1.5.3-тақырып. ІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қытай және
Жапония сәулеті
(Тақырып өз бетімен оқу үшін ұсынылады)
Қытай сәулетінің даму кезеңдері, құрылыс түрлері («дянь»,
«лоу», «тай», «лан», «тин»). Қытай ғибадатханалары. Еңісті төбе
конструкцияларын жетілдіру, олардың пішінін күрделендіру
(иілімнің пайда болуы); материалына байланысты ғибадатхананың
сан алуан түрлері (ағаш, кірпіш, шойын, қола). Пекиндегі император
сарайларының кешендері, композиция ерекшеліктері. Буддизм мен
конфуцийшілдіктің ғибадатхана ансамбльдерінің сәулетіне ықпалы.
Өткен дәуірлер сәулетінің үлгілерін жаңарту және заңдастыру.
Биік имараттардың сейсмикалық төзімді конструкцияларын
жасауда ағаш сәулетшілігінің жетістіктері. Хорюдзи монасты-
ры және Парадағы Ұлы Будда ғибадатханасы. Тұрғын және діни
құрылыстардың түрлері. «Кондо» залдары; «синдэн» түріндегі үй-
жайлық кешендер. «Сеин» түріндегі тұрақ жай – дәстүрлі жапон
тасымалы үйлері сәулетінің қалыптасуы. Кейінгі феодализмнің тас
құрылыстары; сарай ансамбльдері, сарай кешендері мен пейзаждық
саябақтар композициясының бірлігі. Киотода Кацураның қала
сыртындағы сарайы. Ортағасырдағы жапон сәулетінің әлемдік
сәулетшіліктің дамуына ықпалы, Шығыс сәулетінің жалпы сипаты,
жергілікті құрылыс мәдениетімен байланыс.
108
Достарыңызбен бөлісу: |