«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет161/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
224
225
күрделі мәселелердің қатарына жатады. Осы бағытта жинақталған 
тәжірибелер бірқатар факторлардың, оның ішінде ең негізгілері – 
тұлғааралық қатынастар мен оқушыларды оқыту үдерісіне тарту 
негізінде сыныпта қалыптастыратын атмосфера екендігін көрсетті. 
Психологтардың пікірінше баланың тұлғалық психикалық 
қасиеттері өзіне қанағаттану әрекеттері арқылы қалыптасады. 
Сондықтан оқушының өзіндік әрекеті ұйымдастырылмаса, 
мұғалімнің балаға білім берудегі кез-келген әрекеті күтілетін нәтиже 
бермейді. Қиындықтарды жеңуде, жаңалық ашуда ең бастысы 
танымдық қабілетінің дамуына жағымды көңіл күй зор әсер етеді. 
Сол үшін сабақта мұғалімдер әр оқушыға психологиялық ахуал 
немесе жайлылық тудыру қажет. 
Сыныпта жайлы атмосфера құрудың қажеттілігін 
психологиялық тұрғыдан анықтау мақсатымен сабақ барысында 
арнайы тәжірибелік зерттеулер жүргіздік. Бұл зерттеулерде 
сыныптағы жайлы атмосфера мұғалім мен оқушы арасындағы 
сенімді қарым-қатынасты нығайтуға, жағымсыз көңіл-күйден 
арылуға, күш-қуат жинауға, өзін-өзі тануға, құрметтеуге, өзін еркін 
сезінуге көмектесетіндігі анықталды. Біз бұл зерттеу жұмысымызда 
тәжірибе барысында нәтижеге жетуде тиімді деп саналған 
психологиялық ахуалдар туралы сөз етпекпіз. Психологиялық ахуал 
оқушыларды еркін сезіндіріп, оларды секемдік пен сенімсіздіктен 
арылтудың тиімді амалдары болып табылады (психологиялық 
ахуалдардың мысалдары төменде берілді) [3, 181 б.]. «Сәлемдесу 
жоралғысы». Мақсаты – cенімділік пен құрметтілік атмосферасын 
құру. Жаттығу сұхбат алу нысанында өтеді. Оқушылар бөлме 
ішінде еркін жүреді, бір-бірімен амандасады және әңгімелеседі. 
Олардың міндеті кіммен көп сөйлеседі, солардың бәрінің бір-бірінен 
ұқсастығын мен ерекшелігін табу. Неғұрлым көп адамнан сұраса, 
ұқсастықтары мен ерекшеліктері қызықтырақ болса, соғұрлым 
жақсы болмақ.
«Құнды қасиеттерді жинау». Мақсаты–өзін-өзі тану, құрметтеу. 
Жүрекшені алып «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз... 
қайырымды адамсыз» деп жүрекшені алып жалғастырады.
«Қар көшкіні». Қатысушылар орындарынан тұрып, шеңбер 
құрайды. Оқытушы да оқушылар арасынан орын алады. Әрбір 
қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір 
сын есімін (эпитет) қосады. Мәселен, «Айгүл» есімі «А» әрпінен 
басталады, яғни Айнаш өз есіміне «алғыр» (немесе «алғыр», 
«айбынды», «асқақ», «айлалы», «арынды», т.б.) сияқты сын есімді 
қосады. Келесі студент те дәл осылай өз есімін атайды, оған сын 
есім қосады да, алдында тұрған барлық оқушылардың есімдері 
мен эпитеттерін қайталап шығуы керек: «Алғыр Айнаш, думанды 
Дәмеш, сабырлы Сейітжан, әділ Әбілғазы, асқар Асан, реңді 
Рызуангүл, жалынды Жомарт! Ал мен - берекелі Бақытпын!». 
Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға мұқият тыңдау мен зейін 
қою қасиеттерін іске қосу қажет. Оқытушының танысуды өзінен 
бастауына болады, ал егерде ол өзінің жады мен есте сақтау 
қабілетін көрсеткісі келсе, онда ең соңында жауап береді.
«Есім-акроним». Әр оқушы өз есімінің бастапқы әріптерінен 
өзін сипаттайтын (немесе өзіне тән) сын есімдер (эпитеттер) келтіруі 
керек. Мысалы, Айгүлдің былай деп жазуына болады:
А – алғыр
И – инабатты
Г – гүлденген
Ү – үлбіреген
Л – лапылдаған.
Тапсырма орындалғаннан кейін, әр оқушы өз жазғандарын 
жариялайды.
«Есім әріптерінен басталатын сөйлем». Оқушылар өз 
есімдерінің бастапқы әріптерінен сөйлем құрады. Мысалы, 
Айгүлдің мынандай сөйлем келтіруіне болады: «Айшықтай иілген 
гүл үзіле лүпілдейді». Тапсырма орындалғаннан кейін, әр оқушы 
өз жазғандарын жариялап, басқалар олардың есімдерін атайды. 
Бұл тапсырманың алдыңғы тәсілге қарағанда анағұрлым қиын 
екендігін ескеру керек, сол себепті де мұнда оқушылар келтірген 
сөйлемдердің құрылымы мен мағынасына аса сын көзбен қараудың 
қисыны жоқ. Бұл жұмыстың басты мақсат – танысу, көңіл-күйді 
көтеру деп түсінген абзал. 
«Өзі туралы кластер». Оқушылар танысу үшін өздері туралы 
кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы 
шеңберге өз есімдерін жазып, одан таратылатын шеңберлерге 
өздерінің өмірде «ойнайтын» бес негізгі рөлін жазады. Мысалы, 
жанұяда: біреудің баласы, әкесі, бауыры, ағасы; оқуда: шәкірт, 
сыныптас, жолдас; сабақтан тыс уақытта: дос, жолдас. Әр рөлден 
туындайтын шеңберлерге өзінің осы рөлдегі ахуалын сипаттайтын 
сын есімдерді жазады.
Жағымды психологиялық сезім қалыптастыратын және көңіл 
көтеретін ойын түріндегі ойсергектер. «Өзіңе тілегенді - басқаларға 
тіле!» Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет