«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет120/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
160
161
2000 жылдардың басы мен ортасында «жасырын» жұмыстары 
арта түсті. Осы кезеңде басқа елдердегі лаңкестік істерде Қазақстан 
азаматтары қосылған.
Мысалы атышулы 2004 жылдың көктемі мен жазында 
Өзбекстан билігіне қарсы бір топ лаңкестік әрекеттерді «Орталық 
Азия жамаат моджахедтері» тобы ұйымдастырған, өкінішке орай 
оның ішінде Қазақстан азаматтарды да белсенді ат салысқан. Олар 
ақыры отандық арнайы жасақпен ұсталған.
Сонымен қоса, Қазақстан азаматтары Ауғанстан және т.б. 
мемлекеттерде белгісіз қаруланған топтар құрған деген ақпарат 
та бар еді. Сол себепті 2005 жылы атақты америкалық үкіметтік 
емес «Ұлттық барлаушы кеңес» деген ұйым «Карта глобального 
будущего» атты аналитикалық болжамдық баяндамасын жариялады. 
Сонда Қазақстанды Ресеймен, Әзербайжанмен, Түркіменстанмен 
бірге террористік тәжірибесі жоғары, арнайы дайындалған 
радикалды исламистер тобы және «профессионалды джихад 
сарбаздарының» базасы орналасқан аумақтың құрамына енгізген. 
Басқаша айтқанда, лаңкестік қауіптен тыс саналған еліміз осы 
кезеңде әр түрлі эксперттік істерде ескеріле бастады.
3 кезең – 2011 жылдан бастап бүгінге дейінгі уақытты қамтиды. 
Осы аралық Қазақстан жеріндегі белсенді лаңкестік әрекеттермен 
сипатталады. Алғаш рет көшелерде террористер полицияға оқ атты, 
өздерін жарды, террористерге қарсы арнайы операциялар жасалды. 
Солардың мысалы ретінде келесі оқиғаларды атауға болады:
2011 жылдың 17 мамырында Ақтөбе қаласының ҰҚК 
орналасқан аумағында 1986 жылы туылған Махатов Рахымжан 
өзін-өзі жарып жіберген.
2011 жылдың 17 мамырында Астана қаласының ҰҚК 
департаментінің маңында автокөлік жарылысы болған. Оқиға 
орынында екі өлік табылған.
2011 жылдың 31 қазанында Атырау қаласының әкімшілігі мен 
прокуратурасының маңында екі жарылыс орындалған.
2011 жылдың 8 қарашасында Алматы қаласының екі полиция 
қызметкері өлтірілген.
2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында Мақсат 
Қариев деген азамат ішкі істер органның 3 адамын жаралап, аса 
күрделі түрде 7 кісіні, соның ішінде құқық қорғау органдарының 
5 қызметкерлерін жер жастандырған.
2012 жылдың 21 маусымында Ақтөбеде үш жас азамат такси 
жүргізушісіне шабуыл жасап, көмекке келген полиция қызметкерін 
атып өлтірген.
2012 жылдың 13-14 тамызында Алматы облысы, Іле Алатауы 
ұлттық паркінде 12 адам өлтірілген.
Осыдан келесі қорытыдыны жасауға болады – экстремизм мен 
терроризм латенттік жасырын кезеңнен, ашық кезеңге көшті. Яғни 
тура әрекеттер жасалды, мемлекетке қарсы шықты.
Мұның бәрі – террористердің өзіндік позициясы бар біріккен 
күш екенін көрсеткісі келеді.
Олар негізінен полицияға, мемлекеттік органдарға қарсы 
шығады. Не себепті дәл билікке, құқықтық органдарға қарсы 
басталды? Мәселе, сүйікті тактикалары бойынша халықты билікке, 
құқықтық ұйымдарға қарсы қою. Бұлай жасалу себебі, олар барлық 
Қазақстанға емес, тек полиция мен күшті органдарға т.б. қарсы 
соғысқандай көрсеткісі келеді.Ал бұның артында ммлекетке 
деген, одан соң бүкіл халыққа деген қарсылық бар. Ол осы себепке 
негізделген: өз ойлары бойына қазақстандықтар дәстүрлі ислам 
көзқарасын ұстанбайды, олар адасқандар деп түсінеді.
Қазіргі таңда Қазақстан территориясында лаңкестік және 
экстремистік сипаттағы 18 деструктивті ұйымға тыйым салынған. 
Бұл ұйымдардың ережесіндегі мақсаттары мен міндеттері
ҚР Конституция мен Заңдарына қарсы. Олар: «Аль-Каеда», «Асбат-
аль-Ансар», «Боз Гурд», «Мұсылман ағайындары», «Орталық Азия 
моджахидтер жамағаты», «Шығыс Түркістан Ислам партиясы», 
«Өзбекстанның ислам қозғалысы», «Курд халық конгрессі», 
«Лашкар-и-Тайба», «Әлеуметтік реформалар қоғамы», «Шығыс 
Түркістан азаттық ұйымы», «Талибан» қозғалысы, «Хизб-ут-
Тахрир-аль-Ислама», «Ата жол», «Халифат сарбаздары», «Таблиги 
жамаат», «Алля аят», «Аум Синрике».
Лаңкестік топтардың түрлілігі қанша көп болғанмен оларды 
бір нәрсе біріктіреді, ол – ұйым мүшелерінің ұйым мақсаты мен 
идеалдарына соқыр, көзсіз берілу. Осы мақсаттар мен идеалдар 
адамдарды ұйымға шақырады деп ойлауға болады. Бірақ, маңыздысы 
бұл емес. Идеалдар мен олардың мақсаттары мүшелерді өте ақылды 
түрде ұйымның меншігіндей етіп түсінік береді. Басты себебі – 
топтарға деген күшті тәуелділік пен олардың тұлға ретінде басқадан 
жоғары ерекше өзіндік тағдыр бар деген сенімділік сезімі. Ұйым 
мүшелері көбінесе белгілі бір себептермен қоғамдық құрылымның 
ішінде бар қиыншылықты көргендер, нашар отбасынан шыққандар, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет