«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет113/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
148
149
Адамгершілік мәселелері туралы әл-Фараби, Ыбырай, Абай, 
т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын 
өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-
тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің 
мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. 
Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады» деген. 
Сонымен қатар әл-Фараби «Адамға ең бірінші керегі - тәрбие беру. 
Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның 
өміріне опат әкеледі», - деген екен [2].
Адамгершілік туралы ұлы Абай Құнанбайұлы сөз қозғаған. 
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер 
қалдырды.
Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза 
болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. 
Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, 
кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз 
қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды 
бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады. 
Екінші талабы - тұрақтылық, «Қылам дегенін қыларлық, 
тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды 
сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын» дейді. 
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені 
белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет 
істеуі [2].
Адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өз елінің 
патриоты болуын талап етеді, ал мұның өзі белгілі дәрежеде ұлттық 
дәстүрлерді, ұлттық ережелерді мақтанышты, ар-ожданды жақсы 
білу. 
Патриотизм (грек сөзі) – Отанға, туған жеріне, мектебіне 
деген сүйіспеншілік. Әрбір азаматтың бойында күш-қуаты мен 
білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау деген сөз. Патриотизм 
- Отанымыздың гүлденуіне экономикамыз бен мәдениетіміздің 
қарыштап дамуына зор ықпал етеді.
Адамгершiлiкке байланысты пайда болған ұғымдар: жомарттық, 
батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, 
шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. 
Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, 
пайда болған әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді тудырып, солармен 
сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама-қарсы, теріс 
қарым-қатынаста пайда болады. Адамгершiлiк қасиеттері отбасында, 
қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-
әрекетiнiң барысында бiр-бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық 
тәжiрибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасады. 
Халықта: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң» деген мақал бар. 
Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi 
де қалыптаспайды.
Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң 
ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. 
Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, 
Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз 
халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге 
абырой, атақ, даңқ әкелді. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.
Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер 
қалыптасуы керек. Олар: Отансүйгiштiк. 
Қазақ елi – бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны қастерлеп, 
қадірлеп қадір тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен 
ел-жұртын, атамекенiн шын көңiлiмен сүйетін болады. Өйткені 
халқымыз «Отан – от басынан басталады». 
Әдептiлiк - халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, 
имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы 
қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық 
кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық 
астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай 
да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр 
адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, 
қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу, 
құстарды ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп 
сақтау – халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз 
бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда 
адамгершiлiк борышты өтеу. «Әдептiлiк - әдемiлiк» дейдi халық. 
Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.
Бауырмалдық - халқымыздың бауырмалдығы «Бала бауыр 
еттен жаралған» деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. 
Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы жат емес, барлық 
адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай болса оқушыларды 
бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет. 
Қайырымдылық - «Қазақтардың» – деп жазды, осы халықтың 
өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А. И. Левшин: «(1799-
1879) – басқа Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет