«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет145/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
200
201
«Жеті ата»заңдылығы және қазіргі медицинаның зерттеуі 
бойынша туысқандық некенің зиян екені туралы жастардың 
хабарсыз болуы.
Жеті атасын білмеген жетесіз деп, қазақ халқы бекер айтпаған.
Жастар проблемасы өкінішке қарай сіз бен біз өмір сүретін қазақ 
қоғамында біз ес білгелі «тек» «проблема»болып келеді. Арабтың 
атақты жазушысы әл-Жаһиз түріктер»-жалтақтауда, жалынуды, 
жылтыр сөзді, опасыздық, сатқындықты, өтірік айтуды, сенген 
адамдарына тәкаппарлық көрсету мен жамандық жасауды, арам 
ойлауды білмейді деген екен. Ендеше, осы қасиеттер ген арқылы бүгінгі 
қазақ халқының бойына беріліп отыратындығы сөзсіз. Тектен дарыған 
қазынамызды тәрбиелеп, келер ұрпаққа қалдыра алсақ игі.
Шежіре (арабша шаджарад – бұтақ, тармақ) – халықтың шығу 
тегі, таралуын таяндайтын тарих ғылымының бір тармағы. Сәбит 
Мұқановтың анықтамасы бойынша «Шежіре» деп кімдерден кімдер 
туып, қалай өрбігенін баяндайтын ерте заманнан атадан балаға 
мирас болып келе жатқан ауызша деректерді айтады.
Шежіре құрастыруды бастайтын адамды пробанд деп атайды. 
Оның іні-қарындастарын сибстер деп белгілейді [4, 8].
Кесте 1
І
Ата ұрпағы
ІІ
Әке ұрпағы
ІІІ
Өзінің ұрпағы
ІV
Балалар ұрпағы
V
Немерелер ұрпағы
VI
Шөберелер ұрпағы
VII
Шөпшектер ұрпағы
Тектілікті тәрбиелемесе, ол ешқашан да дамымайды. Адамның 
өмірге бейімделуі мен қоршаған әлеуметтік ортасының оның 
индивид, тұлға болып қалыптасуына әсері мол. 
Қазақ халқы егер де өзінің тегіне талдау жасап, ненің дұрыс, 
не бұрыс бағытта келе жатқандығын ескеретін болса және қарсы 
әрекет етіп, ең бірінші психологиялық тұрғыда дайындық жасаса, 
қанмен келетін мұндай «кеселдерге» қарсы тұруға әбден болады. 
Текпен келетін түрлі белгілердің адам түпкі мәнін түсінбей, кінәні 
тек өзінен іздеуі мүмкін. Алайда, оның тектен келе жатқандығын 
білсе, онымен күресіп, тойтарыс беруге болады. Осылайша, белгілі 
бір теріс белгілерді адам ұрпақтан ұрпаққа тасымалдаушы болмай, 
қайта онымен күресуге бел байлағаны дұрыс. 
Генетикалық тұрғыда адамның бойындағы жақсы қасиеттердің 
белгілердің тұқым қуалау арқылы 75-80 пайызын тектен, ал 
қалғанын тәлім – тәрбие, қоршаған әлеуметтік ортадан алады екен.
Адам генетикасының ерекшеліктері:
Жалпы адамзат қоғамда өмір сүргендіктен, оның эволюциялық 
дамуында әлеуметтік факторлардың да рөлі бар. Бірақ біз тек 
биологиялық жағын қарастырамыз.
Адамның генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі – оның 
генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтар бар. 
Олар: жыныстық жағынан кеш пісіп жетілендігі; әр отбасынан 
тарайтын ұрпақ санының аздығы; барлық ұрпақтың тіршілік 
ортасын теңестірудің мүмкін еместігі; хромосома санының көп 
болатындығы; адамға тәжірибе жасауға болмайтындығы және басты 
бір қайшылық – адамның кейбір тұқым қуалайтын қасиеттерінің, 
мысалы, қабілеті мен мінез-құлқының дамып қалыптасуына кедергі 
келтіретін ұлтшылдық, нәсілшілдік сияқты әлеуметтік теңсіздіктің 
болатындығы. Осы аталған қиыншылықтарға қарамастан, кейінгі 
кездерде адам генетикасы жедел қарқынмен дамуда. 
Ең соңғы жаңалықтардың бірі – ХХІ ғасырдың басында 
адамның генетикалық кодының шешілуі.
Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістері:
Адамның генетикасын зерттеудегі кездесетін қиыншылықтар 
туралы айтылды. Соған қарамастан оның тұқымқуалаушылығын 
зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер бар. Олар: генеалогиялық, 
цитогенетикалық, егіздік, онтогенетикалық, популяциялық және 
биохимиялық әдістер.
Генеалогиялық әдіс. 
Бұл әдістің негізінде адамда болатын түрлі белгілер мен 
қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын оның шыққан 
тегіне қарай зерттеу жатады. Ол үшін зерттелетін мәселе бойынша 
әкесі және шешесі жағынан бірнеше буын бойы мәліметтер 
жинақталып, соның негізінде шежірелік сызбанұсқа жасалады. 
Генеалогиялық әдіспен адамның кейбір қабілеттерінің, мысалы, 
музыкаға, шешен сөйлеуге, математикаға бейімділігі және т.б. тұқым 
қуалайтындығы анықталған. Ондай қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа 
беріледі. Айталық, музыкаға қабілеттілік әйгілі Бахтардың әулетінде 
болған. Мұндай мысалдарды өзіміздің қазақ дарындыларынан да 
келтіруге болады. Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай әулетінен тараған 
ұрпақтардың ішінде ақындар, сазгерлер, шешен сөйлейтіндер көп 
болған. Олар: баласы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет