ХVІІІ ғасырдағы Франция сәулеті
(рококо және классицизм)
ХVІІ ғасыр соңында абсолюттік құрылыстың басталып
келе жатқан құлдырауы реалистік стильдің ыдырауына әкеледі.
Интерьерлерді безендіру бөлшектері қитұрқылы, боямалы, ай-
налар, пастораль тақырыптарға кескіндемелік панно кеңінен
пайдаланылған. Бөлме жоспарлары қисық сызықты, дәліздер, шлюз
бөлмелер пайда болады.
Осындай стиль рококо деген атауға ие болады (қабыршақ
пішініндегі сәнді элемент атауынан шыққан).
Дегенмен ХVІІІ ғасырдың ортасында пішіндердің қатаңдық,
қарапайымдылық және айқындығына қарай рококоның елесті
пішіндерінің қалдығы байқалады. Бұл монархиялық жүйе мен
идеологиялық элементтерге қарсы бағытталған идеологиялық
өзгеріске байланысты болды.
Француз төңкерісінен кейін 1789 жылы сәулеттің әлеуметтік
және экономикалық негізі едәуір өзгерді. ХVІІІ ғасырдың
екінші жартысы және ХІХ бірінші отыз жылында Францияда
классицизмнің жаңа даму кезеңі – неоклассицизм Еуропа елдеріне
кеңінен тарайды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы класси-
цизм өткен ғасыр сәулетінің қағидаларын біршама дамытты. Де-
генмен, сәулеттегі жаңа буржуазиялық-рационалистік идеялар –
пішіндердің қарапайымдылығы мен классикалық айқындылығы өнер
демократизациясының символы ретінде түсіндірілді. Француздың
жүйелі саябағының орнын ағылшынның пейзаждық саябағы басты.
Сәулет «адами» және тиімдірек бола бастайды: ғимарат бөлмелері
132
функционалдық бөлінеді. Қала құрылысында алғаш рет бүкіл қалаға
арналған жоспар құрылады.
56-сурет
Төңкерістен кейін ірі сарай имараттарының құрылысы
тоқтатылады және шағын, бірақ қолайлы қала үйінің жаңа түрі,
аристократия мен буржуазияға арналған оңаша үй – мейманхана-
лар пайда болады. Осындай құрылыстың айқын үлгісі сәулетші
Ж. А. Габриэльдің Версальдағы Кіші Трианон мейманханасы (1762-
1768 ж.) болып табылады
(56-сурет).
Бұл – саябақ ішінде орналасқан
шағын екі қабатты үй. Жоспарда қарапайым, қабырғаларының үлкен
сыртқы беттері тегіс, сарай бөлшектерінің әдемілігімен жарқырап
тұр: биік нары, шығыңқы ірге қабаты (қызметтік бөлмелермен) және
үстінде тізбек қоршауы бар.
Неоклассицизмнің тағы да бір өкілі - Ж. Ж. Суффло. Оның 1764-
1781 жылдары салынған париждік Пантеоны (бұрынғы Әулие Же-
невьев шіркеуі) төрттағанды жоспарға негізделген. Бас қасбеттен
қарағанда – бұл әдемі кесілген маңдайша қабырғалы және сақиналы
ұстынтізбегі бар барабаннан тігінен аяқталған және диаметрі 20 м.
биік күмбезді қалың коринф ордерінен тұратын монументті компо-
зиция. Күмбездің үш қабықшасы бар
(57-сурет).
Неоклассицизмнің дамуы ампир стилінің пайда болуымен
аяқталды.
133
Достарыңызбен бөлісу: |