Сабақ Тақырыбы : «Тілім өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем»



Дата20.06.2018
өлшемі92,98 Kb.
түріСабақ
Сыныптан тыс сабақ

  Тақырыбы:  «Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем»



Мақсаты:

Ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, ата-баба дәстүріне адал болуға тәрбиелеу.

Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер    арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

Көрнекілігі: слайдтар,  қанатты сөздер, тіл мерекесіне орай шығарылған газеттер, бүктемелер.

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

         Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

         «Адамға екі нәрсе тірек тегі,

          Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, - демекші,

  «Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Барысы.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру: Оқушылар екі топқа алдын ала бөлініп қояды. Әр топтың басшылары тағайындалады. «Қазына», « Мұрагер»

1.     “Сәлем- сөздің анасы” таныстыру

«Әдепті елдің баласы

           Алыстан сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз.

2.     “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы” мәнерлеп оқу

3.     “Мақал – сөздің мәйегі ” мақал сайысы

4.     “Тапқыр дос” өлең құрастыру

5.     “Сөз тапқанға қолқа жоқ” керек сөзді тауып,  екі тілге аудару

6.     “Өнер алды-қызыл тіл” капитандар сайысы

1. турымыз    “Сәлем- сөздің анасы” таныстыру

«Әдепті елдің баласы

           Алыстан сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз. Әр топ өздерін таныстырады.

2. турымызды “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы”  деп атап,

 Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.  - дей келе,

  Қазақ ақындарының шығармасынан өлеңді мәнерлеп оқып жарысайық. Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің елін қалай сүюімен, білуімен, ардақтауымен өлшенеді. Бұл азаматтық борышты ақын қалай жырлайды? Ақындардың өлеңіне арналады.

    3.  туры мақал-мәтелдерге арналады. Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұраны  қаншалықты білетіндіктерін көрсетеді..

Мақал – сөздің мәйегі ” мақал сайысы мақалдың жалғасын тауып, жалғастырып айтады.

 

1. Өнер алды –  ....................


 2. Ана тілі азбасын
     .......................................
 3.  Тіл тас жарады, ............................
 4. Бас кеспек болса да, ............................
 5. Шебердің қолы ортақ, .........................
 6. Ең ащы да – тіл, ең тәтті де – тіл,
     ..............................................
 7. Ақылдың көркі – тіл.
      ......................................................
 8. Тілден артық қазына жоқ
       ................................................
 9.  Тіліңді ноқталасаң,
      ...................................................... 
 10. Білекті адам бірді жығады, 
       .............................................

 

4. тур. Осы  кезекте алдын-ала дайындалған парақтардағы мақал-мәтелдердің түсіп қалған сыңарын тауып екі тілде баламасын айту.



 

1.Құлақтан кірген....       Жүрекке барып мұз  болар                                        

                                                                   (Сөз-слова)

 2.Таза мінсіз асыл ...  Су түбінде жатады,

    Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады.

                                                         (тас-камень)

  3. Бас кеспек болса да, ...   кеспек жоқ.

                                                              (тіл – язык)

  4.Сөз анасы – құлақ, ... анасы – бұлақ.

                                                                         (су – вода)

  5.Ілім – бұлақ... – шырақ!

                                                                      (білім – знание )

  6. Жігіт бір сырлы, ... қырлы  болсын.

                                                            (сегіз – восемь )

    7.Тіл тас жарады, Тас жармаса...жарады.  

                                                            (бас-голова)

    8.Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ... біл.

                                                                         (Ілім-знание)

     9.Қаһарлы сөз ... бұзар.

                                                              (Қамал-замок) 

     10.Ине көзінен сынады, ... сөзінен сынады.

                                                                     (Шешен –оратор)

    11.Айтылған сөз, атылған ... тең.

                                                                     (Оқ-пуля)

     12 ... сөз  жарым ырыс.

                                                                      (Жақсы-хорошее)       

 

7.     Сайысымыздың  келесі бөлімі  “Тапқыр дос” өлең құрастыру

 деп аталады, берілген әріптерге өлең құрастыру . А,Б,Қ,О



8.     “Өнер алды-қызыл тіл” капитандар сайысы

Берліген сөздерден мақалдар құрайды.


Қорытындылау, марапаттау.
Жүргізуші:      Ана тілі – асыл күні бабамның,

                          Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.

                          Сәби шақтан бесігіме жыр тыңдап,

                          Туған тілді жаттап өскен баламын.

«Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт, – дей отырып бүгінгі «Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем»  атты орыс сынып  оқушыларының арасында ұйымдастырылып отырған сайысымыз  осымен өз мәресіне жетті.

Қош сау болыңызар!  



 
Каталог: uploads -> doc -> 01e3
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01e3 -> Сабақтың тақырыбы программалау тілдері. Сабақтың мақсаты
01e3 -> Сабақтың тақырыбы: Проблемалық сабақ өткізудің жолдары, әдістері, ұйымдастыру формалары, дайындау, талдау


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу