117
қалдырылып, бас қасбет композицияда жетекші орынға иеленді.
Собордың шығыс жақ бөлігінде шамалы
ауытқулармен Браманте
жоспарының композициясы сақталған.
4. Жаңа жобаны 1536 жылы А.да Сангалло құрастырды. Собор
құрылысы жаңартылып, 1546 жылы жалғастырылды.
5. Барокко белгілері пайда болғанда сәулетшіліктің жаңа даму
желісі 1547 жылы Әулие Петр соборының
құрылысын басқарған
Микеланджело Буанаротти қызметінде айқын көрініс табады. Мике-
ланджело Браманте жоспарының сұлбасына оралады, бірақ орталық
күмбез астындағы кеңістікке баса мән береді. Осы мақсатпен барлық
бүйір жақ бөлмелер қысылып, бұрыштағы мұнаралар алынып таста-
лады. Бағандардың ауыр салмағы биіктігі 46,2 м., 27,5 м орасан зор
астаукеңістіктің шынайы көлемін қабылдауды қиындатады. Күмбез
астындағы кеңістіктің жарық күнтартарына дейінгі биіктігі 123,4 м.
6. 1604 жылы Павел V папаның талабымен сәулетшілер
Карло Модерна мен Доменико
Фонтана собор жоспарындағы
грек төрттағанының алдыңғы тармағын ұзартып,
оны латын
төрттағанына айналдырған ғибадатхананың бойлық астау кеңістігін
жасауға кірісті. Сонымен ғимаратты бас қасбеттен қабылдау едәуір
бұрмаланып кетті: имарат өзінің ірі масштабын жоғалтты. Сонымен
қатар Д. Фонтана қасбеттерді Италияда басым барокко стилінде
өңдеді, барабанға қосарланған бағаналар енгізді.
48-сурет
118
1667 жылы сәулетші Бернини собор алдына ұстынтізбекті тра-
пеция тәрізді алаң жасайды
(48-сурет).
Қарағанда соборға дейінгі
аралық оның бас қасбеті кіші сияқты көрінеді. Ұстынтізбек биіктігі
собор бағытына қарай азаяды, сондықтан әуелгісінің әсерін түзететін
кері әсер қалдырады.
Трапеция тәрізді ұстынтізбекке
қарапайым классикалық
пішіндегі жарты шеңберлі ұстындар жалғасады. Оның ортасында
биік ескерткіш орнатылған, ал көлденең осіне екі субұрқақ қойылған.
Достарыңызбен бөлісу: