Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


-тақырып. б.з.д. ІІІ ғ.-ХІХ ғасырдың басындағы



Pdf көрінісі
бет102/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

1.5.2-тақырып. б.з.д. ІІІ ғ.-ХІХ ғасырдың басындағы 
Үнді және Оңтүстік-Шығыс Азия сәулеті 
(Тақырып өз бетімен оқу үшін ұсынылады)
Ортағасыр сәулетінің дамуын анықтайтын қоғамдық-саяси, 
экономикалық жағдайлардың жалпы сипаты. Үнді сәулетінің даму 
тарихының кезеңдері.
Діни-философиялық жүйелер – брахманизм, буддизм, 
индуизмнің діни ғимараттар мен имараттардың қалыптасуына 
ықпалы. Солтүстік және оңтүстік аудандар сәулеті, оның айрықша 
ерекшеліктері. Мұсылман сәулетінің ерекшеліктері: Аградағы 
Тадж-Махал кесенесі, ансамбль композициясы. Үндінің оңтүстік 


107
облыстарының діни сәулетшілігі, индуизмнің ықпалы. Каджурахо, 
Танджавур, Чидамбарамдағы ғибадатхана кешендері. Буддизмнің 
негізгі құрылыстары – «чайтья», «вихара», брахман ғибадатханалары 
(«мантапам», «дравида-шикхара», «нагара-шикхара» түріндегі). 
Жартас және құйматас ғибадатханалар. «Вимана» және «гопурам» 
түріндегі мұнаралы қондырмалар. Ислам ықпалынан тараған Үнді 
сәулетіндегі аркалы-тоғыспалы, күмбезді конструктивтік жүйелер.
Тас сәулетшілігінің ежелгі үнді ағаш сәулетімен байланысы, 
оның бейнелеу-мүсіндік сипаты. Үнді сәулетінің византиялық және 
араб сәулетшілігінің мұрасымен байланысы.
Үнді сәулетінің Индонезия, Малайя, Үндіқытай түбегінің 
құрылыс мәдениетіне тигізген ықпалы. Боробудур ғибадатханасы.
Бирма, Таиланд, Камбоджидің монументті сәулеті. Жергілікті 
діни және сарай құрылыстарының ерекшеліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет