«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет130/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
176
177
Қандай көркем шығарма болса да, оның негізгі мақсаты – 
тәрбие. Ал ертегілер – ауыз әдебиетінің – балалардың ой-санасы 
мен мінез-құлқын қалыптастыратын тарихи мектептің маңызды 
құралы [21].
Халық ертегілерінде елдің даналық, тапқыр ой-пікірлері 
жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндіктен, балалар 
оны сүйіп оқып, бар ықыласымен сүйсіне тыңдайды. Басталған 
жерден-ақ оқиғасы қызықты, ұшқыр қиялды болып келеді де, 
баланың ойын бірден қызықтырып, жетектеп әкетеді. Ертегілердегі 
адам бейнелерінің барлық жағынан әбден жетіліп, балалардың 
жалпы психикалық даму ерекшеліктерімен байланысты болуы да 
оларды аталған жанрға қызықтыратын тағы бір ерекшелік деуге 
болады. 
«Халық ертегілерінің бала дүниетанымын қалыптастырудағы 
маңызы» атты зерттеу жұмысының әлеуметтік мониторингісі.
Оқушылар қауымының қатысуымен жүргізілген әлеуметтік 
сауалнама нәтижесі мұражайлардың халыққа қызмет ету сапасы мен 
халық мәдениетін дамытудағы алатын орнын анықтайды. Сіздердің 
назарларыңызға ұсынылып отырылған әлеуметтік сауалнама 
материалдары осыған дәлел (1, 2 қосымшаларда көрсетілген). 
Сауалнамаға зерттеу объектісі ретінде № 47 орта мектептің
6-7 сыныптарынан 127 респондент қатысты.
1 Қазақ халық ертегілерін оқисың ба? - деген сауалға 
респонденттердің 73,2 %-ы иә, 13,3 %-ы жоқ, 13,3 %-ы кейде деп 
жауап берді.Бұдан біздің байқағанымыз оқушылардың ертегі оқуға 
деген қызығушылығы басым екенін көрдік. 
2 «Ертегілердің бала дүниетанымын қалыптастыруда 
маңызы бар деп ойлайсыз ба?»- деген сауалға респонденттердің
55,9 %-ы қажет екенін, тәрбиелік мәні зор деп 34,7 %-ы көрсетті. 
Бала тәрбиесі мен дүниетанымын қалыптастыруда қажеттілігі бар 
екенін байқаймыз. Осы ертегі арқылы оқушының дүниетанымы, 
адамгершлік қасиеті дамиды.
Диаграмма 1
Сізге ертегі оқыған ұнай ма?- деген сауалға респонденттердің 
74,9 %-ы қатты ұнайды, 7 %-ы кейде, ал 18,1 %-ы бауырларыма 
оқып беремін деп көрсетті. Бұдан балалардың ертегіні сүйіп 
оқитынын, сондай-ақ ұнайтынын көреміз.
Диаграмма 2
Қорыта келе, халық адамгершілік пен әділеттілікті, ақылдылық 
пен батырлықты ертеден–ақ өте жоғары бағалап, әңгіме, ән-жырға, 
ертегі-аңызға арқау етіп отырғанын көреміз. Халықтың ауыздан-
ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында да 
ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен 
жауыздық қатар көрсетіледі. Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан 
зор екендігі ертегі сюжетінен анық байқалады. Ертегілерді оқу арқылы 
балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық 
сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегілер әрқашанда қазақ 
халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген және болашақта 
да солай болып қала бермек. Себебі, ертегілердің мазмұнында 
халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, 
адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы т.б. бейнеленген. 
Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, 
түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, 
еңбексүйгіштік тәрбиелермен қоса, адамгершілік құндылықтарды да 
жас ұрпақтың бойына сіңіртері анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет