«ОҚУШЫЛАР » сериясы «XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» 162
163
жұмысын жоғалтқандар немесе мүлдем жұмыссыздар. Сонымен
қатар жоғары білімді мамандар да кездесіп жатады. Мүшелікке
кіріп кетудің тағы бір үлкен себебі діни сауатсыздық. Сонымен
қатар тағы бір басты себебінің бірі жанұя бере алмаған тәрбие,
отбасы институтында қалыптасатын адами құндылықтарды бойына
сіңірмеу. Яғни, бүгінгі күнгі отбасылардың тұрақсыздығы, сәби
баланың ата-анасынан тәрбие алмауы. Көптеген психологиялық
ауыртпашылықтарды бастан кешуі бұл өте күрделі мәселе. Осындай
жағдайлармен ортадан жекеленіп қалғандар сезімі, өзі сияқты
қоғамға қарсы топтарға тез кіріп кетуіне мәжбүр етеді, әрі бұл бұл
негізгі себеп. Лаңкестердің басты ортақ белгілері өздерін басқадан
жоғары қою, суперэго сезімінің тым басымдығы.
Мұсылмандықты қабылдаған басқа халықтар сияқты
қазақтарда да ислам діні олардың көп уақыт бойы қалыптасқан
ежелгі діни наным сенімдерімен тығыз байланысты. Сонымен қатар
ҚР территориясында діни экстремизммен байланысты ұйымдардың,
террористік типтегі топтардың кең көлемде жайылуына мұрша
бермейтін, қанымызда қалыптасқан факторлар бар.
Бұл, біріншіден, дәстүрлі исламның ұлттар ішінде терең
тамырының және тарихи-мәдени байланысының аздығы.
Екіншіден, Қазақстан халқының бұрыннан қалыптасқан ділі
Республика аумағындағы діни бірлестіктерге толерантты қарым-
қатынас ұстауына негіз болып отыр.
Үшіншіден, Республика халқының ішінде экстремизмді
таратушы көп түрлі топтардың болмауы.
Төртіншіден, көп жағдайда діни бірлестіктердің өз көзқарастары
мен ілімдерін ашық насихаттауға мемлекет тарапынан бақылаудың
болуы.
Міне осыған байланысты көрші мемлекеттердің түрлі өкілдері
өз назарларын ҚР салуда, олар діни экстремизмнің негізін салып,
дамуына жағдай жасай алатын шарттарды таба алмауда.
Діни экстремизм мен механизмнің, терроризмнің мұсылмен
елдерінің қоғам өміріне таралуына исламның әлеуметтік мәдени
әсерін ескеру қажет. Өйткені ол ішкі діни және әлеуметтік-саяси
құрылымын құраушы факторлардың бірі.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру үшін жұртшылықтың,
діннің өз әлеуетін пайдаланып, бірлесе қарсы тұру өте қажет.
Бүгін, басты мақсат – ауызбіршілігіміздің сақталуы,
әрқайсымыздың бойымыздағы рухани құндылықтарының көбеюі,
сонымен қатар терроризмнің шынайы бет-бейнесін көрсету және
де осы үшін Қазақстан халқның көп ғасырлық ұлттық және
конфессияаралық төзімділік тәжірибесіне арқа сүйеуіміз керек.
Осы жайлы Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «бүгініміздің бұзылмас
негізі және ертеңіміздің берік фундаменті болып, болашақтағы
қоғам алдында тұрған азаматтық міндеттерді шешімі болып
табылады» деген. Еліміздің сыртқы саясаттағы беделі артқан тұста
іштен бүлінсек, Қазақстан үшін содан асқан соққы болмайды.
Іш-сыртымыз бүтін, саясатымыз орынықты болса, «Қазақстан
– 2050» даму стратегиясының мақсатындай әлемнің дамыған
30 мемлекетінің қатарыны қосыла аламыз. Бұл асқақ арманымызды
тек бір жанұядай бірлігіміз болса орындай аламыз. Нұрсұлтан
Әбішұлының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының көздегені де осы.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 http://www.inform.kz/kaz/article/2518877 ҚР Президентінің
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
2 http://adyrna.kz/?p=1635 Діни экстремизм мен терроризм
қайдан шыққан? (М.Ж. БҰЛҰТАЙ, Философия ғылымдарының
кандидаты, дінтанушы)
3 http://www.zakon.kz/4596271-v-kazakhstane-podvodjat-itogi-
borby-s.html В Казахстане проводят итоги борьбы с религиозным
экстремизмом
4 Ержан қажы Малғажыұлы, Дін мен дәстүр, Алматы 2017
5 Е.А. Оңғаров, Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары,
Алматы 2016