ТЕКТІЛІКТІҢ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҮШІН МАҢЫЗЫ ТӨЛЕГЕН Ұ. Д.
оқушы, № 26 мектеп-гимназиясы ДИХАНБАЕВА К. Қ.
мұғалім, № 26 мектеп-гимназиясы Қазақ – қашаннан ұрпағымен, баласының саналы тірлігімен
мақтанған халық. Еліміз қашаннан соңында қалған тұяғының есті,
тәрбие көрген текті болуын қалаған. Ал тектілік деген не? Тектілік
деген – адам бойындағы бар ізгі қасиеттердің, көркем мінездің
жиынтығы [1, 5].
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде « текті» сөзіне келесідей
анықтамалар берілген: 1) шыққан тегі бір, тұқымдас, тектес; 2)
тегі, шыққан жері жақсы. Ежелден, ата-бабаларымыз тектіліктің
деңгейлерін тұқым мен қан тектілігі, азаматтың және халықтың
тектілігі деп ажыратқан. Текті ғылыми тұрғыда, тірі ағзалардағы
тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтарын анықтайтын
генетика ілімі зерттейді. Текті зерттеу Еуропада ХІХ ғасырда ғана
кең етек жая бастады. Ал халқымыз оның тәжірибесін ықылым
заманнан-ақ қолданып келеді [1, 25].
Ген (грек genos – туысы, тегі) – хромосоманың белгілі бөлігіне
орналасқан тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі.
Бір ағзадағы геннің тұтас жиынтығы оның генотипін құрастырады,
ол генотип фенотиптің барлық қасиеттері мен белгілерінде көрінеді.
Ағза табиғатында тұқым қуушы зат бар екенін Г. Мендель ашқан.
Мендель ағзаның әрбір белгісі сол затқа байланысты екенін ол заттың
ұрпақтан-ұрпаққа жыныс клеткалары арқылы беріліп отыратынын
анықтады. Ген терминін В. Иогансен 1909 жылы ұсынған. Т. Морган
1911 жылы тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясын
ұсынды. Хромосомада әр ген дәл орналасып оның орнын ген локусы
дейді. Ағзаның әр түрлі белгілерін анықтайтын гендер көп жағдайда
жұп болады. Гендер жұбы аллельді гендер деп аталады [2, 12].
Адамның тұқымқуалаушылық және өзгергіштік қасиетін
зерттейтін генетика ғылымының бір саласын антропогенетика
деп атайды. Адамның биологиялық пісіп-жетілуі, мінез-құлық
қасиеттері тұқым қуалайтын гендердің бақылауында болады.
Тұқым қуалаушылық – ұрпақтар арасындағы материалдық
және функционалдық сабақтастықты қамтамасыз ететін тірі
организмдерге тән қасиет. Тұқым қуалаушылыққа байланысты
тірі организмдердің морфология, физиология, және биохимиялық
құрылымы мен жеке даму ерекшеліктері ұрпақтан ұрпаққа беріледі
[2, 41].
Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінің мәні.
Жалпы адамзат қоғамының әр кезеңдерінде пайдаланылған
дәстүр салттың түрлері көп. Олар- бір ұлтқа тән халықтық дәстүр,
кейбір елдерде тайпалық және рулық дәстүр, тәптә туысқандық
дәстүрлер деп те жіктеле береді. Бүкіл халықтық тәлім-тәрбиемізге
ерекше әсері бар ата-бабамыздан қалған үш қана дәстүрге
тоқталайық.
Бірінші – халқымыздың тегін сақтаушы – жеті атаға дейін қыз
алыспау дәстүрі.
Екінші – өзінше ерекшелігі бар туысқандық дәстүр.
Үшінші – шаңырақ көтеріп жанұя құру салты.
Қазақ халқының тектілігі халық жадында сақталған мұралар
шежірелік дәстүрдің биологияның генетика саласымен тікелей
байланысын зерттеу мақсатында: «Ген немесе тек дегеніміз өмір
кілтін сақтаушы құдірет» атты тақырыпта ғылыми зерттееулер
жүргіздім.
Генеалогиялық әдіс адам генетикасын меңгеру мақсатындағы
методиканың бірі.
Адамдарда тұқым қуалайтын белгілердің ұрпақтан – ұрпаққа
берілу жолдарын анықтау.