«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТ



Pdf көрінісі
бет132/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТ
МЕЙРАМБЕКОВА Е. М.
8 сынып оқушысы, № 47 ЖОББМ, Семей қ.
АЛПИЕВА А. Т., САРИНА Н. У.
өзін-өзі тану және тарих пәнінің мұғалімдері, 
№ 47 ЖОББМ, Семей қ.
Халқымыздың ежелден бері қалыптасып, ғасырлар бойы 
сақталудағы дәстүрлі мәдениеті заманның ағымына қарай өзгеріске 
ұшырап, ерекшеліктерге ие болғанымен, желісін үзбей жалғасын 
тауып келеді. Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық мәдениетіне 
қайта оралудың маңызы туралы Елбасы Н. Ә. Назарбаев өз ойын 
былайша білдіреді: «Әр халықтың өміріндегі терең имандылық 
пен рухани негіздерге – дәстүрлерлерге назар аудару керек
[1, 3 б.]. Оның халық өміріндегі рөлі еш даусыз. Мәдени дәстүрлер 
қашан да әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Өзінің 
ұлттық тарихи-мәдени тамырларына қайта оралу – бұл, әрине оң 
процесс. Қазақстанда ұлттық тілді, қарым-қатынасты, мәдениетті 
дамытуға барынша қолдау жасалып отыр. Біз барлық мүмкіндіктерді 
жұмылдырып, қоғамның ендігі жерде халықтың рухани түлеуіне, 
оның мәдениетін көтеруге, тарихын және мұрасын қалпына 
келтіруге, оны өркениет дамуынан кенже қалдырмауға ұмтылып 
отырмыз. Бұл өзімізді танудың, әрі тәрбиелеудің, ең бастысы жас 
ұрпақтың бойына шынайы отаншылдық сезімін дарытудың жолы».
Ұлттық дәстүрді сақтай білу, құрметтеу – ұрпақтардың өз 
тағдырына аялай қарауы, қадірлеп қастерлеуі, иманды тірлігінің 
ұятына сенуі. «Қай халық болса да өз тарихын, төл дәстүр-
салтын, ауыз әдебиетін, тілін қастерлейтіндігі» туралы академик
М. Қозыбаев та жазып кеткен [2, 10 б.]. 
Зерттеудің алдына қойған мақсаты мен міндеттері: зерттеулер мен 
деректер негізінде ұлттық мәдениеттегі мемлекеттік саясат жағдайында 
орын алған үдерістерге ғылыми талдау жасау мақсаты қойылды. 
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды:
– Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің мәні-мағынасын ашу; 
– Ұлттық-дәстүрлі мәдениеттің өзгеріске ұшырау кезеңдеріне 
шолу жасау; 
– дәстүрлі мәдениеттің қайта жаңғыруы және оның жүзеге 
асырылу тарихын баяндау; қорытындыларына баға беру.
Халық өзінің ұлттық мәдениетін, дәстүрін, әдет-ғұрпын 
қадірлеуі қажет. Бұл біздің ұлттық құндылықтарымыз. Ұлттық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет