«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет146/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
202
203
– Абай (Ибраһим); немерелері – Шәкәрім, Әбдірахман, Мағауия, 
Ақылбай және т.б.
Қазақ халқының біртуар азаматы, алғашқы академик атамыз 
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің бойындағы текті қасиеттерін 
зерттей отырып, ата- тегінің шежіресін құрастырдым.
Сәтбай қажы-беделді, елге сыйлы, ел арасында халықтың 
жағдайын ойлаған белді адам болды. Сәтбай қажының 4 ұлы болды.
Сурет 1
Қаныш Сәтбаевтің әкесі Имантай би ел арасындағы дау-
дамайға билік айтқан сайын өз есесін ұмытпаса – бөлек ауыл 
щыққаннан бергі он шақты жылда қолындағы дәулет неше есе 
көбейер еді? Алайда Имантай би парамен мал жиып, төрт түлігі 
сай бай болуды әу бастан тәрк еткен; жүгініске келген даугерлерге 
әділ төрелік айтып, тура қазы болуды жөн деп білген. Ақырында 
солай болды. Сәтбай ауылының көшбасшысы исі қаржастың мың 
айдаған байы болмай, қолы ашық, сері көңілді, аузы уәлі, билігі 
баянды әділ азаматы атанды.
Сәтбай аулының өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін 
өмір сүрген үлкендері Қаныштың анасы Әлима туралы әр алуан 
естеліктер айтады: ойлау қаблеті өте күшті, сөзге ұста болыпты, 
әрдайым орайын тауып сөйлеген; ескі әндерді көп –көрім 
шырқаған; жұмбақ, жаңылтпаш айтысқанда көп білетіндігімен, 
тапқырлығымен танылған. 
Өз жанынан шығарып айтқан көп жұмбағының бір үлгісі мынадай:
«Алыстан қара көрінді, қарайғанмен қара емес, қампайғанмен 
бөрі емес; арқасында азық көп, ірімшік емес, құрт емес, сары май 
емес, жем емес; жерге түсті, ін қазды, қарны өсті, сыздады, тиген 
жері қызарды; бұл не зат?..» 
Жауабы: «Әне, бүйі кетіп барады, біреуін өлтіре салыңдаршы!»-
деп жұмбағын өзі шешкен.
Анасының тапқырлық қасиеті мен әкесі Имантай би беделді 
және текті, елінің қамқоршы азаматы болған. Осы қасиеттерді 
бойына сіңірген Қаныш Сәтбаевтің шет мемлекеттерге барған 
кезінде сол елдің мұражайынан Қазақстанның оның ішінде 
Жезқазған өңірінің тасын танып, ажыратқан.
Шет елде қонақасында отырған кезде, Қаныш Сәтбаевтің 
тұлғасына, болмысына, кең маңдайлы толқын шашты келбетіне 
қызыға қараған жандар былай деген: «Қазақтың бәрі сізге ұқсаған 
ба?»-деп сұраған.
Сонда Қаныш Сәтбаев былай деп жауап берген: «Қазақ деген 
халық менен де биік, мен оның жанында кішкентаймын». Ғалымдар 
Қаныш Сәтбаевқа таңғалып қарайды. Бұл жерде Қаныш атамыздың 
өзінен ұлтын жақсы көретіндігі, заңғар биікке теңеу арқылы, қазақ 
халқының арда туған адал ұлы екендігіне көзіміз анық жетеді.
Қазақ этикасының категориялары мен ұстанымдары Қазақ 
әдебіндегі жиі қолдыланатын кісілік құндылықтың бірі – 
тектілік. Бұл ұғым ортағасырлық түркі философиясында да жан-
жақты қарастырылған (әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн және т.б.). 
Дәстүрлі қазақ мәдениетінде тектілік рулық және генетикалық 
қатынастардың басым мүдделілігін білдіреді. Тектіліктің нақтылы 
тарихи формасына жеті аталық үрдіс жатады. Қазақтың «жеті 
атасының атын білген бала, жеті рулы елдің қамын жейді» деген 
нақыл сөзі бар. Жеті аталық үрдісті әдебиетте инцестке тыйым 
салудың дәйекті түрі десе, көптеген зерттеушілер жеті аталық 
үрдісті «туысқандық қоғамның» айқын көрінісі деп қарастырады 
[12, 56]. 
Қорытынды: Қорыта келе, зерттеп оқыған, ізденген жұмыстарым 
бойынша түйгенім «тек», «жеті ата» үрдісінің қазақ халқы үшін 
алатын орны ерекше екендігне көз жеткіздім. Ата -дстүрді сақтап 
қажетіне жарата білген халық ешқашан ұрпағының санасын жаман 
дүниелермен улануына жол бермейді. Ұрпақ тазалығын және текті 
ата баласын тәрбиелеу әр қазақтың міндеті. 
Мен теориялық білім ала, зерттеу барысынды академик Қаныш 
Сәтбаевтің тегіндегі тектіліктің бастауы өз атасы мен ата-анасының 
бойындағы асыл қасиеттерге де байланысты екеніне талдау арқылы 
көз жеткіздім. Осыдан кейін өзімнің ата-тегіме деген қызығушылық 
ояна бастады. Алдағы уақытта өз тегім туралы шежіре бойынша 
ғылыми жобаны жалғастырмақпын. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет