«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет236/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
336
337
жалпы тұрғындардың, әсіресе сауда және өндіріс 
орталықтарынан шалғай орналасқан аймақтарда тұратын 
тұрғындардың төлем қабілеттіліктерінің төмендігі; 
– отандық нарық сыйымдылығының төмендігі және отандық 
кәсіпкерлердің жақын не алыс шетел нарықтарына шығу қиындығы.
Екінші орынды салық жүйесінің жеткілікті дәрежеде 
орындалмауы орын алған. Соңғы жылдары бұл мәселе басты 
орындарды алуда және шиеленіскен есеп беру жүйесі, салық 
ставкалары мен жиындарының жоғарылығы, шағын кәсіпорындар 
үшін жеңілдіктердің жоқтығы және салымдар мен төлемдерді жинау 
жүйесінің күрделілігі тәрізді түрлі кемшіліктерге ие.
Кәсіпкерлердің тұжырымы бойынша үшінші орында несие 
алу қиындығы, оның ішінде-микрокредиттерге (жоғарғы пайыздық 
ставкалар, несие мерзімінің қысқалылығы, кепілдік мүліктің жоқтығы 
және несиеге құжаттар толтырудың күрделілігі) қол жеткізу қиын [5].
Келесі мәселе, бұл шикізатпен қамтамасыз ету, оның пайда болу 
себептері: жоғарғы баға, сапа төмендігі, сапалы отандық шикізаттар 
мен жартылай фабрикаттардың болмауы және транспорттауға 
тарифтердің жоғарылығы.
Бесінші орынды мемлекеттік органдардың араласуы мен 
бақылауы бойынша мәселесі орын алған, оның пайда болу 
себептері уәкілдік құқықтарын асыра сілтеушілік, күштеушілік 
және қайырымдылық жасауға мәжбүрдеушілік. Бұдан басқа 
кедергілердің саны көп, солардың ішінде нарықтық және өндірістік 
инфрақұрылымның дамымағандығы. Көптеген кәсіпкерлердің 
ескертуі бойынша олардың өз кәсіпорындарын ашу барысында 
ақпараттың жетіспеушілігі тәрізді кедергілер көп кездескен. 
Кәсіпкерлер нарық конъюнктурасы, бәсекелестер саны туралы 
ақпараттарды көп қажетсінеді. Бірақ мұндай ақпараттардың 
болмауы салдарынан шағын кәсіпорындар өздерінің бастапқы 
стадиясында шығындалуына тура келеді.
Қоғамдағы дамудың бастапқы кезеңдеріне әлеуметтік теңдіктің 
деңгейі ең алдымен табыстар жүйесіне байланысты келеді. 
Өтпелі кезеңде экономика дағдарысқа ұшырап, қоғамда 
жұмыссыздық қалыптасқан кезде халықты мемлекет тарапынан 
жаппай қаржыландыру мүмкіншілігі қысқарды. Сонықтан, 
әлеуметтік қамтамасыздандару механизмін нарық жағдайына 
икемдеу және оны реформалау мәселесі күн тәртібіне қойылады. 
Бүгінгі күндері тұрғындардың көбі әлеуметтік қорғау мен 
қамтамасыздандыруы қажет еді.
Қазіргі кезде Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысу өте тиімсіз. 
Өйткені банктердегі кредиттердің пайызы 11-12 %, тіпті «Даму» 
кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында 6-7 % пайызды құрайды. 
Бірақ, осы орталықтың арқасында көптеген кәсіпкерлер өз бизнес 
жоспарын жүзеге асырады. Ол, әрине, жас кәсіпкерер үшін үлкен 
көмек, тегін оқуты, консультациялар беру, бизнес әлемінен 
көрініс алу, өз іргетасының берік фундаментін қалау, осының бәрі, 
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының жұмысы. Үкімет 
тарапынан көрсетілетін көмек те аз емес, себебі әр салалғы берілетін 
жеңілдіктер, жас кәсіпкер үшін қолдау. Міне, осынынң арқасында 
болашқта көптеген адамдар өз бизнесін қорықпай ашуда және 
біздің ойымызша ендігі қатардағы статистика мәліметтері жоғары 
деңгейге жетеді [6]. 
Осы күндері Қазақстанда экномикалық – әлеуметтік 
дамудың жаңа кезеңі басталды деуге болады. Экономика мен 
әлеуметтік дағдарыстың бұрын айтыла бермейтін себептерінің 
бірі – Қазақстанда мемлекеттік және азаматтық тәртіп пен 
жауапкершіліктің толық жетіліп, қалыптаспағанында. Бұл жағдай 
Елбасының Қазақстан халқына жолдауына «Қазақстан 2030» нақты 
да тура айтылған. 
Соңғы кездері мемлекеттік тәртіп пен жауапкершілік қолға 
алынып, қоғам мен экономикада жалпы тұрақтылық пен алға жылжу 
белгілері қалыптаса бастады. Сол себепті әлі де кәсіпкерлікпен 
айналысудың көптеген жаңа жолдары болады деген ойдамыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Н.Ә.Назарбаев Бауырларымызға құшағымыз ашық (Дүние 
жүзі қазақтары құрылтайының 1992 ж. 1 қазандағы салтанатты 
мәжілісіндегі сөзі) // Тәуелсіздігіміздің бес жылы. -Алматы: 
Қазақстан, 1996.- 55-57 
2 Т.Жанұзақов Экономика – Алматы: Дайк – Пресс, 2015– 968 
б., 956 
3 Г.М.Осипова Экономикалық теория негіздері. Алматы 2017 
4 «JA ақшадан да артық», И.Л.Энтина – Астана қаласы 2017. 
№3 – 29 
5 Экономика негіздері / Республикалық ғылыми әдістемелік 
педогогикалық журнал. Алматы. 2015 
6 Ж.О.Ихданов, Ә.О.Орманбеков «Экономиканы мемлекеттік 
реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2015




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет