«ОҚУШЫЛАР » сериясы «XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» 182
183
Біздің соңымыздан қалмай келе жатқан тағы бір жаман
әдет бар- қазақ тілін жақтаушыларды заманнан артта қалған,
Қазақстанның қазіргі көпұлттық бейнесін түсінуге қабілетсіз
біреулерге балаушылық. Оларға айтарымыз- барша қоғам мүшелері
сияқты біз де қазақ қауымының бірнеше тіл білуіне қарсы емеспіз,
дүние жүзіне танымал тұлғалар тілін үйрену қажеттігін жақтаймыз.
Дегенмен басқа тілді білгенде Абай мен Махамбеттің, Жамбыл
мен Мұхтардың тілінің өзінің тарихи Отанында есіктен сығалып
қалуына қарсымыз.
Өзінің ана тілін терең меңгерген адам ғана өзге тілдердің
өміршеңдігін бағалай алмақ. Қазіргі шақта қазақ теледидарының
тілі әсіреқызыл бос сөздерден, жалпы -ламалықтан біршама
арылып, табиғилана бастады, дегенмен ана тіліміздегі дайындалған
хабарларда тілдік түйткілдер әлі де жетерлік. Бірер ғана мысал.
Cөздің тоқ етері, қазақ тілінің алдағы тағдыры ол күнкөріс-кеңсе
тіліне, яғни іс қағаздарын жүргізу тіліне айнала ала ма, жоқ па деген
басты мәселеге келіп тіреледі. Ана тіліміз республика көлемінде
шын мәнінде кеңсе тіліне айналған күнде ғана халықтың ынтасы
оған өз-өзінен аумақ, олай болмаған жағдайда Конституцияға
кіргізіп, сөз жүзінде мемлекеттік тіл деп қанша әспеттегенімізбен,
ол қоғамға керексіз, нан тауып жеуге жарамайтын, құр әншейін
тұрмыстық, асүйлік тіл болып қала береді. Ондай жағдайда
балаларын қазақ мектептерінен орыс, ағылшын, түрік тілінде
оқытатын мектептерге ауыстырып жатқан ата-аналардың саны
жылдан-жылға көбейе түседі де, қайран ата-баба тілі бодандық
тұсындағы кейпін қайта киеді.
Тіл мәдениетінің бір саласы- сөйлеу мәдениетін ұлттық
мүдде ретінде тану, сөйлеу мәдениеті теледидардағы сөйлеушінің
мәдениеті немесе өнер адамының ресми ортада- кездесу, маслихат
не мәжіліс кезінде, көпшілік ортадағы мәдени дәрежесін көтеру
ғана емес, жалпы халықтың сөйлеу мәдениетін жаппай насихаттап,
ұсынымын бекіту.
Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап-ақ,
мемлекеттік мәдениет саясатынды ұлттық құндылықтарды, бүкіл
мәдени мұраларды сақтап қалуға және қайта жаңғыртуға баса назар
аударылуы кездейсоқ нәрсе емес. Мәдениеттің ұлттық тамырларына
қайта оралу үдерісі арқасында Қазақстанда ұлттық тілді, дәстүрлі
мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр.
«Қазіргі жаһандану жағдайындағы ұлттық мәдениет және қазақ
тілінің мәселесі» атты зерттеу әдісінің әлеуметтік мониторингісі
Респонденттердің қатысуымен жүргізілген әлеуметтік
сауалнама бойынша қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық мәдени
мұраны сақталу деңгейін анықтадық. Сіздердің назарларыңызға
ұсынылып отырған әлеуметтік сауалнама материалдары осыған
дәлел.
Кесте 1 – Қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық мәдени мұраны
сақтап жүрміз ба? ( %)
Қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық мәдени мұраны сақтап
жүрміз ба?
1
Кейде
6,6
2
Иә
33,3
3
Жоқ
60
1-кестеде «Қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық мәдени
мұраны сақтап жүрміз ба?» деген әлеуметтік сауалнаманың
сұрағына берілген респонденттердің жауаптары пайыздық
мәндерімен берілген.
Респонденттердің 60 %-ы жоқ деп жауап берген. Бұдан
байқағанымыздай қоғамда ұлттық мәдени мұраны жете түсінбеген.
Оны сақтауға жұмыстар жүргізілмегеннің бір дәлелі осы. Тақырып
ауқымында жұмыс жүргізуді қажет етеді.
Қазақ жастары көп кедергілерге кездессе де, оқу-білімге деген
ынталары жоғары болды, бірақ қазақ тіліндегі оқулықтардың
жетіспеуі салдарынан мамандық таңдауда көп қиыншылықтарға
тап болып отырды. Қазір де ана тілінде оқытатын мектептер өте
аздық етеді, сондықтан болашақта қандастарымыздың болашағы
үшін қолдан келген көмекті аямау қажет деп есептейміз;
Қазақстандық мәдени үдерісте халықтық рухани құндылықтар
шарттарын жүзеге асыру, қамтамасыз етуде келесі мәселелерді
ұсынамыз:
– әлеуметтік-ұлттық саясат принцптерін нығайтып,
аймақтардағы халықтың дәстүрлі рухани мәдениетінің өмір сүру
деңгейін көтеруде, тиімді жергілікті бағдарламаларды көбейту.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Ататек, -1998
жыл.412 бет.
2 Қозыбаев М. Ұлттар мен өркениет. Алматы: Атамұра, 2004
жыл. 520 бет.