124
және Дофина алаңындағы (Париж) құрылыстар француздық Қайта
өрлеу сәулетінің өзгеше үлгісі ретінде.
Готикалық және ренессанстық тәсілдер үйлесімі. Имараттың
жетекші түрлері – қоғамдық ғимараттар (биржалар, базарлар, ратуш-
тар, қоймалар). Француздық сәулетшіліктің Нидерланд сәулетіне
ықпалы. Имараттардың жетекші түрлері. Антверпендегі ратуша,
Гарлемдегі ет базары.
Англия қорғандары сәулетінде Қайта өрлеу дәуірінің жаңа
сәулеттік пішіндері мен композициялық сұлбалары; дәстүрлі
готикалық стилистиканың жолын қуушылықты жеңу. Ағылшын
сәулетшілігінде готика мен Қайта өрлеу дәуірі элементтерінің
үйлесімі.
Германияда Қайта өрлеу дәуірі сәулетінің ерекшеліктері,
готикалық және ренессанстық пішіндер үйлесімі, жергілікті
сәулеттік шешім нұсқаларының сан алуандығы. Қала сыртындағы
сарайлардың жүйелі жоспарлануы. Сәулеттік жоба үлгілерімен
альбомдардың және сәулет теориясы бойынша кітаптардың басылып
шығуы. Құрылыс мәдениетінің өсуі. Бедерлі пластика, қасбеттердің
нәзік өрнектері (Падерборндағы ратуша).
Испанияда Қайта өрлеу дәуірі сәулетінің дамуы; роман-
готикалық және мавритандық стилистиканың қосылуы. «Платерес-
ко», «Мануэлино» стильдері. Испан сәулетіндегі жаңа бағыттар;
сәулетші Эррераның шығармашылық әдісі. Эскориал сарай-мо-
настыры. Португалияның монументті имараттарында антикалық
мотивтердің пайда болуы.
Достарыңызбен бөлісу: