«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
332
333
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРЛІКТІҢ
ДАМУ ЖОЛДАРЫ
ҚИБАДИ Ғ. К., КЕНУРБЕКОВ Е. Т.
оқушылар, «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, Павлодар қ.
АХМЕТОВА А. Е.
мұғалім, «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, Павлодар қ.
Қазіргі кезде шағын және орта кәсіпкерлікті ашу жоғары
деңгейдегі мәселе болып табылады. Себебі, адамдардың көбі өз
ісімен айналысар алдында көптеген сұрақтар мен мәселелерге тап
болады. Ол, әрине, бастау жолындағы кәсіпкерлер үшін үлкен үрей,
қорқыныш болуы мүмкін. Келесі мәселе – ол бәсекелестік. Қарсылас
компаниялардың бизнес жоспарымен, нарықтық экономикадығы
бағалармен танысып, оларды зерртеп, өз жоспарныды құрастыру
өте қиын. Сондықтан да болар адамдар көбінесе онымен айналыса
бермейді. Алайда, қазіргі заманауи кезеңде осы мәселені шешу
жолында түрлі кәсіпкерлерді қолдау мақсатында әр түрлі ұйымдар
кеңінен ашылуда.
Ол біріншіден, адамдардың оқу үрдісіне арналады. Яғни,
өз ісін ашқысы келген кәсіпкерлер тарапынан еш нәрсе талап
етілмейді, тек олардың бизнеспен айналысуға деген құштарлығы
мен қызығушылығы талап етіледі.
Екіншіден, орталыққа келуші кәсіпкерлерге әдістемелік көп
көмек көрсетеді, нақтырақ тоқталсақ, алдымен бизнес-жоспарды
құрастыруға өте зор мән беріледі. Оқу барысында өз кәсібі бойынша
құрастылған бизнес-жоспарын қорғауға бағытталады.
Үшіншіден, қол жетімді соммаға аз пайызбен кредиттер беріп,
кәсіпкерлерге жеңілдіктер қарастырады. Бұл кәсіпкерлер үшін
таптырлмас қолдау болып табылады.
Қазіргі кездегі кәсіпкерлікті ашу жоғары деңгейдегі мәселе
болып отырған соң, біз Павлодар облысында кәсіпкерлікті дамыту
жолдарын анықтауды мақсат ете отыра зерттеу жұмысына осы
тақырыпты таңдадық.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
– Павлодар облысындағы «Бизнестің жол картасы-2020»
бағдарламасын жүзеге асыру рейтингісін анықтау;
– Павлодар облысындағы кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын
анықтау;
– «Даму-Көмек» бағдарламасының іске асуын анықтау.
Зерттеу жұмысының болжамы: Павлодар облысының
кәсіпкерлерінің нарықтық заман кезінде дамуы, мүгедек адамдарға
көмек көрсетілу жүзеге асып отырса, Павлодар облысында
кәсіпкерлікті дамыту жолдары артуы сөзсіз екенін дәлелдеу.
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін
кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып
табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік
экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі.
Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің
көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын
дәлелдейді. Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп
жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез
келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы
бар». Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен мән қойылып,
бірқатар заңдар мен жарлық, қаулылар қабылданған [1, 55 б.].
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктегі белсенді
жұмыспен қамтылғандар саны қаңтар бойынша 1851 926 құрады.
2017 жылғы 1 тамыз шағын және орта кәсіпкерлік секторының
құрлымына келетін болсақ, үлес салмақ бойынша белсенді
субьектілер саны – 90,5 %; жұмыспен қамтылғандар саны – 102 %,
2017 жылғы 1 шілдегі Қ.Р. – да ШОК белсенді субьектілердің саны
– 764 247, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 62 807, орта
кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 8 334, дара кәсіпкерлер – 527 941,
шаруа (фермер) қожалықтары – 165 165. 2017 жылғы шілдедегі
ШОК субъектілерімен өнім шығарылымы, млн. теңге есебі бойынша
барлығы – 2 554 557, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар –
667 315, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 702 631, дара
кәсіпкерлер – 832 025, шаруа (фермер) қожалықтары – 352 586.
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің
мониторингі бойынша, 2017 жылғы шілдедегі өткен жылғы
шілдемен салыстырғанда өнім шығарылымы (салғастырмалы
бағаларда) 0,3 %-ға, жұмыспен қамтылғандар саны - 2,0 %-ға өсті,
белсенді субъектілер саны 9,5 %-ға төмендеді. 2016 жылғы қаңтарда
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім шығарылымы
630,3 млрд. теңгені құрады. ШОК субъектілерінің жалпы санында
дара кәсіпкерлер үлесі 69,1 %, шаруа (фермер) қожалықтары
- 21,6 %, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 8,2 %, орта
кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 1,1 %-ды құрады.
Қорытындылай келгенде, Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік
субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды.
|