«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет164/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
228
229
ішкі нарығын толығымен мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін 
мұнай өңдеу қуаттылығын арттыру көзделуде [2]. 
Қазақстандағы модернизация ескі техника мен жабдықтарды 
жаңарту, және оған қоса, жаңадан заманауи қондырғыларды 
құрастыруға негізделген. Модернизация үрдісі айтарлықтай уақытты 
(6 жылдан астам), инвестицияларды (5 млрд. АҚШ долларға жуық), 
сондай-ақ құрылыс кезеңінде тартылған жұмысшыларды (9 мыңнан 
астам) талап ететін өте ірі жоба болып табылады, сол себептен оны 
жүзеге асыру үшін мемлекет бар ыждаһатын салуда [3]. Бірақ, оның 
Қазақстан үшін қаншалықты тиімді екенін анықтау үшін мәселені 
жете зерттеу керек деп ойлаймын. Ол үшін мен Қазақстанның мұнай 
өңдеу саласының қазіргі жағдайын Беларустікімен салыстырдым, 
модернизация тақырыбына SWOT анализ, сауалнама және сұхбат 
жұмыстарын жүргіздім, және оның нәтижелерін төменде ұсынамын.
Мұнай өндіру және өңдеу саласына еңбек сіңірген әйгілі 
мұнайшылардың бірі Салихов Мендеш Халелұлы интервьюлардың 
бірінде Қазақстанның мұнай өңдеу саласын Беларуспен салыстырып 
кетті. Оның сөзінше, Беларус елінде мұнай кен орындары жоқ, алайда 
ол Евро-5 стандарттарына сәйкес мұнай өнімдерін Қазақстанға 
экспорттайды. «3 мұнай зауыттары бар елге Беларустен мұнай 
өнімдерін импорттау ұят», - деп хабарлайды Мендеш Халелұлы 
[4]. Сол себептен мен бұл мәселені тереңірек қарастырып көрдім.
Кесте 1
Мемлекет
Беларус [13]
Қазақстан [14]
Мұнай кен орындарының 
саны
80-ге жуық
220-дан астам 
Жылына өндірілетін 
мұнай көлемі
1,645,000 тонна
80,000,000 тонна
Жылына өңделетін мұнай 
көлемі
24 млн.тонна
14,5 млн.тонна
Ірі мұнай өңдеу зауыттары 2 зауыт: ААҚ 
Мозырлық 
МӨЗ және ААҚ 
«Нафтан» 
3 зауыт: АМӨЗ, 
ПМХЗ, ПҚОП
Мұнай өнімдерінің қазіргі 
сапасы
К5
К2, К3
Модернизация болған 
уақыт
2013 жыл
2018 жыл
Берілген екі елдің мұнай өңдеу салаларын салыстыра отырып, 
олардың даму деңгейлерінің әртүрлі екенін байқауға болады: Қазақстан 
Беларуске қарағанда мұнай өндіру саласында табысқа жетсе, мұнай 
өңдеу саласында жағдай керісінше. Беларус елінің өзінде шикізат 
ретінде өңделмеген мұнай көлемі аз болғандықтан, Беларус шикізатты 
Ресейден импорттайды және, көрініп тұрғандай, Қазақстанға қарағанда 
тиімдірек пайдалана алады. Болашақта Қазақстанның мұнай өңдеу 
зауыттарның модернизациясынан кейін бұл мәселе шешіліп, Қазақстан 
Кеден Одағындағы одақтақтастарын қуып жетуі күтілуде. 
SWOT анализінің нәтижелері бойынша модернизацияның 
пайдалы жақтары өте көп, соның ішінде маңызды болып табылатын 
жақтары:
1 Жаңғыртылған мұнай өңдеу зауыттары тек сапалы және 
экологиялық таза өнім шығара алатын болады, яғни өндірілетін 
мұнай өнімдері еуропалық Евро-4 және Евро-5 стандарттарына 
сәйкес келетіндіктен, атмосфераға ластағыш заттардың шығарылуы 
азаяды [5]. 
2 Жаңа технологиялардың арқасында өндірістен өткен лас сулар 
арнайы тазартқыш ғимараттарда тазартылып, кайтадан колданылады. 
Бұл су ресурстарын үнемдеп пайдалануға мүмкіндік береді [6, б. 20].
3 Болжамдар бойынша модернизация 2018 жылы ішкі нарықтың 
мұнай өнімдерінің барлық түрлерімен толығымен қамтамасыз 
етілуіне себеп болады. Бұл импорт деңгейін азайтып, Қазақстанның 
энергетикалық қауіпсіздігіне, яғни импорттаушы елдерден тәуелсіз 
болуына, кепіл бола алады [7].
4 Модернизацияның арқасында мұнай өңдеу зауыттары адами 
ресурстарды тиімді пайдалана отырып, жұмыссыздық мәселесін 
шешуге зор әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда зауыттардың құрылыс 
алаңдарында және эксплуатация кешендерінде 10000-ға жуық 
жұмысшы еңбек етуде [3].
5 Модернизацияның арқасында жылына 13,8 млн тоннаның 
орнына 16,5 млн тонна мұнай өңдеу көлеміне қол жеткізе алатын 
боламыз. Оған қоса, мұнай өңдеу тереңдігі, яғни тиімділігі, 71 %-дан 
89 %-ға дейін артуы күтілуде [8].
6 Шетелдік технологияларды пайдаланудың жағымды 
жақтарының бірі Қазақстанның әлемдік тәжірибе алып, оны 
болашақ дамуында пайдалана алатындығы [9].
Енді модернизацияның әлсіз жақтарын қарастырып көрейік:
1 Мұнай өңдеу зауыттарының модернизациясы үшін 
қолданылатын технологиялардың барлығы шетелден импортталады, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет