109
Ерте Қайта өрлеу дәуірі сәулетінің ерекшеліктері
1. Реалистік өмір орнықтырушы сипат (антикалық ордерлік
жүйені қолдану, имараттарда жер бетіндегі сезімдерді
көрсету);
2. Ақсүйектерге арналған имараттар (Құрылыста азаматтық
имараттар басты рөл атқарды: палаццо – ақсүйектердің
қаладағы оңаша үйлері, қала сыртындағы виллалар, баспана-
лар, кітапханалар және басқа мәдени имараттар);
3. Антикалық үлгілерді зерттеу негізінде сәулет теориясы
өркендей бастайды;
4. Жаңа құрылыс техникасының пайда болуы; техника және ме-
ханикаландыру дамиды (блокты жүйемен көтергіш кран ой-
лап табылады);
5. Жебе тәрізді конструкциялардың орнын цилиндр тәрізді және
төрттаған-күмбезді тоғыспалар, желкенді конструкциялар ба-
сады;
6. Композициясында готикалық стильдегі жоғары бағытталған
тік емес, орталықтандырылған және перспективалы-
ұйымдастырылған көлденең басым болып келетін жаңа сәулет
ансамбльдерін жасау.
Достарыңызбен бөлісу: