«ОҚУШЫЛАР » сериясы «XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» 232
233
Жалпы модернизацияның маңыздылығын сауалнамаға
қатысқан адамдардың дауыстары бойынша бағалайтын болсақ,
ол 5 баллды жүйеде 4,52 деген бағаға тиісті болып тұр. Бұл
салыстырмалы түрде жоғары баға болғанмен, кейбір адамдардың
модернизацияның маңыздылығы жоқ деп белгілегенін байқауға
болады.
Сауалнаманың осы нәтижелеріне назар аударсақ, халықтың
көп бөлігі мұнай өңдеу зауыттарының модернизациясына
жағымды көзқарас білдірді. Бұл адамдардың модернизациядан өте
баянды нәтижелер күтетінін және оның болашақ Қазақстан үшін
маңыздылығы зор деп санайтынын көрсетеді.
Барлығына қоса, жауаптарын таба алмаған сұрақтарды
тереңірек қарастыру үшін, мен мұнайшы маманынан сұхбат алдым.
Ол - АМӨЗ Бас директорының дамыту және жаңғырту жөніндегі
орынбасары (келесіде - А мырза) болып табылады, сондықтан
оның осы салада сарапшы болып табылатыны сөзсіз. А мырзаның
сөзінше, бүгінгі таңда Қазақстан бензинінің 70 %-ы отандық
мұнай өңдеу зауыттарымен қамтамасыз етілсе, қалған 30 %-ы
шетелден импортталады. Бұл мемлекет үшін тиімсіз болғандықтан,
модернизация үрдісі көбіне осы мәселені шешуге бағытталған.
Жалпы модернизация үрдісінің 2018 жылдың бірінші жарты
жылында бітуі жоспарланды. Одан кейін Қазақстанның мұнай
өңдеу саласының жаңа деңгейге көтерілуі күтілуде: мұнай өңдеу
көлемі 16,5 млн.тоннаға дейін, ал тереңдігі 89 %-ға дейін жетеді
және дайын мұнай өнімдерінің сапасы еуропалық Еуро-4 және
Еуро-5 стандарттарына сай болады. Бұл тек қана ішкі саясаттағы
артықшылықтары болса, дүниежүзілік дәрежеде де Қазақстан өзін
ірі мұнай өнімдерін экспорттаушы елге айнала алатын болады, және
мұндай нәтижелер Қазақстан экономикасының дамуына зор әсерін
тигізетін болады.
Қорытындылай келе, Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарының
модернизациясы елдің тарихында бетбұрысты даму кезеңі болып
қалатынына менің күмәнім жоқ. Менің ойымша, бұл кезең
Қазақстанның болашағына зор әсерін тигізіп қана қоймай, бірақ
біздің еліміздің халықаралық аренада деңгейін көтере алады. Ал бұл
болса, мемлекеттің ең басты жоспарларының бірі «Қазақстан-2050»
бағдарламасының жүзеге асырылуына да ықпалын тигізеді.
Жоғарыда айтылып кеткен әртүрлі талдаулар мен анализдер
модернизацияның тиіміділігі басым және Қазақстан үшін рөлі зор
екенін дәлелдейді деп ойлаймын.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 http://www.baiterek.gov.kz/kz/programs/gpiir-2/
2 http://www.kmg.kz/kaz/deyatelnost/project/prm/
3 https://kmgrm.kz/company/blog/modernizaciya/
4 http://www.ratel.kz/raw/mendesh_salihov_u_nas_tri_
neftepererabatyvajuschih_zavoda_a_my_benzin_u_lukashenko_
pokupaem
5 http://www.zakon.kz/191613-kazakhstanskie-npz-budut-
vypuskat.html
6 http://www.atyrau.gov.kz/sites/atyrau.gov.kz/uploads/
upravleniya/upr_prirodn_resursov/obshestv_slushaniya/2016/v_forme_
otkrytyh_sobranii/70/70_proekt.pdf
7 https://otyrar.kz/2018/02/kazaxstan-budet-obespechen-toplivom-
do-90-v-2018-godu/
8 https://kapital.kz/gosudarstvo/63046/mocshnosti-kazahstanskih-
npz-posle-modernizacii-dostignut-16-5-mln-tonn.html
9 https://kmgrm.kz/press_center/publications/?ELEMENT_
ID=8647
10 http://neft-gas.kz/d/877050/d/amanturling.zh.osobennostimo
dernizatsiineftepererabatyvayushcheyotraslirespublikikazakhstan.pdf
11 https://informburo.kz/stati/modernizaciya-staryh-npz-i-
stroitelstvo-chetvyortogo-zavoda-ne-reshat-problemu-deficita-benzina.
html
12 http://abctv.kz/ru/news/kazahstan-hochet-prodavat-benzin-
sosedyam
13 http://belarusfacts.by/ru/belarus/economy_business/key_
economic/petrochem/
1 4 h t t p : / / s t u d b o o k s . n e t / 1 7 8 8 9 4 9 / g e o g r a f i y a /
neftepererabatyvayuschie_zavody_kazahstana