125
Барокко кейінгі Қайта өрлеу дәуірінде Италияда пайда бол-
ды. Оның қағидалары ордерінің конструктивтік логикасы бар
Ренессанстың айқын және жайлы үйлесімінің орнына үстемдік
етуші буржуазия мен жер аристократиясының талаптарына жауап
беретін аз тәсілдермен ең үлкен сәулеттік мәнерлілікке талаптану
келген шақта ХVІ ғасырда гүлденудің шарықтау шегіне жетті.
Барокко стиліне:
• айбындылық пен сәнділікке талпыну;
• жоспарлардың күрделенуі;
• интерьерлердің байлығы мен әдемілігі, кескіндеме, айна мен
мүсінді кеңінен пайдалану;
• қисық иілімді сызықтар мен сыртқы беттің молдығы;
• бейнелердің қарама-қарсылығы, шиеленушілігі, бұлдыр-
лығы, динамикалығы тән.
Достарыңызбен бөлісу: