Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


-сурет ХІХ ғасырдың басында Франция сәулеті



Pdf көрінісі
бет130/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

57-сурет
ХІХ ғасырдың басында Франция сәулеті 
(Ампир және эклектика)
ХІХ ғасырдың басында Францияда Наполеон І сарай 
құрылыстарын аяқтауға және Париждің орталық бөлігіндегі 
көшелерді түзеу бойынша қала құрылысы жұмыстарына барлық 
негізгі қаражатты бөлді. ХІХ ғасырдың бірінші отыз жылында қала 
орталығында бірнеше алаң ансамбльдері аяқталды. Субұрқақтармен 
және ескерткіштермен безендірілген бір биіктіктегі жоспарланған 
және салынған ғимараттар француздық астанаға қайталанбас кескін 
берді. Осы кезде салтанатты аркалар және басқа салтанатты сәулет 
нысандары салынады (Жұлдыз аркасы 42,5 м, Кароссель алаңының 
аркасы, Вандом бағанасы және басқа).
Наполеонның сансыз көп жорықтары ХІХ ғасырдың басында 
Мысыр мен оның мәдениетінің «екінші рет» ашылуына, сондай-ақ 
Рим мен Грецияның антикалық сәулетін ынталы зерттеуге әкелді. 
Әскер буынының рухын орнатқан Наполеон І римдік әскериленген 
империя стилін мысымен басты. Рим мәдениетінің элементтері 
жаңа стильдің басын бастады. Қатаң салмақты монументті пішіндер 
мен әдемі әшекей (әскери эмблемалар, тулар, қару), ірі кекірейген 


134
пішіндердің барлығы жаңа стиль – ампирдің белгілері болып табы-
лады («империя» деген сөзден шыққан).
ХІХ ғасырдың ортасында империя құлаған кезеңде капи-
тализмнің жылдам дамуы басталды. Құнды сәулет жобаларын 
жүзеге асыруға ақша қаражатын жұмсау күрт төмендеді, стильдер 
мен тәсілдердің жүйесіз қосылуы, эклектиканың пайда болуына 
әкелді. Бұл уақытта ешқандай сәулеттік жаңалықтар болған жоқ 
(антикалыққа, готикаға қарағанда) Сәулет имараттарында антикалық, 
романдық, готикалық және әртүрлі дәуірдің басқа мотивтері басым 
бола бастады.
Эклектикаға 
жаңа 
құрылыс 
материалдары 
мен 
конструкцияларының пайда болуы да мүмкіндік туғызды. Мы-
салы, 1867 жылы бақташы монье темірбетонды «ойлап тапты». 
Металлургиялық өнеркәсіптің қарқынды өсуі металдың түрлі сала-
ларда, соның ішінде құрылыс пен көпір құрылысында қолданылуына 
мүмкіндік туғызды. 
Бұл уақытқа алғашқы металл көпірлердің пайда болуы жатады. 
Көпір құрылысы қала сәулетіне белсенді ықпал ететін бағдарламалық 
бағыттардың біріне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет