Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «9-сынып оқушыларына функционалды стильдерді игеруде тілдік портфельді ұтымды пайдалану жолдары» 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


тілдік портфельде «Cөйлеу және кітаби-жазба стиль»



Pdf көрінісі
бет35/44
Дата11.04.2022
өлшемі1,15 Mb.
#138810
түріДиплом
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44
Байланысты:
Ғымынбек Ғ дипломдық жұмыс (1)

5 тілдік портфельде «Cөйлеу және кітаби-жазба стиль» 
тақырыбына арналады.
«
Басқа тілдер сияқты қазақ тілінің де әртүрлі стильдері бар. Олар: 
сөйлеу стилі және кітаби-жазба стильдер. Сөйлеу стилі белгілі бір жағдайда 
тікелей жасалатын қатынас стилі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша 
формасымен тығыз байланысты. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді. 
Яғни үйреншікті жағдайда адамдар қысылмай еркін сөйлейді. Өйткені онда 
күнделікті өмірге байланысты мәселе сөз болады. Сондықтан сөйлеу 
тақырыбына сай тұрмыста көп жұмсалатын үйреншікті сөздер мен сөз 
тіркестері қолданылады. Мысалы: 
-
Қалайсың, бәрі жақсы ма? 


47 
-
Ойдағыдай, жаман емес. 
-
Демалыста қайда боласың? 
-
Үйде. 
Демек, сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігін жасайтын айрықша белгісі - 
жағдаятқа байланысты сөйлеу мәнері.
 
Әдеби тіл жалпыхалықтық тілдің ауызша және жазбаша 
түрлерінің негізінде қалыптасады. Сондай-ақ жалпыхалықтық тілдің ауызша 
және жазбаша формалары мен оның стильдерінде тілдік белгілерді сөз тіркесі 
сөйлем қалай қолдану қажет екендігін көрсетедi 

Стиль дегеніміз
өмірдің белгілі бір саласында қолданылып , тарихи 
қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі. Тіл қолданысына қарай стиль 
мынадай топтарға ажыратылады: 
1. Сөйлеу стилі
2. Кітаби –жазба стиль
Сөйлеу стилі. 
Сөйлеу тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті 
қатынаста пайдаланылады. Сөйлеу тілі диалогтан құралады. Диалог
репликалар тізбегінен тұрады да, қысқа тұжырымды болып келеді. Сөйлеу 
тілінің ерекше бір түрі –монолог. Монолог - бір кісінің сөзі.
 
Монологты 
сөздер күрделі ойға құрылып, әр түрлі тәсілмен жеткізіледі. Монолог әдеби 
сөйлеу үлгісіне жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет