазақстан тарихы. 15-томдық. 9т. Алматы, 2002ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет