«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет129/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
174
175
өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екендігін дәлелдеп 
келеді [40-48 б.].
Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең жақыны балаларға ол ертегі 
болмақ. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер 
ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің 
тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан. Ертегі арқылы айнала 
қоршаған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын 
сезіне біледі, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын 
бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік 
алып, адамгершілік тәрбиесінің бастауларына ден қояды [1, 33 б.].
Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген адамгершілігі мол 
азамат етіп тәрбиелеуде ертегінің алатын орны ерекше. Ертегі 
адамның қиялына қанат бітіреді. Білмегенді білгенге сүйрейді. 
Кімдерден, қай кейіпкерлерден аулақ болуды насихаттайды. 
Бұл өшпес зор туындылар бала болашағының мәнді мақсатты 
көзқарасын тудырары сөзсіз.
Ертегі әрбір баланың жеке-дара ой дүниесінің ең нәзік 
белгілерін жанып тегістейтін жанғыш болып табылады, ал 
сонымен бірге ол балалардың бірінің жүрегін біріне айқара 
ашады, балалар ұжымында нәзік интеллектуалдың өзара қарым-
қатынастарды тудырады. Ертегі бұл менің балалармен рухани 
қатынас жасауымның ең бақытты сәттері, ал балалар үшін теңдесі 
жоқ ойлану шаттығы. Ертегі – бұл ой бесігі, бала тәрбиесін жолға 
қойғанда, ол осы бесік жөніндегі толғанулық естеліктерді өмір 
бойы сақтайтындай ету керек. Ертегі – бұл ойлау ләззаты, ал ертегі 
шығара отырып, баланың ойлауға өз қабілетін орнықтырады, сол 
арқылы өзінің ар-намыс сезімін орнықтырады.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат 
– міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын 
салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу [238-240 б.].
Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық 
технологиялар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қияларын өз 
ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.
Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы 
маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне 
жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол 
мұра. Оның осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты.
Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер 
орындаған. Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған. 
Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, 
қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің 
қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-
құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады [27-34 б.] Дүниеге ғылыми 
көзқарастың қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс. Балалық шақтан 
балаларды қоршаған болмысқа дұрыс түсінікті тәрбиелеу қажет. 
Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен отбасы, 
балабақша және мектептің жұмысы балада болмысқа деген белсенді 
танымдық қатынасты оятуға бағытталуы керек. Болмысқа танымдық 
қатынасты ояту мен тәрбиелеудің бір жолы -өмірді тікелей бақылаудан 
басқа танымдық әдебиеттерде жатыр [1, 230 б.].
Еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжірибесі, 
оның мәдениеті мен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібінің 
түрлері, тілінің шебер ерекшелігі қамтылған халық ауыз әдебиетінің 
ерекше түрі – ертегілердің бала тәрбиесінде алатын орны орасан 
зор. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, 
сүйе айтып, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.
Ертегілер – халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге 
құрылған оқиғалы көркем шығарма. Онда табиғаттың адам 
баласына жұмбақ болып келген сан алуан құбылыстары айтылады, 
үстем тап өкілдерінің зұлымдық, қастандық әрекеттері әшкере 
етіледі, тыңдаушысын өмір күресіне бастайды, адам арманының 
жарқын болашағына жөн сілтейді. Ертегіден халықтың әр кездегі 
тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүние танудағы 
түсінігі мен көзқарасы көрініп отырады.
Халқымыз ертегілерді өскелең ұрпақты елін, Отанын сүюге, 
халыққа адал қызмет етуге тәрбиелейтін құралдың бірі есебінде 
пайдаланған. Ондағы алуан түрлі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, 
олардың тапқырлық, айлакерлік, адамгершілік, ерлік істерін 
жастарға үлгі, өнеге еткен. Бұл ретте де ертегілердің тәрбиелік 
мәні зор болған.
Ерте замандардан бүгінгі ұрпаққа жетіп отырған ертегілер 
біздің заманымызда да тәрбиелік мәнін жойған жоқ. Ескі мәдени 
мұраны қадірлей білетін оқулық құрастырушы әдіскерлер 
бұл жырлардың ең таңдаулысын, идеялық-көркемдік сапасы 
жоғарыларын пайдалануда. Бұған ертегілердің ең таңдаулы 
үлгілерінің бастауыш сынып оқушыларына оқытылуы дәлел. Зор 
адамгершілікті, сүйіспеншілікті, ерлікті, ақыл-парасаттың небір 
керемет үлгілерін суреттейтін ертегілерді халық аса жоғары бағалап, 
ескіден сақталған мәдени мұраның – халықтық педагогиканың ең 
жақсы үлгілері деп таниды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет