Барокко стилінің дамуында: Ерте барокко - ХVІ ғасырдың соңы және ХVІІ ғасырдың бірінші
отыз жылында;
Кемеліне жеткен барокко - ХVІІ ғасырдың 30-жылдарынан бас-
тап ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі (кейбір елдерде ХVІІІ ғасырдың
ортасына дейін) кезеңдерді ерекше атап көрсетуге болады.
Италиядағы ерте барокко ХVІ ғасырдың соңында Италия экономикасы толық құлдырады.
Құрылыс тек Римде және айқын көрініс тапқан барокко стилінің
дамыған оның төңірегінде ғана өркендейді. Римде: Доменико Фон-
тана, Карло Модерна сынды ең атақты сәулетшілер еңбек етеді. 1614
жылы Әулие Петр соборының вестибюлін аяқтайды.
Доменико Фонтана өз шығармашылығын кейінгі Қайта өрлеу
дәуірінде-ақ бастайды. Әулие Петр соборының құрылысынан
басқа, папалар резиденциясы ретінде ХІІ ғасырдың басында-ақ
тұрғызылған Латеран сарайын қайта құрады. Ол базилик тұрғызып,
маңдайша қабырғасын мүсінмен аяқтады. Сарай өте зәулімділік
элементтеріне ұмтылады. Карло Модерна шығармашылығына
Римдегі Әулие Сусанна шіркеуі жатады (1596-1603 ж.). Шіркеудің
бір ғана қасбеті, тік босатпалы маңдайша қабырғасы, кіші волюта-
лары, мүсін орнатылған жалған терезелері бар.